Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы

 

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы: Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы

Salim Yerbol

 

 

Жалпы ереже:

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы (әрі қарай – ӘМжЖС)  өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарын, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ (әрі қарай – ОҚМА) Жарғысын, ішкі нормативтік құжаттарды, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады. 

ӘМжЖС басқармасы «ОҚМА» АҚ-ның өз алдына бөлек құрылымдық бөлімі болып табылады және ӘМжЖС басқармасы басшысына тікелей бағынады. 

ӘМжЖС басқармасына қарасты «Жастар саясаты» бөлімінің меңгерушісі мен басқарма мамандары ректордың бұйрығымен ғылыми-педогогикалық немесе тәжірибелік қызметте кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар ең білікті оқытушылар, қызметкерлер арасынан тағайындалады. 

 

Терминдер мен анықтамалар

Ұйымдастырылу құрылымы 

ӘМжЖС басқармасы ректордың ....... бұйрығы негізінде құрылды. ӘМжЖС басқармасының құрамына: 

-  Әлеуметтік жұмыстар бойынша бас маман

-  Әлеуметтік жұмыстар бойынша маман

-  Жастар саясаты бөлімі кіреді.

Кесте 

ӘМжЖС басқармасының басшысы басқарма қызметкерлері арасында міндеттерді қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес бөліп береді. 

ӘЖжЖС басқармасының негізгі мақсаттары мен міндеттері

ӘМжЖС басқармасының негізгі мақсаты ОҚМА-да оқытушылар мен студенттер арасындағы әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастырып жүргізу, әлеуметтік аз қамтылған оқытушылар мен студенттердің мүдделерін қорғау, оқытушылар мен студенттерді ынталандыру шараларын жүзеге асыру, тәрбие жұмыстарын жоспарлау, оларды жүзеге асыру, мемлекеттік деңгейдегі жоспарлар мен шараларға сәйкес және ОҚМА  ішкі тәртібі мен Миссиясына бағыттап жастар саясатын жүзеге асыру болып табылады.

 

Мекен - жайы: Бас ғимарат, 1 қабат, 127 кабинет

Тел(ішкі номер): 203

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар