Терапиялық пәндер кафедрасы

 

 

1232 1

1996 жылы ОҚММА алғаш госпиталды терапия кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедраның негізгі клиникалық базалары: облыстық клиникалық аурухана, облыстық эндокринологиялық диспансер, облыстық кардиологиялық орталық, қалалық гепатоорталық. 

Кафедраның меңгерушісі қызметін м.ғ.к., доцент М.Б. Қойбақов атқарды. Оның кандидаттық диссертациясы миокард инфарктының реабилитациясы сауалдарына арналған.

1997 жылдың қыркүйек айынан 2001 жылдың қыркүйек айына дейін кафедраның меңгерушісі қызметін м.ғ.д., профессор С.А.Байдурин атқарды, оның докторлық диссертациясы клиникалық гематология мәселелеріне бағытталған.

2001 жылдан 2009 жылға дейін кафедраның меңгерушісі профессор А.Ж.Қарқабаева басқарды. Оның кандидаттық және докторлық диссертациялары иммунология және ревматологияның клиникалық өзекті мәселелерін шешуге арналған. 

Профессор А.Ж.Қарқабаева 70 мақаланың, 2 монографияның, 20 әдістемелік нұсқаудың және 6 рационализаторлық ұсыныстардың авторы. Кафедрада 6 клиникалық ординатор және 3 аспирант, 20 магистрант, 7 резидент оқып шықты.

2009 ж терапии-2. кафедрасы 2 кафедраға бөлінді:

1. «№2 интерндердің терапия» кафедрасы. 2009-2013жылдар аралығында м.ғ.д.Саркулова С.М. басқарған. Оның кандидаттық диссертациясы «Клинико–диагностическое значение электрокардиографических показателей при дилятационной кардиомиопатии», ал докторлық диссертациясы «Комплексная оценка влияния производственных факторов на развитие сердечно-сосудистых заболеваний на свинцовом производстве» тақырыптарына арналған.

2. «№1 интерндердің терапия» кафедрасын 2009-2013 жылдар аралығында м.ғ.к., доцент Туртаева А.Е.басқарған.

2013жылында  «№2 интерндердің терапия» кафедрасының атауы «Терапиялық пәндер» кафедрасына өзгертілді. Сол жылдан бастап 2018ж. мауысым айына дейін м.ғ.к. ассоциирленген профессор атағымен Туртаева А.Е. басқаруды жалғастырды. Туртаева А.Е. 2006 жылы «Клинико-иммуногенетическая характеристика раннего артрита и его лечебная коррекция» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. 

2018ж. мауысым айынан бастап «Терапиялық пәндер» кафедрасын м.ғ.к.Асанова Ғ.Қ. басқарады.

1232 2

Асанова Ғ.Қ. 2010ж. Қарағанды қ. «Состояние сердечно-сосудистой системы при влиянии неблагоприятных факторов хлопкоперерабатывающего производства» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап шықты, шифры-14.00.50.-«Еңбек медицинасы»

Асанова Ғ.Қ. ғылыми зерттеу жұмыстарын келесі тақырптар бойынша: 1.Разработка критериев донозологической диагностики производственно-обусловленных заболеваний на хлопкоперерабатывающих предприятиях Южного региона; 2.Комплексная оценка состояния здоровья и профессионального риска рабочих урановой промышленности и населения Южно-Казахстанской области и научное обоснование мероприятий по оздоровлению и реабилитации лиц, подвергающихся воздействию условий труда и различных видов ионизирующих излучений; 3.Влияние экологических факторов на здоровье населения урбанизированных территорий» жүзеге асыруға қатысты.

ДМ ҚР №460 7.08.2013 ж “О создании Республиканского центра координации по непрерывному профессиональному развитию кадров здравоохранения по вопросам снижения смертности от болезней системы кровообращения” бұйрығына сайкес ҚЖА бойынша ОҚО-ның регионарлық координаторы болып табылады. Асанова Г.К. санавиация бойынща ОҚО, реанимация және қарқынды терапия, сонымен қатар кардиология және аритмология бөлімшелерде терапевт, кардиолог ретіндеи консультативтік жұмыс істейді. Облыстық денсаулық сақтау басқарма қызметкерлерімен бірге кураторлық аудандарда консультативтік көмек көрсетеді, комиссия жұмысына ат салысады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша орталықтың жұмысына бірнеше рет қатысқан. 

Асанова Ғ.Қ. жетекшілігімен «Медицина» мамандығы бойынша 2 магистерлік диссертация қорғалған, 1 магистерлік жұмыс орындалуда.

 

Кафедраның міндеттері: 

Бакалаврларды, интернатура, резидентура, магистратура бойынша мамандарды дайындау. Бакалаврлардың, интерндердің, резиденттердің, магистранттардың білімдерін жетілдіру, диагностиканың заманауи әдістерін қолдана отырып, ересек және жас балаларға сапалы медициналық көмек көрсетуге, емдеуге және кейіннен науқасты оңалтуға қабілетті, денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында, дайындау бағытын анықтайтын пәндер бойынша тұрақты көзқарастар, білім мен дағдыларды игеру үшін оқыту. 

 

Оқу жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Кафедрада интерндер, резиденттер мен магистранттар үшін пәндер бойынша оқу жұмыс жоспарлары мен силлабустар бар: Кардиология және ревматология; Пульмонология, аллергология және иммунология; Гастроэнтерология және гематология; Эндокринология және нефрология; Ішкі аурулар - 1 (кардиология, пульмонология және аллергология, клиникалық электрокардиография, экстрагениталдық патология, психиатрия және наркология, жұқпалы аурулар, фтизиатрия, неврология, қарқынды терапия және реанимация); Ішкі аурулар - 2 (гастроэнтерология, гематология, эндокринология, нефрология, коморбидтік жағдайлар, қарттардағы ішкі аурулар, онкология, дерматовенерология, ревматология); Кардиология, соның ішінде балалар; Кардиология және ревматологиядағы терапияның өзекті мәселелері; Гастроэнтерология және гематологиядағы терапияның өзекті мәселелері; Эндокринология және нефрологиядағы терапияның өзекті мәселелері; Пульмонологиядағы терапияның өзекті мәселелері.

Барлық мамандық бойынша пәндердерге арналған жұмыс оқу жоспарына сәйкес ситуациялық тапсырмалар мен тесттік сұрақтар бар.

 

Ғылыми жұмыс

Профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми жұмыспен белсенді айналысады: ЖОО деңгейінде, ұлттық және халықаралық деңгейлерде мақалалар, тезистер басылуда. Олар ұлттық және халықаралық конференцияларда баяндамалар жасайды. Tуртаева Айгүл Елубайқызы – магистранттар Eдіге А., Искаков М.А. ғылыми жетекшісі болып табылады. Асанова Ғалия Құтымбетқызы магистрант А.А. Бердиеваның ғылыми жетекшісі.

 

Клиникалық жұмыс:

Облыстық клиникалық аурухана, облыстық эндокринологиялық диспансер, облыстық консультативтік - диагностикалық орталығы, облытық кардиологиялық орталығы, қалалық туберкулезге қарсы диспансер, «Даумед» клиникасы, «Медикер-ОҚ» клиникасы кафедраның клиникалық базалары болып табылады. Кафедрада ревматологиялық, кардиологиялық, гастроэнтерологиялық, нефрологиялық, пульмонологиялық, эндокринологиялық, туберкулезбен науқастарға кеңес беретін жоғары және бірінші санатты мамандар жұмыс істейді. Кафедра қызметкерлері тәжірибелік денсаулық сақтау ұжымымен бірге тәжірибелік, патологоанатомиялық, таңертеңгі конференциялар өткізеді. Олар сондай-ақ ана өлімін талдау бойынша сараптама комиссиясының мүшелері болып табылады. 

Негізгі оқу курстары: Кафедрада білім алуда: «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бакалаврлар, «Мейірбике ісі», интерн-дәрігерлер- терапевтер, интерндер-дәрігерлер-хирургтар, интерндер-акушерлер-гинекологтар, резиденттер-кардиологтар, резиденттер-невропатологтар, резиденттер- педиатрлар, ғылыми-падагогикалық және профильдік бағыттардағы «Медицина» мамандығы бойынша магистранттар, дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультетінің тыңдаушылары: «Терапиядағы өзекті мәселелер», «Кардиологиядағы өзекті мәселелер», «Пульмонологиядағы өзекті мәселелер», «Ревматологиядағы өзекті мәселелер», «Гастроэнтерологиядағы өзекті мәселелер», «Эндокринологиядағы өзекті мәселелер», «Ультрадыбыстық диагностика, оның ішінде балалар диагностикасының өзекті мәселелері», «Ренгенологияның өзекті мәселелері» циклдары бойынша білім алуда.

Пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады. Оқу-әдістемелік материалдар жыл сайын жаңартылады.

Кафедраның ғылыми басымдықтары:

Дәлелді медицина принциптеріне сәйкес, кең таралған терапиялық аурулар бойынша науқасқа жоғары дәрежелі медициналық көмек көрсетуге қабілетті бакалаврларды, интернатура, резидентура, магистратура бойынша мамандарды дайындаудағы жоғары сапалы білім алуға жағдай жасауға бағытталған; 

«Медицина» мамандығы бойынша резиденттердің, магистранттардың терең білімдері мен дағдыларын қалыптастыру және бекіту; өндірістік-зерттеулік, педагогикалық тәжірибелерді және ғылыми-зерттеу, эксперименттік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін дайындау.

 

Қазіргі уақыттағы кафедра қызметкерлері:

1. Асанова Г. К.  - каф.меңгерушісі, доцент м.а.

2. Бекмуратов Е.Б.  - профессор

3. Туртаева А.Е.  - проф.м.а.

4. Исабеков М.Б.  - доцент

5. Шапамбаев Н.З.  - доцент

6. Касаева Л.Т.  - доцент

7. Сергазина А.О.  - доцент

8. Кушекбаева А.Е.  - доцент.м.а

9. Абасова Ш.Б.  - доцент м.а.

10. Алипова Г.Ш.  - ассистент

11. Мирзабекова Ж.А.  - медицина магистрі

12. Серикбаева М.Т  - медицина магистрі

13. Кенжеханова Р.Н.  - медицина магистрі

14. Кудайберген Г.А.  - ассистент

15. Умиралиева Г.А.  - ассистент

16. Серходжаева Т.Х.  - ассистент

17. Нуранова Н.Т.  - ассистент

18. Ержанов О.Ш.  - ассистент

19. Мураталиева М.А.  - ассистент

20. Сейтханов М.А.  - ассистент

21. Бейсенбаева Ж.М.  - ассистент

 

Оқу-көмекші персонал

1. Нурмаханова Р.  - аға.лаборант

2. Дурано ва Н.Н.  - лаборант

3. Джаркимбаева Д.Т.  - аға. лаборант

4. Дауренбекова Г.О.  - аға. лаборант

 

 

Мекен-жайы және байланыс мәліметтері:

Нурсат м/а, «Медикер-ОҚ» клиникасы

Тел: 8 701 130 06 53

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар