Пандемия кезеңіндегі фармацевтикалық білім беру: мәселелер және оны шешу жолдары

23 Маусым 2020, 12:02 pm
289 рет оқылды

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы Covid-19 пандемиясы кезеңінде қашықтықтан білім беру мәселесін шешуге арналған Халықаралық конференция ұйымдастырды.

Осындай қиын кезеңге қарамастан конференцияға кафедраның шетелдік серіктестері қатысып, оқу үдерісін жүргізу тәжірибелерімен бөлісті.

1542 1

Ш. Бехешти атындағы МУ фармация Мектебінің директоры, профессор Ф. Ширази ғылыми зерттеулерде жүргізілген виртуальды сабақтарды және Тегеранда карантин жағдайында медицина қызметкерлері мен тұрғындарға көмек қолын созған студенттердің еріктілер қозғалысын ұйымдастыру тәжірибелерін ортаға салды.

1542 2

Башқұрт ММУ профессоры Г.Я. Ибрагимова қашықтықтан оқыту жағдайына байланысты анықталған артықшылықтар, кемшіліктер, мәселелер бойынша 1-5 курс студенттері арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижесін баяндап берді.

1542 3

Украина Ұлттық фармацевтикалық университетінен әріптестер - профессор Георгиянц В.А., доценттер Сидоренко Л.В. мен Бевз Н.Ю. дайындаған презентация қызығушылық тудырды. Онда фармацевтикалық химия пәні бойынша дәрістер, тәжірибелік сабақтардың және ақпараттық платформа контентін қамтамасыз етудегі әдістемелік жұмыстардың ұйымдастырылумен таныстырды.

1542 4

ТашФармИ-нан әріптестер - доценттер Жалилов Ф.С. пен Иминова И.М. Moodle ИП-да қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен мәселелері жайында, сонымен бірге, студенттермен қарым-қатынасты қамтамасыз етудегі мессенджерлер қызметін сөз етті.

1542 5

1542 6

Академияның фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында студенттердің оқу үдерісі мен өндірістік тәжірибесін ұйымдастыруда көптеген жұмыстар атқарылды. Platonus және Google ClassRoom ИП-ның контентіне енгізу үшін силлабустар, сабақтардың әдістемелік нұсқаулары қайта қаралып, оқу кейстері жасалды. Кафедра қызметкерлері кафедраның материалдық базасы мен ресурстарын пайдалана отырып, дәрілік заттардың фармацевтикалық талдауы бойынша 40 жуық видео-роликтер дайындады. Осыған байланысты профессор С.К. Ордабаева мен фармация магистрі М.А. Мирсоатованың баяндамалары конференция қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.

1542 7

Осы айтылғандарды растау мақсатында академияның бітіруші түлектері Алдаберген Б,. Көпжасар Т., Халилова Э., Тургунова Д., Бөкенбай Е., Әріпқұл А. «Дәрілік заттар сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесінің өтуі бойынша видео-материалдар көрсетті. Студенттердің айтуынша, бұл олардың өміріндегі ұмытылмас кезең болды, олар кафедра ұжымына сабақтарды және өндірістік тәжірибені сапалы өткізуде атқарған орасан зор жұмыстары үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

1542 8

Конференция 4 сағатқа жуық уақытқа созылды, Иран, Ресей, Башқұртстан, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан аймақтарынан форум қатысушылары жалпы мәселелерді қызу талқылап, тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар, ары қарай ынтымақтастықты жалғастыру және қашықтықтан білім беруді енгізу бойынша бірлескен жұмыс жоспарларын атап өтті.

1542 9

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар