Сапаны қамтамасыз ету жайлы форум

6 Қазан 2020, 11:19 pm
72 рет оқылды

2020 жылдың 2-қазанында ОҚМА қызметкерлері жыл сайын тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (АРТА) өткізетін еуропалық желілердің қатысуымен білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі IV Орталық Азия форумына қатысты.

1560 1

Ағымдағы форум сапаны қамтамасыз ету жүйесін, аккредиттеу мен рейтингтік зерттеулерді дамытудағы стандартты емес тәсілдерді талқылауға, сапа мәдениетін дамытуға үлес қосатын және білім беру, еңбек нарығы және жалпы қоғам өкілдері арасындағы сындарлы өзара әрекеттесуге ықпал ететін халықаралық ұйымдармен және агенттіктермен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

1560 2

Форумға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғызыстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Молдова Республикаларының Білім және Ғылым Министрліктері, жоғары білім беруде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің, шетелдік аккредиттеу органдарының, білім беру саласындағы халықаралық ұйымдардың, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

1560 3

Пленарлық мәжіліс спикерлерінің сөйлеген сөздерінде пандемия жағдайында университеттердің жұмыс тәжірибесіне қатысты сұрақтар көрініс тапты.

Форум аясында онлайн секциялар ұйымдастырылды, онда стратегиялық бастамаларды іске асыруға қатысты негізгі мәселелер талқыланды:

1. Білім беру сапасын қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесі.

2. Білім беру сапасының құрылымы.

3. Ғылым мен білімнің интеграциясы: цифрлық дәуірдің жаңа тенденциялары.

Форумның ұйымдастырушылары мен қатысушылары пікірталастар мен пікірсайыстардың нәтижелері жоғары оқу орындарындағы білім сапасының әлеуетін арттыруға әсер ететініне сенімді.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар