Жедел медициналық жәрдем және мейіргер ісі кафедрасы

 

 

1237 3

 

Кафедра тарихы

2004 жылдың тамызында Ғылыми кеңестің шешімі бойынша, ОҚММА-да «Мейірбике ісі негіздері және анестезиология - реаниматология» кафедрасының негізі қаланды. Кафедраның меңгерушісі болып кафедраның қалануына көп еңбектерін сіңірген Әлдешов Алмас Әлдешұлы бекітілді. Кафедра болып іргесі қаланған сәттен бастап базасы Облыстық клиникалық ауруханада орналасты. Кафедраның құрамына кірген қызметкерлер: м.ғ.к. доцент Н.А. Бубеев, ассистенттер: Е.И. Милешина, Э.З. Баймұханбетова, оқытушылар: Н.Р. Джуманкулова, Д.Д. Ешимбетова, М.А. Искакова, М.О.Канлыбековалар болды. Кафедра қызметкерлері кафедра базаларында науқасты емдеуде, тәжірибелік және консультативтік көмекте, сонымен қатар басқа медициналық ұйымдарда санавиация желісі бойынша үлкен көмек көрсетті. Кафедра қызметкерлері 200 - мақала, 1 - кітап және де 6 - оқу-әдістемелік құралдарды басып шығарды.

2009 жылы ОҚММА қайта ұйымдастырылуға байланысты ОҚМФА болып, кафедра «№2 хирургиялық пәндер» кафедрасының «анестезиология-реаниматология және мейірбике ісі негіздері курсы» атауымен қосылды. №108 27.08.2010ж бұйрығымен «Мейірбике ісі анестезиология-реаниматология курсымен» деген атауға ие болды. 2017 жылы кафедра атауы «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» болып өзгертілді.

Кафедра теориялық және тәжірибелік терең білімді, мықты кәсіби білімі бар, дағдыларды меңгерген, мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттарға сәйкес келетін дайындықтан өткен мынадай мамандарды: «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі»(бакалавр және магистранттар), «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», дәрігерлерлік қайта даярлықтан өтетін курсанттарды, орта арнайы білімді колледж оқушыларын дайындайды. Кафедрада 6 курс дәрігер – интерндер; «Мейірбике ісі» мамандығының 1-4 курс студенттері; «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Фармация» мамандықтарының 3 курс студенттері; 2-4 курс колледж оқушылары; «Мейірбике ісі»мамандығы бойынша 2 курс магистранттар білім алуда. 

Пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі. Кафедрада жылда оқытылатын дисциплиналар саны жаңартылып отырады.

Кафедра қызметкерлерінің ғылыми негізі мейіргер ісін, паллиативті көмекті, анестезиология және реаниматологияны, ішкі медицинаны, ЕЖББЖ-ді жетілдіру және жаңарту болып табылады.

 

Негізгі оқытылатын пәндер:

- Мейірбике ісі негіздері

- Науқасқа бағытталған оқыту

- Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек

- Мамандыққа кіріспе

- Мейіргер ісіндегі менеджмент

- Паллиативті медицина және мейіргерлік күтім

- Шұғыл медициналық көмек

- Мамандандырылған мейіргерлік күтім

- Үй жағдайындағы мейіргерлік күтім

- МІ-гі БМСК

- Анестезиология және интенсивті терапия 

- Денсаулық жағдайын бағалау

- Реабилитология негіздері

 

 

1237 2

«ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ЖӘНЕ МЕЙІРГЕР ІСІ» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

СЕЙДАХМЕТОВА АЙЗАТ АШИМХАНОВНА

 

Сейдахметова Айзат Әшімханқызы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітіріп, аудандық емханада дәрігер-терапевт, Қарағанды мемлекеттік медицина институтында терапия кафедрасында ассистент, 2001-2010 жылдарда ОҚМФА-да «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасында ассистент, 2010-2015 жылдары ОҚМФА «Терапия бакалавриат» кафедрасында доцент болып жұмыс істеді.

2015 жылы қыркүйек айынан бастап ОҚМФА «Анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс атқарып жатыр. 2017 жылдың қыркүйек айында кафедра атауы «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» болып өзгертілді. Жоғары санатты дәрігер-терапевт.

Медициналық колледждерді Жоғарғы колледждерге қайта құруды бағалау Ұлттық комиссиясының мүшесі, аккредитация бойынша НААР, НКАОКО тәуелсіз агенстволар мүшесі, Клиникалық пәндер ЖӘК төрағасы, Ғылыми кеңес және факультет Кеңесі мүшесі, жоғары оқу орнының сапалық комиссиясы, сонымен қатар «Мейірбике ісі» мамандығы студенттері мен магистрантары эдвайзері. 180 - нен астам ғылыми еңбектер, сонымен қатар патент, 4 оқу құралы, «Жалпы медицина» мамандығына арналған екі клиникалық жағдай және жалпы білім беру стандарттарының қосарланған авторы. «Мейіргер ісі» мамандығына арналған типтік оқу бағдарламасы мен жалпы білім беру стандарттарының авторы.

Съезд, конгресс, Халықаралық конференциялар және жұмыс берушілермен дөңгелек үстелдердің жұмысына қатысып, баяндамалар жасайды. 

Біліктілігін көтеру мақсатында мынадай курстардан өтті: «Медициналық білім беру негіздері»,- Астана қ.; «Коммуникативтік дағдылар»,- ҚазҰМУ, Алматы қ.; «Медициналық және фармацевтикалық ЖОО-да оқытудың кредиттік жүйесін ендіру»- ОҚМФА, Шымкент қ.; «Білім беру бағдарламаларын даярлаудағы құзыреттілік»- ХҚТУ, Түркістан қ.; «Дәлелді медицина саласындағы мәліметтерді іздестіру негіздері»- Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы; «Тест тапсырмаларын құрастыру әдістері» - ҰТО Астана қ.; JAMK қолданбалы ғылымдар университетінде «Финляндияның мейірбике ісі мамандарын оқыту моделі», Ювяскюля қ. және Лахти қ. (Финляндия), 2016 ж. - «Professional Development Program for Higher Education of Kazakhstan», Инновациялық технологиялар трансферт орталығында «Тиімді оқытушы» модулі бойынша – Қарағанды қ., 2017ж., ҚР мейіргер ісі 2015-2018жж. Модернизациясы бойынша мастер-кластар, Академияның ПОҚ-на аталған модульдар бойынша семинарлар өткізеді: «Коммуникативті дағдылар», «Тиімді оқытушы», қолданбалы бакалавриат ментрлерін оқыту. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 17 магистранттың жетекшісі және ғылыми-кеңесшісі болып табылады.

Марапаттаулары: медицина қызметкерлері күніне арналған алғыс хат, халық денсаулығын жақсартуға қосқан үлесі үшін ҚР тәуелсіздік күніне арналған алғыс хат, ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік қорғау Министрінің және JAMK қолданбалы ғылымдар Унивеситетінің (Финляндия) Алғыс хаттарымен марапатталған.

 

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы:

Сейдахметова Айзат Ашимхановна – кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент

Алдешев Алмас Алдешевич - м.ғ.к., профессор м.а.

Жумабаев Толебай Жумабаевич – м.ғ.к., доцента м.а.

Тургунбаева Сауле Интыкбаевна - м.ғ.к., доцент

Жамбаева Нуржамал Дуйсебековна - ассистент 

Калменов Нурлан Жуманович – ассистент

Султанова Жанат Сарсеновна – ассистент

Серикова Багдат Джулдибаевна– ассистент

Оразбаева Эльанора Абдыкалыковна– ассистент

Султанова Зарина Ихтияровна– ассистент

Зулпухарова Гульнур Култасовна– ассистент

Тагабаева Лаззат Маратовна– оқытушы

Тайгашева Нургул Манарбековна– оқытушы

Бекназарова Жаныл Бауыржановна– оқытушы

Толеуова Акгулим Ерболатовна– оқытушы 

Жарасова Нуржамал Кайратовна– оқытушы 

Сулеймен Гульсим Сабыркызы– аға лаборант

Утарова Молдир Мухаммеджановна- лаборант

Шалкарова Улбала Амангелдиевна- лаборант

Райымкулова Айзада Залханқызы - лаборант

 

 

Кафедраның клиникалық базалары: Шымкент қалалық Медициналық жедел жәрдем ауруханасы (ШҚЖМЖ), ШЖҚ №1 Шымкент қалалық ауруханасы МКК, Шымкент қалалық жедел жәрдем бөлімінің №4 бөлімшесі.

Эл.адрес: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар