«INFECTION STAR» ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

22 Қыркүйек 2020, 6:14 pm
96 рет оқылды

2020 жылдың 15 қыркүйек айында жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс бакалавр студенттері арасында «Infection Star» онлайн конференциясы өтті.

1557 1

Онлайн конференцияны өткізудің негізгі мақсаты студенттердің «Жұқпалы аурулар» пәніне тәжірибелік қызығушылығын арттыру.

1557 2

1557 3

ЖМҚА-09-17, ЖМҚБ-09-17, ЖМҚА-10-17, ЖМҚБ-10-17, ЖМҚ-11-17 топтарының студенттері кафедраның профессорлық-окытушылар құрамының басшылығымен ҚР эпидемиологиялық жағдайлары жөнінде презентациялар дайындады, және де қашықтықтан оқытудың мәселелері мен спецификасы және соған байланысты студенттер арасындағы үрей мен депрессияны зерттеді.

Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасынның меңгерушісі профессор, м.ғ.к . Г.Н.Абуованың алғы сөзінен кейін жұқпалы аурулардың ең өзекті тақырыптары бойынша 6 баяндама тыңдалды:

1. Ауа-тамшылы инфекциялары (Таңсықбай С.Ә.,студент ЖМҚА-09-17 ).

2. «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша қашықтықтан білім алатын 4 курс студенттері арасындағы үрей мен депрессия деңгейі (Мұратбек Г., студент ЖМҚА-10-17).

3. Ботулизм (Сансызбай С, студент ЖМҚБ-09-17).

4. Қашықтықтан оқыту үрдісі студенттерді қанағаттандырады ма? (Еркебаев Е.Қ., Студент ЖМҚА-10-17).

5. Түркістан облысында бруцеллездің кене арқылы берілу, берілмеу ықтималдылығын зерттеу алғышарттары (Әбдіхан А., Жолдасов Н. Студенты ЖМҚБ-10-17).

6. Қазақстандағы бруцеллездің эпидемиологиясы. (Төле Т., Студент ЖМҚ-11-17).

Онлайн конференцияның қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті: I – орын ЖМҚА-10-17 топ студенті Мұратбек Г., II-ші орын ЖМҚА-10-17 топ студенті Еркебаев Е., III-ші орынға ЖМҚБ-10-17 топ студенттері Әбдіхан А., Жолдасов Н. сертификаттар мен грамоталар тапсырылды.

Бұл іс-шара бакалавриатта оқытудың тиімді түрі болып табылады.

1557 4

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар