Компьютерлік тестілеу және баспахана орталығы (КТБО)

 

Компьютерлік тестілеу және баспахана орталығы (КТБО) 1997 жылы "Компьютерлік, ақпараттық-тест орталығы" ретінде, 31.10.97ж. №378-к бұйрығымен құрылды, содан кейін "ОҚММА" РМҚК ректорының 20.09.2000 ж. №286-к бұйрығына сәйкес "Компьютерлік тестілеу және баспахана орталығы" болып өзгертілді.

1398 1

Есенов Мақсат Кенжетайұлы

КТБО басшысы

 

Компьютерлік тестілеу және баспа орталығы қызметінің негізгі бағыттары:

Оқу үдерісіне заманауи ақпараттық технологияларды қарқынды енгізу;

Материалдық-техникалық базасының "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

Компьютерлік және офистік техниканы, бейнебақылау, кіруді басқару жүйелерін, турникеттерді, оқытудың техникалық құралдарын (компьютерлер, принтерлер, сканерлер, проекторлар, және т. б.) жөндеу, баптау және қызмет көрсету;

Академия қызметкерлеріне компьютерлік техниканы және оқытудың басқа да техникалық құралдарын (ТҚ) пайдалануға байланысты мәселелер бойынша техникалық кеңес беру;

Жергілікті желіні монтаждау, орнату және баптау, интернет пен телефонияға қосылу, академияның web-сайты мен электрондық поштасын техникалық қолдау;

Ағымдағы, дифференциалдық есептегі, ауыспалы және қорытынды (блоктық, сессиялық, мемлекеттік емтихандар) кезінде білім алушыларды пәндер мен мамандықтар бойынша білімді бақылау, компьютерлік тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;

Жыл сайын оқу бағдарламаларына сәйкес жаңартылып отыратын студенттер мен оқушылардың білімін бақылау үшін тест тапсырмаларының банкін енгізу, жинақтау және пайдалану;

Оқу жылы ішінде білім алушылардың тест-бақылауы (алдыңғы курс пәндері бойынша қалдық білім), сондай-ақ мамандықтар бойынша ПОҚ-ты және қазақ тілінен конкурстан өту үшін тестілеу өткізіледі;

Академия бөлімшелерінің өтінімдері бойынша оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, ғылыми еңбектерді және басқа да оқу бланкілерін және құжаттамаларды басып шығару және көбейту;

«ОҚМА хабаршысы» ғылыми журналын басып шығару;

Академияның материалдық-техникалық базасын арттыру мақсатында жаңа жабдықтарды сатып алу және қолда бар жабдықтарды жаңарту бойынша дайындыққа қатысу;

 

КТБО штаттық кестесіне кіреді:

* КТБО басшысы

* Жергілікті есептеуіш желісінің жетекші инженері

* Телекоммуникация және байланыстар бойынша жетекші инженер

* Баспахана жөніндегі жетекші инженер-технолог

* Сайт бойынша жетекші маман

* Жүйе-техник инженері

* Жүйе-техник инженері

* Инженер-электроншы

* Инженер-электроншы

* Инженер-электроншы

* ААЖ бойынша инженер бағдарламашы

* ААЖ бойынша бағдарламашы

* Сайт редакторы

* Оператор

* Оператор

 

 

Мекен–жайымыз: 

Бас ғимарат, 2 қабат

Тел: 8(7252) 39-31-41  ішкі 240

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі - Жұма, 9:00 - 18:00

Сенбі: 9:00 - 14:00

түскі үзіліс: 13:00 - 14:00

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар