Ақпараттық хат

 

 

 

Ақпараттық хат
 
Барлық ЖОО, ҒЗИ және ҒО!
 
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының неврология кафедрасы 2020 жылдың 3-4 желтоқсанында Шымкент қаласында (Қазақстан Республикасы) «Ми аурулары: ХХІ ғасыр қатерлері/мәселесі» атты  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырады

 

 

Ғылыми- тәжірибелікконференция бағдарламасына диагностика, емдеу және оңалтудың өзекті мәселелері енгізілген:

- ми инсульті және инсульттан кейінгі жай-күйлер;

- созылмалы ми ишемиясы және деменция;

- жүйке жүйесінің демиелинациялаушы аурулары;

- жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын және дегенеративті аурулары;

- перифериялық жүйке жүйесінің аурулары;

- COVID және жүйке жүйесі.

Конференция аясында АҚШ, Ұлыбритания, Ресей және Қазақстанның жетекші невролог ғалымдарының қатысуымен онлайн білім беру дәрістері өткізіледі. Сондай-ақ докторанттар, магистранттар және клиникалық ординаторлар қатыса алатын, жас ғалымдар арасында конкурс өткізу жоспарланған.

Конференцияға қатысу және сертификат алу үшін:

- 2020 жылғы 1 қарашаға дейін тіркеу формасын толтырып, оны электрондық пошта арқылы жіберіңіз: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

* тіркеу кезінде баяндама файлын тіркеу керек (баяндама қысқа, ықшам, анық және түсінікті болуы керек).

Мақалаларды ұсынудың соңғы мерзімі (ғылыми мақалаларға талап бойынша дұрыс рәсімделуі керек) - 20 қараша, 2020 жыл.

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар. Мақалалар MS Word форматында орындалады. Көлемі 4-5 бетке дейін (әдеби шолулар үшін 7 бетке дейін). Жиектері: жоғарғы - 2 см, төменгі - 2 см, сол жақ - 3 см, оң жақ -1,5 см. Жоларалық интервал - 1. Қаріп-Times New Roman, 12 кегль.

Бірінші жол - ҒТАХА (ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық айдары. ҒТАМА бойынша қоюға болады).

Екінші жол – автордың(лардың) тегі (лары) мен инициалдары, кімнің және қайда жұмыс істейтінін көрсететін сандарды ұсақ шрифтпен белгілеу.

Үшінші жол - қала мен елді көрсете отырып, автордың (лардың) жұмыс орны. Докторанттар мен магистранттар үшін оқу курсы және ғылыми жетекші көрсетілген. Әр автордың алдына сандарды қойыңыз.

Төртінші жол - ЖОЛДЫҢ АТАУЫ-бас әріптермен.

Бесінші жол - мақала тіліндегі ТҮЙІНДЕМЕ. Егер мақала орыс тілінде болса, онда түйіндеме орыс тілінде. Түйіндеме 12-15 жолдардан тұруы тиіс, онда нақты көрсетіледі: мақсаты, материалдар мен әдістері, қорытындылар.

Содан кейін КІЛТ СӨЗДЕРДІ көрсету керек – бес кілт сөз.

Бұдан әрі КІРІСПЕ, МАҚСАТ, МАТЕРИАЛДАР МЕН ӘДІСТЕР, ҚОРЫТЫНДЫ болуы тиіс мақала мәтіні.

Бұдан әрі ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 12 кегльмен басылады. Баяндама мәтіні бойынша дереккөзге сілтеме шаршы жақшадағы сан ретінде ресімделеді[1], [2], [3].

Әрі қарай - ТҮЙІН.

Келесі жолда - мақала авторының ТАӘ.

Келесі жолда - мақала атауы

Келесі жолда - мақаланың басындағы түйіндеменің қазақ тілінде кілт сөздері көрсетілген аудармасы болуы қажет (5 кілт сөз болуы тиіс).

Келесі жолда - SUMMARY.

Келесі жолда - автордың ТАӘ.

Келесі жолда - мақала атауы.

Келесі жолда - мақаланың басында болған түйіндеменің ағылшын тілінде кілт сөздері көрсетілген аудармасы болуы керек (5 кілт сөз болуы тиіс).

Үш жолдан кейін - авторлар туралы мәліметтер (барлық авторларды көрсетіңіз): ТАӘ (толық Тегі, Аты, Әкесінің аты), ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, e-mail: ұялы телефоны, мекенжайы:

Файлдың аты бірінші автордың тегі бойынша анықталады: тегі.doc.

Конференциядағы ауызша баяндамаға қойылатын талаптар: Баяндама презентация көрсетілуімен қатар баяндалуы керек (PowerPoint 2003-2010).  Ауызша хабарлаудың (баяндаманың) ұзақтығы 7 минуттан, талқылау - 3 минуттан аспауы тиіс.

ОҚМА-да болатын техникалық құралдардың ішінен мультимедиялық проектор мен ноутбук ұсынылады.

Ноутбуктердің әртүрлі бағдарламалық жасақтамасына байланысты презентацияларыңызды екі кеңейтімде сақтауды сұраймыз .ppt және .pptx.

Презентацияға қойылатын талаптар: презентация жалпы қабылданған ережелерге сәйкес жасалуы керек. Бірінші слайдта: ЖОО-ның атауы, бұдан әрі-кафедраның атауы, жұмыс орны; баяндамашының толық аты; ғылыми жетекшінің аты; қала, ел, конференцияның атауы және конференцияның өткізілетін күні көрсетіледі.

Мақалалар мен тезистер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Басылымға арналған материалдарды 2020 жылдың 20 қарашасына дейін жіберу қажет.

Материалдарды жариялау тегін.

Конференция материалдары «ОҚМА хабаршысы» ғылыми журналында жарияланады. Ғылыми журналдың редакторы - Шаймерденова Райхан Ануарбекавна, тел: 8-702-477-76-39, e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., ғылыми-клиникалық жұмыс, докторантура және магистратура басқармасының басшысы – Жақсылық Әлихан Алтынханұлы, тел: 8-778-500-00-18, e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Конференцияның Ұйымдастыру комитеті қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін тезистерді, мақалаларды қарасытырмауға құқылы. Іс-сапар шығындарын жіберуші тарап төлейді.

 

  

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар