Академияның тәрбие жұмысы төмендегі бөлімдер мен ұйымдардың қызметтерімен жүзеге асырылады
• Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы,
• Жастар саясаты бөлімі,
• Деканаттар,
• Тәлімгерлер,
• “Болашақ” академиялық жастар орталығы,
• «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсе,
• Академияның «Медакадемия» КВН клубы,
• “Зиялы қазақ” пікір-сайыс клубы,
• «IQ» Интеллектуалдық клубы,
• ОҚМА бойынша «Жас Отан» Жастар қанаты,
• ОҚМА бойынша Қазақстан студенттерінің Альянсы,
• KazMSA ұйымы,
• Жатақхана студенттік кеңесі,
• «Айкөркем» қыздар кеңесі,
• Студенттік деканаттар,
• «Бірлесу» ұйымы,
• “Шабыт” жастар ұйымы;
• «Барыс» спорт клубы жұмыс жасайды;
Академия республика, облыс пен қала аумағында облыстық және қалалық әкімшіліктің жергілікті басқару өкілдіктерімен, қоғамдық ұйымдармен, Жастар орталықтарымен ұйымдастырылатын барлық мәдени-көпшілік іс-шараларға белсене қатысады.
Тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша қызмет етеді:
Ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз ету;
Патриоттық сананы қалыптастыру;
Рухани-адамгершілік даму;
Құқықтық тәрбие;
Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Жастар бастамаларын қолдау;
Тәрбие жүйесін жетілдіру;
Біздің жетістіктеріміз:
Жалпы медицина мамандығының студенті Аманбаев Тимур «Үздік дәрігер-2018»
Қазақстан медицина жоғарғы оқу орындары арасында жүргізілген Семей мемлекеттік медицина университетінде өткен республикалық пән олимпиадасынан ЖСБ жетекші маманы Ж.Қамбарованың жетекшілігімен КазМСА ұйымының мүшелері ІІ орын иеленді.
Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 1 курс студенті Пернебеков Елхан Мастерханұлы С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі» атты студенттер мен жас ғылымдардың конференциясында ІІІ орын иеленді.
2018 жылдың 18-21 қазан аралығында Астана қаласында NOMAD MMA ұйымдастыруымен өткен халықаралық ережесіз жекпе-жектен “Fighter of Asia” VIII халықаралық турнирінде ОҚМА «фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 1-курс студенті, «Барыс» спорт клубының мүшесі Елемесов Бекжігіт II-орынға ие болды.
2018 жылдың 28-29 шілде күндері Түркістан облысы пікірсайысшыларының ұйымдастыруымен «Махаббатқа толы ыстық жаз» дәстүрлі республикалық пікірсайыс турнирінде Асқарбаева Жасмина «Үздік төреші» номинациясын жеңіп алды.
Шымкент қаласы Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауында» академия намысын қорғаған 1 курс студенті Кахраманова Майра үш кезеңнен сүрінбей өтіп жүлделі ІІІ орынды иеленді.