Оқу-әдістемелік орталығы

 

Оқу- әдістемелік орталық (ОӘО) ОҚМА-ның 06.10.08 ж. №73 бұйрығына сәйкес құрылды.

ОӘО жоғары білікті мамандар дайындау мақсатында академияның оқу үдерісін және оқу-әдістемелік жұмысын жоспарлап, ұйымдастырып, бақылау жасайтын құрылымдық бөлімі болып табылады.

 

ОӘО құрылымы

-    Әдістемелік бөлім;

-    Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлім;

 

Әдістемелік бөлімінің қызметі

- Оқу үдерісіне оқытудың жаңашыл әдістерін және инновациялық білім технологияларын енгізу;

- Оқу-әдістемелік сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру: ғылыми әдістемелік семинарлар, байқаулар;

- Академияның оқу-әдістемелік іс-шараларының жыл сайынғы жоспарын түзу;

- ЖОО-ішілік оқу-әдістемелік әдебиетті басып шығарудың жыл сайынғы жоспарын түзу, оның орындалуын бақылау;

- Оқытушылардың педагогикалық шеберлігін ұщтау мақсатында оқу үдерісін оқу-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу;

- Кафедраларды типтік оқу бағдарламаларымен қамтамасыз ету;

- Әрекеттегі типтік оқу бағдарламаларының каталогын жүргізу;

- Оқу-әдістемелік жұмыстар мәселесі бойынша факультеттер мен кафедраларды басқару және нормативті документтермен қамтамасыз ету;

- Педагогикалық біліктілікті жоғарылату бойынша ЖОО-ішілік іс-шараларға қатысу.

- ЖОО- да әдістемелік жұмысты жүргізу принциптері мен ережелері бойынша нұсқаулықтарды жасау;

- Әр пән бойынша кафедралар, факультеттердегі әдістемелік жұмыстың деңгейін, жағдайын бақылау және талдау;

- Академияда жасалған және шығарылған, басқа оқу орындарынан алынған оқу-әдістемелік құралдарды жүйелеу, сақтау және қолдану.

 

Оқу-үдерісін ұйымдастыру бөлімінің қызметі

- МББС типтік оқу жоспарларына сәйкес негізгі оку бағдарламаларының жұмыс оқу жоспарын жасау және тексеру

- Оқу үдерісін жоспарлау және үйлестіру, оқу жоспары негізінде академиялық күнтізбе, оқу, сабақ, емтихан, сессия сынақ кестесін жасау және олардың орындалуын бақылау;

- Кафедралардың жоспарлы жүктемесін есептеу бойынша мәлімет базасын жүргізу;

- Кафедралардың профессор-оқытушылар құрамының жоспарланған және нақтылы орындалған оқу жүктемелерінің мәлімет базасын жүргізу ;

- ПОҚ үйлесімді штат кестесін жасау үшін оқу жүктемесін бөлуді бақылау;

- Кафедра оқытушыларының оқу жүктемесін орындауын талдау;

- Кафедраларды оқу үдерісі бойынша құжаттармен, бланктермен және журналдармен қамтамасыз ету;

- Мемлекеттік лицензиялау және институционалды аккредитациялауға құжаттарды дайындау;

- Жылдық жоспар бойынша ЖОО ішілік сапаны бақылау, ЖСБК комиссиясымен бірігіп ОҚМА-да мамандарды сапалы дайындау және оқу үдерісі бойынша жұмыс жасау;

- Аудиториялық қордың жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету;

- Сабақтар, сынақтар, кеңестер, емтихандар, студенттердің өзіндік жұмысы және бір рет өтілетін іс-шараларға кесте жасау;

- Аудиториялық қорларды қолдануды бақылау;

- Оқу сабақтары, сынақ, емтихандардың бекітілген кесте бойынша өтілуін бақылау;

- Студенттер мен оқытушылардың оқу және еңбек тәртібін бақылау. 

- Кәсіби практиканы ұйымдастыру және жүргізуді бақылау;

- Мамандарды дайындауда базалық ұйымдар мен байланысты кеңейту;

- Оқу жоспарына сәйкес практикалардың барлық түрін өтуге базалық ұйымдар мен кәсіпорындармен келісім жасау;

- Салалық кафедралардың кәсіби практика бағдарламаларын дер кезінде қарап, келістіріп, бекіту;

- Деканаттар мен кафедралармен бірге студенттерді кәсіби практикаға жіберу бұйрығын дайындау, сондай-ақ практика басшылығына тәжірибелі оқытушыларды қою;

- Практиканың бар түрін жоспарлау, ұйымдастыру, қорытындысын шығару;

- Практиканың қорытындысын шығару, ректоратта және академия Ғылыми кеңесінде талқылауға жылдық есеп беру; 

 

Ибрагимова А.Г.- Оқу әдістемелік орталығының басшысы                                   

Халикова Р.О.   -   Оқу әдістемелік орталық басшысының орынбасары        

Абдукаимова Д.   -   Әдістемелік бөлімінің меңгерушісі

Кудабаева Ж.К. – Жетекші маман

Найманбаева А.Р.   -   Диспетчер

 

Методистер: Зулпухарова Ж.К., Танирбергенова А.О.,    

Абилкасимова Б.А., Алдабергенова Г.С., 

Сопыбекова Ф.Б. , Турсубекова Б.И.    

 

 

Мекен–жайымыз: 

Бас ғимарат, 2 қабат, 202 кабинет

Тел(ішкі номер):. 236, 230, 268

E-mail: аЭтот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар