Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияға қатысу

2 Шілде 2020, 4:01 pm
164 рет оқылды

2020 жылдың 26 маусымында Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында, Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтында «Биомедициналық зерттеулер мен клиникалық медицинадағы жаһандық және әлеуметтік биоэтика: дүниетанымдық, әдіснамалық негіздер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. 

1544 1

Онлайн конференция ZOOM платформасында өтіп, оған: Өзбекстан, Қазақстан, Түркия, Польша, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Литва, Украина, сондай-ақ, ОҚМА биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның барлық мүшелері қатысты.

Конференцияда ОҚМА ректоры, профессор М. Рысбеков құттықтау сөз сөйледі. Ол аталған конференцияның барлық қатысушыларын құттықтап, қатысқандары үшін шын жүректен алғысын білдірді, дәрігерлік практикадағы биоэтика мәселелерінің өзектілігін, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарының студенттерін оқытуда биоэтикалық нормаларды интеграциялап енгізу қажеттілігін атап кетті. Білім беруде шекара жоқ және барлық жоғары оқу орындары тығыз ынтымақтастықта, медицина кадрларын даярлауда тәжірибе алмасуда бірігуде деп атап өтті. Бізде білім беру кеңістігінде ортақ нәрсе көп. Ақпараттық кеңістік тек нығайып, дами берсін, - деп атап өтті М. Рысбеков.

1544 2

ОҚМА биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның төрағасы, м. ғ. к., қауым.профессор Қауызбай Ж.Ә. және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, докторант Сабитов Т.Ж. «Батыс пен Шығыстың даму контекстіндегі Биоэтика» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамашылар медициналық биоэтика - адамның қоршаған әлемді зерттеуінің, оны ғылыми-техникалық прогресс жағдайында сақтаудың, оның ішінде адам денсаулығын қорғаудың түбегейлі жаңа парадигмасы екенін түсіндірді. Сонымен қатар, батыс және шығыс медицинасының өзектілігін атап өтті. Батыс мәдениетінің ислам әдепімен үйлесуі, медициналық биоэтика сияқты ғылымның дамуына серпін беретініне сенімділік танытты. Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

1544 3

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар