Дүниежүзілік банк жобасын жүзеге асыру

22 Қыркүйек 2020, 10:57 am
95 рет оқылды

 

1556 2

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Дүниежүзілік банктің «Қазақстан Республикасында фармацевтикалық білім беруді инновациялық дамыту» жобасы шеңберінде Абуали ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетімен бірлесіп іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда (ТММУ).

Жобаның техникалық тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 15-16 қыркүйегінде ОҚМА жұмыс тобының мүшелері ZOOM платформасында онлайн семинар өткізді.

Спикер, оқу-әдістемелік орталықтың жетекшісі Ибрагимова А. Г. Қазақстандағы фармацевтикалық білім берудегі Болон процесінің мәселелерін атап өтті, ОҚМА-да кредиттік-модульдік оқыту жүйесін жүзеге асыру тәжірибесімен таныстырды.

Фармация факультеті деканының орынбасары Сейдалиева С. К. фармацевтикалық кадрларды даярлаудың халықаралық тәжірибесі туралы материалдар ұсынды.

ТММУ фармацевтика факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін оқытудың жаңа технологиялары бойынша тағы төрт семинарлар мен тренингтер жоспарланған.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар