Фармацевтикалық білім берудегі интеграция

31 Қазан 2017, 5:25 am
1445 рет оқылды

«Фармацевтикалық білім берудегі интеграция процестері». Шымкенттегі Фармацевтикалық Академияда осындай тақырыпта әдістемелік мәжіліс болып өтті. Жиында студенттер мен оқытушылар дуальді білім беру жүйесінің тиімділігі мен академиялық ұтқырлық жөнінде сөз қозғады. Айта кетейік, іргелі оқу ордасының шәкірттері Польша, Башкирия және Мәскеуде өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. Бұл - білім қуған жастардың біліктілігін арттыру үшін жасалған қадам. Әйгерім Әуесханованың академия қабырғасында білім алып жүргеніне биыл - бесінші жыл. Фармацевтика мамандығын меңгеріп жүрген бұрымды жақында Польшаға барып келді. Гданьск медициналық университетінде бес жыл бойы алған білімін сынақтан өткізіп, шетелдік студенттермен тәжірибе алмасты. Студенттердің академиялық ұтқырлығын арттыру үшін білім ордасының ұжымы бірнеше шетелдік білім ордасымен екіжақты меморандум түзген. Келелі келісімнің нәтижесі ұшан-теңіз. Шәкірттердің шетелден алған білімі өндірісте жұмыс берушілердің көңілінен шығып отыр. Сәйкесінше, қазір академияны оқып бітірген түлек жұмыссыз қалмайды. Мамандарға сұраныс жоғары. Фармацевтикалық академияның оқу базасы заманауи көшке ілесіп-ақ келеді. Өндірістік зерттеу жабдықтарының барлығы дерлік әлемдік деңгейде жарақталған. Интеграция игілігін игеру үшін шәкірттер Шымкенттегі Химфарм зауытында зертханалық жұмыстармен шұғылданып жүр. 2011 жылдан бері студенттер 4 пәнді ағылшын тілінде өтуде. Мұның өзі - әлемдік білім биігін бағындырудың төте жолы.

Бейнебаянға сілтеме -- http://shymkenttv.kz/kz/news/health_medicine/farmacevtikalyk-bilim-berudegi-integraciya?_utl_t=gp

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар