Құрметті білім алушылар!

24 Тамыз 2020, 11:06 am
176 рет оқылды

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының басшылығы Сіздерді 2020-2021 оқу жылындағы оқу форматымен таныстырады:

1) бакалавриат бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру үдерісі қашықтан білім беру технологиялары арқылы жүзеге асырылады;

2) шет елдік 1 курс студенттері бакалавриат бағдарламасында ағымдағы жылда қашықтан білім беру технологиялары арқылы білім алады (оқуға қабылдау 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін жүзеге асырылады);

3) интернатура – ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30% теориялық оқыту қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы, 70% тәжірибелік оқытуды клиникаларда жүзеге асырылады;

4) резидентура - ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10% теориялық оқыту қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы, 90% тәжірибелік оқыту клиникаларда жүзеге асырылады;

5) магистратура - қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, ғылыми құрамдауыш шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмысын 2020 жылғы 14 қыркүйектен бастап 1-ші жылда оқитындар үшін, 2-ші жыл білім алушылар үшін 1 қыркүйектен бастап ғылыми ұйымдарда және тиісті салаларға сәйкес келетін ұйымдарда не (немесе) қызмет салаларында іске асырылады;

6) докторантура – қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, ғылыми компонент шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын 1 қыркүйектен бастап ғылыми ұйымдарда және тиісті салаларға сәйкес келетін ұйымдарда не (немесе) қызмет салаларында іске асырылады.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар