Шет тілдері кафедрасы

 

 

1217 1

 

Кафедра тарихы

Тілдер кафедрасы Алматы фармацевтикалық институтының филиалы кезінде 1979 жылы құрылған. Кафедра құрамында қазақ тілі, орыс тілі және шет тілдері болды. Тіл пәндері құрылғалы бері кафедраға филология ғыл.док. Байжанов Т.Б., п.ғ.к. Файзиева Л.Т., және п.ғ.к. Уызбаева Б.K. басшылық етті. 2002 жылы тіл пәндері кафедрасының қайта құру негізінде жеке шет тілдері кафедрасы болып құрылды. 2002-2018 ж.ж. аралығында кафедраны аға оқытушылар Ким А.С.,Самофалова О.А., Ыбырай Ф.Т.,Сайфутдинова А.С. басқарды.

Қазіргі таңда кафедраның меңгерушісі Жұмагулова Гүлшат Көпжанқызы -филология ғылымының кандидаты, өзінің ғылыми-зерттеу жұмысын Алматы қаласындағы Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде сәтті қорғап, филология ғылымдарының кандидаты атағын алды.

 

Кафедра міндеттері:

Заманауи ғылым мен тәжірибе жетістіктеріне сүйене отырып, құзіреттілігін үздіксіз көтеру мен шығармашылық ынтасын дамыту арқылы фармацевтикалық өндіріс пен медицина саласында жылдам өзгеретін, кез-келген жағдайларға тез үйренетін,фармацевтикалық және медицина саласындағы жоғары білікті қабілетті мамандарды дайындау. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында кафедра үш бағытта жұмыс жасайды:

1. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру технологиясын жақсарту;

2. Мультимедиялық технологияны пайдалану;

3. Кейстердің технологиясын пайдалану.

 

Кафедраның оқу - әдістемелік жұмысы

Қазіргі уақытта кафедра бакалаврларды, магистранттар мен резиденттерді дайындайды.

Негізгі оқу курстары:

Бакалавриат аясында дайындық мына бағыттар бойынша жүргізіледі: жалпы шет тілі және кәсіби шет тілі (медицина және фармация). Магистранттар мен резиденттер үшін шет тілі бойынша кәсіби мақсаттарға арналған арнайы бағдарлама құрастырылған. 

Дисциплина ағылшын тілінде жүргізіледі. 

Білім беру концепциясын жаңарту мақсатында кафедра оқытушылары өз білімдерін жоғарылатуда. Осы мақсатта оқытушылар сабақ барысында жаңашыл интербелсенді әдістер: TBL, PBL, инновациялық әдістерді, заманауи технологияны пайдаланады.Көптеген оқытушылар тәжірибелік сабақтарда, ОСӨЖ және СӨЖге пайдаланатын оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары.

Кафедра оқу үдерісін ұйымдастыру мен өзіндік жұмыстардың орындалуына арналған қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілген, сонымен қатар кафедрада студенттердің коммуникативті дағдылары мен өзара пікір алмасу мәдениетін дамытуға арналған «English conversation club» құрылған.

 

Кафедраның ғылыми жұмысы

Кафедраның зерттеу жұмысының бағыты:

Әдістеме:

1. Медициналық оқу орнындағы ағылшын тілін оқытудың әдістемелік аспектілері(іскерлік/кәсіби қарым-қатынас,түп нұсқалы мәтін және мәліметтермен жұмыс,жобалық және модульдық білім беру, портфолио әдісі, студенттерге дифференциалды білім беру)

2. Медициналық оқу орнында шет тілдерін оқытуда жаңа және интенсивті технологияны пайдалану.

Психология:

1. Шет тілдерін оқытуда дәлелді біліктілік

2. Шет тілдерін оқытудың психологиялық стратегиясы

Лингвистика:

Көп тілді ортада ағылшын тілін оқытудың әлеуметтік-мәдениеттік аспектілері.

Кафедра меңгерушісі мен оқытушылар бірігіп, ғылыми жұмыстарды талқылайды, ғылыми мақалалар жіберіледі, ғылыми конференциялар мен съездерге қатысады. Осы мақсатпен Сайфутдинова А. С. – мұғалімдерге арналған ағылшын тілінде өткен Ұлттық Интернет Олимпиадасына қатысып, жеңімпаз атанып, I -дәрежелі дипломмен марапатталды (Астана). Сонымен қатар,Сайфутдинова А. С. «Journal of American Аcademic Research», Editorial Review Board - редакциясының сарапшысы болып табылады. 

Сонымен қатар, кафедраға алыс-жақын шетелдерден ағылшын тілді педагогтарды визитинг-профессорлар ретінде жиі шақырылып отырады. 

 

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы – педагогикалық үрдісте негізгі орынды алады және жоспарға сай жүргізіледі.Шет тілдері кафедрасында тәрбие жұмысы мына бағыттар бойынша жүргізіледі:

1. Студент жастарды азаматтық - патриоттыққа тәрбиелеу;

2. ҚР үш тілдік саясаты аясында толеранттық пен өзара сыйластыққа тәрбиелеу;

3. Шет тілдері сабағында елтану материалдарын пайдалана отырып, студенттерді жан-жақты тәрбиелеу.

Шет тілдері кафедрасының оқытушылары ұйымдастырған шығармашылық жобаларда, іс-шараларда студенттер өзара пікір алмасуға кеңінен мүмкіндік алады. Сонымен қатар студент жастарға тәрбие беруде тәлімгерлік жұмыстың өзіндік маңызы бар. Оқу жылының басында кафедра оқытушыларының арасынан тәлімгерлер тағайындалады. Академия студенттеріне тақырыпты сағаттар, дөңгелек үстелдер, мини-конференциялар және қала, облыс, республика көлемінде тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар өткізіледі.

 

Қазіргі таңда кафедрада жұмыс жасайды:

Жумагулова Г.К. – ф.ғ.к., кафедра меңгерушісі 

Адилова А.Н. – оқытушы

Джаркимбекова Н.К. – ф.ғ.к., доцент

Хасанова У.А. – аға оқытушы

Саржанова Д.Ж. – аға оқытушы, магистр

Утенова Д.У. - аға оқытушы, магистр

Кадырбергенова А.О. – аға оқытушы, магистр

Таукеева К.С. - аға оқытушы, магистр

Игамбекова Г.Г. - аға оқытушы, магистр

Алипбаева Г.О.- аға оқытушы, магистр

Бактыбаева Т.П. – оқытушы 

Тастемир А.А. – оқытушы

Толбасиева А.А. - оқытушы

Томанова А.Д. - оқытушы

Ермекали А.Т. - оқытушы

Жошыбай Ж.Ж. – кабинет меңгерушісі

Зейдулла С.О. – аға лаборант

Тунгышбай А.З. – аға лаборант

Батырбекова Г.А. – лаборант

 

Кафедра мекен-жайы:

Түркістан облысы, Шымкент қ., Аль-Фараби алаңы, 1.,№4 оқу ғимараты, 2 қабат, 1-6, 8-9 аудиториялар, №3 оқу ғимараты, 106, 112, 206 аудиториялар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар