Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы

 

 

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы

1206 1

«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының тарихы 1979 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институты Шымкент филиалының құрылуынан басталады. Сол институттың құрамында «Кеңес Одағының Коммунистік партиясының тарихы» кафедрасы ашылған болатын. Құрылу кезеңінен бастап кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қоғамдық және гуманитарлық пәндердің оқытылуын қамтамасыз етіп келді. Кафедраның ең алғашқы меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Ә. Әбдіқұлов болды. 

2015 жылы 30 маусымда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының Ғылыми Кеңесінің шешімімен кафедра екіге бөлінді. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі болып т.ғ.к , доцент м/а М.А. Жанысбеков және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі болып филос.ғ.к , доцент м/а Қ.Б. Кемелбеков тағайындалды.

2018 жылы 1 маусымда конкурс бойынша «Қазақстан тарихы және әлеуметтік қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі м/а болып 

пед.ғ.к, доцент м/а Л.С. Майлыбаева тағайындалды.

2018 жылы 1 қыркүйек күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі м.а. болып Ж.О. Нұржанбаева болып тағайындалды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы академияның барлық мамандықтарында «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы», «Саясаттану», «Құқық негіздері», «Мәнгілік ел», «Психология және мәдениеттану», «Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері», «Педагогикалық білім негіздері» пәндерінен, колледжде «Қазақстан тарихы», «Құқық негіздері», «Қоғамтану», «Өзін-өзі тану», «Дүниежүзілік тарих», «Жағрафия» пәндерінен, магистратурада «Педагогика» пәндерінен сабақтарды қазақ, орыс тілдерінде жүргізеді. Кредиттік жүйеге өтуге байланысты барлық пәндер силлабуспен және оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етілген. 

Кафедраның басты бағыты – ол оқу және оқу-әдістемелік жұмыс. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес жыл басында барлық мамандықтардың жалпы және арнайы курстардың жүктемелері бекітіледі, бакалавриатта және магистратурада оқылатын элективтік курстардың тақырыптарына маңыздылығы жоғарылатылды, пәндердің типтік бағдарламалары жаңартылады, оқу, оқу-әдістемелік құралдар жарық көреді.Кафедраның оқытушылары қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Ол жұмыстың нәтижесі әр түрлі түрде жарық көреді: оқу-әдістемелік құралдар түрінде, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жиынтығы түрінде, ғылыми журналдарда және мерзімді басылымдарда. Кафедрадағы әдістемелік жұмыс барлық пәндер бойынша толық материалдармен қамтамасыз етуге бағытталған. 

 

Кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік басылымдардың авторлары болып табылады: 

1.Жанысбеков М.А, Абдурахманов Н.А, Еркінбекова Ә.С. Основы антикоррупционной культуры. Учебно-методическое пособие. Қарағанды, 2016г.

2.Жанысбеков М.А, Абдурахманов Н.А, Еркінбекова Ә.С. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы. Оқу-әдістемелік құрал. Қарағанды 2016ж

3.Абдурахманов Н.А Современная история Казахстана. Учебно-методическое пособие. Шымкент 2017ж

4.Жанысбеков М, Нигматуллина Ш.Ш. Современная история Казахстана. Учебно-методическое пособие. Шымкент, 2018ж

5.Жанысбеков М.А, Бахтибаев А.А, Төребаев О.Ә Мәңгілік ел. Учебно-методическое пособие. Шымкент, 2018ж.

Кафедра оқытушылары өздерінің кәсіби біліктілігін жоғарылатуға және ғылыми жұмысқа аса маңызды көңіл береді. Әр жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетте (Алматы қ.) әр-түрлі бағытта өткізілетін кәсіби біліктілікті жоғарылату курстарына қатысады. 

«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының ұжымы кең көлемде педагогикалық, тәрбие және қоғамдық жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар оқу және оқудан тыс уақытта студенттермен белсенді түрде тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Кафедраның оқытушылары топ тәлімгері ретінде ОҚМА-ның жатақханасында өздерінің тәрбиелік жұмыстарын атқарады.

Қазіргі таңда кафедраның құрамында 7 ғылым кандидаты, доценті, 4 аға оқытушы, 4 оқытушы, 1 аға лаборант, 1 кабинет меңгерушісі қызмет атқарады. 

 

 

 

1206 2

Кафедра меңгерушісі, PhD доктор

Нұржанбаева Жанат Оралбайқызы

 

Кафедра құрамы:

Нұржанбаева Жанат Оралбайқызы - Кафедра меңгерушісі, PhD доктор

Бахтибаев Абдухашим Абилхаирович - т.ғ.к., доцент м.а.

Туребаев Омаркул Акимбаевич - филос.ғ.к., доцент.м.а.

Айдарбекова Галия Сарыбаевна - т.ғ.к., доцент м.а.

Джунусбаева Айгуль Мутановна - т.ғ.к., п.ғ.к., доцентм.а.

Абдурахманов Нурмухамед Абдушамаевич - т.ғ.к., доцент м.а.

Беккулова Акмарал Атыгаевна - Аға оқытушы

Дарашова Замзагул Бимаханбетовна - Аға оқытушы

Утегенов Бакыт Дауитбекович - Аға оқытушы

Нигматулина Шынар Шаймерденовна - Аға окытушы

Дарашова Замзагул Бимаханбетовна - Оқытушы 

Абдраманова Шолпан Рысмагамбетовна - Оқытушы

Еркинбекова Асемкул Сейтжаппаровна - Оқытушы

Нуркулова Ботагөз Орынбековна - Оқытушы

Махатова Лайла Талғатқызы - Оқытушы

Әбсат Айгерім Маратқызы - Кабинет меңгерушісі

Асанқұлова Таңсұлу Аскаровна - Лаборант

 

 

Кафедраның мекен жайы: 

Аль-Фараби алаңы. №3 оқу ғимараты, 2 этаж, аудитория 228,229,230, 

Телефон (АТС): 40-82-22 (226) 87782496079

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар