БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

17 Қараша 2020, 11:51 pm
53 рет оқылды

2020 ж. 16-20 қараша аралығында, Финляндияның қолданбалы ғылымдар университеттерінің мамандары екінші «Мейірбикелік білім берудегі құзыреттілікке негізделген оқыту және бағалау әдістері» атты мастер-классын өткізіп жатыр, «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының қызметкерлері қатысуда. Бірінші бөлім 2020 жылдың 12 мен 16 қазан аралығында өтті.

Оқыту бағдарламасының мақсатты тобы медициналық университтер, медициналық колледж, жоғары медициналық колледж оқытушылары, барлығы 48 қатысушы.

Мастер-класстың мақсаты - оқытудың әртүрлі заманауи әдістері мен құзыреттілікке негізделген бағалау әдістерін жүзеге асыруға қатысушылардың құзыреттілігін арттыру, құзыреттілік негізінде мейіргерлік білім беруді сыни тұрғыдан бағалау және жетілдіру, мейіргерлік білім беру мен мейіргерлік іс-тәжірибенің болашақ тенденцияларын түсіну қабілеттерін арттыру.

Онлайн-дәрістерді PhD докторы, Ювяскюля (JAMK) Йоханна Хейкила, Ханна Наакка, лицензияланған мейіргер, Häme қолданбалы ғылымдар университеті (HAMK), Финляндия өткізуде.

Мастер-класс барысында қатысушыларға Zoom бағдарламасында сессия бөлмелерінде топтар бойынша тапсырмалар беріледі.

1579 1

Курстың ортасында қатысушыларға құзыреттілікке негізделген тәсілдерді оқытатын мұғалімнің рефлексиялық күнделігін жазу тапсырылды.

Студент-бағытталған оқыту әдісін / бағалау әдісін таңдап, оны оқыту процесінде қолдану керек, Гиббстің рефлексиялық циклінің барлық кезеңдерін қолдана отырып, осы пайдалану тәжірибесі туралы қысқаша баяндама жазу қажет болды. Байқау жарияланды. Ең жақсы орындалған үш тапсырма үшін дипломдар берілді.

Байқау қорытындысы бойынша Айзат Әшімхановна Сейдахметова 1 орын иеленіп жеңімпаз деп танылды, 2 орын Умида Абдывалыевна Ходжакуловаға бұйырды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс тілейміз.

1579 2

1579 3

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар