Короновирустық инфекцияның таралуын болдырмауға байланысты шектеу шаралары кезеңінде бакалавриатта оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша талаптар

 

1. Тиісті Талаптар 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқытудың аралас форматында оқу үрдісін ұйымдастыру мақсатында әзірленді.

2. 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу үрдісі екі форматта ұйымдастырылады: қашықтықтан оқыту және аралас оқыту.

Қашықтықтан оқыту- уақыт пен кеңістікте мақсатты және келісімді түрде ұйымдастырылған педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың және оқытудың педагогикалық, сондай-ақ ақпараттық, телекоммуникациялық технологиялардың өзара әрекеттескен үрдісі.

Аралас оқыту - дәстүрлі күндізгі оқытудың онлайн оқытумен байланысы (үйлесуі) негізінде ұйымдастырылған оқу үрдісі.

Аралас оқытуда қашықтықтан оқыту сияқты қашықтық білім беру технологиялары пайдаланылады: ААЖ Платонусқа, ОҚМА сайтына жеке (кафедралық YOUTUBE каналына), басқа да кафедралардың коммуникациялық платформаларына орналастырылған электрондық оқу материалдары (Google, Classroom, кафедралардың жеке сайттары және т.б.) .

3. Қашықтықтан оқытудан да аралас форматта оқытудан да оқу үрдісін ұйымдастыру жалпы талаптардың сақталуымен жүзеге асырылады:

- МЖББС;

- оқытудың кредиттік технологиялары бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесін;

- сапаны қамтамасыз ету саясатын;

- Академиялық адалдық қағидаларын;

- ОҚМА академиялық саясатын;

- білім беру бағдарламаларының академиялық күнтізбелерін;

- жұмыс оқу жоспарларын, жеке жұмыс жоспарын.

4. Күндізгі (дәстүрлі), аралас (күндізгі-қашықтық) және оқытудың қашықтықтан оқыту форматы пәндердің оқу-әдістемелік кешенін, нақтырақ айтқанда, пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларын (силлабус) бекіту аясында жүзеге асырылады.

5. Сабақтардың барлық түрлері бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

6. 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде сабақтар қашықтықтан өтетін болады.

7. Тәжірибелік және лабораториялық сабақтар пәндердің ерекшеліктеріне байланысты күндізгі форматта кіші топтарда, әр түрлі аудиторияларда, әр түрлі ауысымдарда алдын алу шараларын сақтау арқылы және санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті (әрі қарай-СЭТ) қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылады.

8. Алдын алу шараларын және СЭТ ұйымдастыру мақсатында ОҚМА-да СЭТ-ті қамтамасыз ету Регламенті әзірленіп, академия сайтына орналастырылды. СЭТ Регламенті барлық білім алушылармен, оқытушылармен және қызметкерлермен міндетті түрде сақталуы тиіс.

9. Күндізгі оқытуда кафедра меңгерушісімен сабақтардың кестесін қалыптастыру барысында аудиторияда (әлеуметтік арақашықтық – 2 м, лабораторияларда 5 кв.м) аудиториялардың толықтығы ескеріледі.

10. Күнзідгі оқытуда аудиториялық сабақтардың ұзақтығы 40 минутты қамтиды.

11. Үзілістерді әр түрлі академиялық топтардың тоғыспауын болдыртпауды қамтамасыз ету үшін үзілістердің айнымалы кестесі орнатылады.

12. Аудиторияларда санитарлық өңдеуді, соның ішінде, ауаны залалсыздандыру, желдету, қолды жуу мен өңдеу, оқу сабақтары барысында дәліздерді желдету мен рекреация жүргізу; жалпыға ортақ пайдаланылатын жабдықтардың беткі қабатын дезинфекциялау мақсатында оқу сабақтарының арасындағы үзіліс кем дегенде 20 минутты қамтиды.

13. Аудиторияларда, дәліздерде және басқа да бөлмелерде адамдардың көп жиналмауын болдырмау, сабақтар аяқталғаннан кейін аудиторияларды уақытылы босатуды қамтамасыз ету.

14. Оқу үрдісінің барлық қатысушыларының аудиторияларда, корпустарда болған уақытында бетперде тағу талаптарын сақтауды қамтамасыз ету. Аудиторияға бетпердесіз келген білім алушыларды жібермеу.

 

Негіздеме:

2020 жылы 4 мамырда № 179 Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрімен бекітілген COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясы кезеңінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында аралық және қорытынды аттестацияларды ұйымдастыру бойынша Әдістемелік ұсынымдар.

2020 жылы 13 тамызда № 345 Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің «Коронавирустық инфекциялардың таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу үрдісін жүзеге асыру бойынша Әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістерді енгізу (28.12.2020 ж).

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар