Қош келдің, жас түлек!

2 Қыркүйек 2020, 10:25 am
101 рет оқылды

2020 жылдың 01 қыркүйек күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының үлкен мәжіліс залында Білім күніне арналған салтанатты іс-шарасы өтті. Аталған шара онлайн өткізіліп, әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілім жасалды. Жиынға Ғылыми кеңес мүшелері қатысты.

1549 1

Құттықтау сөзімен бастаған оқу орнымыздың ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы іс-шараны ашып берді. Ал факультет декандары Б.Долтаева, К.Дауренбеков, А.Кушкарова оқу жылының басталуымен құттықтап, ең бақытты студенттік жылдарды бастарынан кешулеріне тілектес болып, білім алу жолында сәттілік тіледі. Әр декан өз факультеті бойынша ақпарат беріп, жасалынып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

1549 2

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім тәрбие жұмысының негізгі бағыттарына тоқтала келе, «Болашақ» академиялық жастар орталығымен таныстырып шықты.

1549 3

Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, белсенді студенттердің студенттік гимнді орындауымен аяқталды.

1549 4

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар