Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы

 

 

1216 1

 

Кафедра тарихы

Тіл пәндері кафедрасы 1979 жылы Асфендияров атындағы Алматы Мемлекеттік медицина институтының филиалы болып ашылғаннан бастап, кафедра меңгерушісі қызметін филология ғылымадының кандидаты, доцент Т.Б.Байжанов атқарды. 

2000-2006 жыл аралығында кафедраны филология ғылымдарының кандидаты М.Д.Мұсабаева басқарды. 

2004 жылы қыркүйек айынан бастап, қайта құрудың нәтижесінде орыс тілі кафедрасы құрылды, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Х.Амандыкова басқарды.

Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы 2006-2012ж.ж. аралығында қазақ тілі мен латын тілдері кафедрасының меңгерушісі болды. 

Жұмаділлаева Гүлжамал Нұртазақызы - филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі мен латын тілі тілі кафедрасын 2012 -2014 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі ретінде басқарды. 

2015ж. орыс тілі кафедрасын қазақ тілі кафедрасымен біріктіру нәтижесінде қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы құрылды. Кафедраны ф.ғ.к, доцент С.Х.Амандыкова басқарды.

Сол жылы кафедрадан қазақ тілі мен латын тілі курсы бөлініп, курс меңгерушісі болып Е.Қ.Сәлім бекітілді. 

2018 жылдың 1 маусымынан бастап қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасын педагогика ғылымдарының кандидаты Ибраева Ляззат Бостановна басқаруда.

 

1216 2

Ибраева Ляззат Бостановна, педагогика ғылымдарының кандидаты, қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі. Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін 1995 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы «Изучение иностранного языка в педвузе как фактор гуманистического развития личности будущего педагога» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Шифры: 13.00.08 – кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі. Электрондық поштасы Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының негізгі міндеттері

• Тіл біліктілігін қалыптастыру.

• Таңдаған сала бойынша мамандық тіліне үйрету.

• Оқуда, тыңдауда, жазуда, сөйлеуде коммуникативтік және сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыру.

• Студенттерді сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздерімен ғылыми пән ретінде таныстыру.

• Студенттердің түрлі салаларда ауызша және жазбаша түрінде пікір алмасу дағдыларын қалыптастыру.

• Қазіргі әдеби тілінің функционалдық стилінің ерекшеліктерін меңгеруді қамтамасыз ету.

• Жеке және қызметтік құжаттарды құрастыру, іскерлік қағаздарды рәсімдеу дағдыларын қалыптастыру.

• Студенттерге сөйлеу этикасын және тілдің этикалық формулаларын үйрету.

• Шетел студенттеріне орыс және қазақ тілдерін оқып-үйренуге жағдай жасау.

• Шетел студенттерін үш жүйедегі (анатомиялық-гистологиялық, клиникалық және фармацевтикалық) медициналық терминологиялық негіздеріне үйрету. 

• Шетел студенттерінің жаңа әлеуметтік тілдік және мәдени ортада бейімделуін жеңілдету.

Негізгі оқу курстары

Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасында төмендегі пәндер оқытылады: 

• Қазақ тілі 

• Кәсіби қазақ тілі

• Қазақ әдебиеті

• Орыс тілі

• Кәсіби орыс тілі

• Орыс әдебиеті

• Латын тілі

Пәндер қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

 

 

Оқытылатын пәндердің жаңартылуы

5В130100 «Жалпы медицина», 5В110100 «Мейіргер ісі», 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау», 5В110300 «Фармация», 5В074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», 5В130300 «Педиатрия», 5В130200 «Стоматология» мамандықтарға арналған «Қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі», «Орыс тілі», «Кәсіби орыс тілі», «Латын тілі», пәндері бойынша оқу әдістемелік кешендері жыл сайын жаңартылады. 

Колледждің «Емдеу ісі», «Фармация», «Стоматология», «Мейіргер ісі», мамандықтарына арналған «Қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі», «Кәсіби орыс тілі», «Орыс әдебиеті» «Латын тілі» пәндері бойынша ПОӘК-нің жаңартылуы жыл сайын жасалады. 

 

Кафедраның ғылыми басым бағыттары

Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ғылыми жұмысы медициналық білім беруде көптілді коммуникативтік ортаны қалыптастыруға және дамытуға, сондай-ақ тілді инновациялық және интербелсенді оқыту жолымен студенттердің тілдік құзыреттілігін арттыруға бағытталған.

 

Қазіргі таңда кафедраның ПОҚ-ы 35 адамды құрайды: 1 кафедра меңгерушісі, 3 доцент, 18 аға оқытушы, 8 оқытушы, 2 кабинет меңгерушісі, 2 аға лаборант.

1. Ибраева Л.Б. – қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі, доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты

2. Салім Е.К. – қазақ тілі мен латын тілі курс меңгерушісі, қазақ тілі пәнінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі

3. Амандыкова С.Х. – доцент, филология ғылымдарының кандидаты

4. Арысбаев А.А. – доцент, филология ғылымдарының кандидаты

5. Маханова Г.Б. – доцент, филология ғылымдарының кандидаты 

6. Карбозова Г.К. – аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты

7. Кудайбергенова М.Р. – аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты 

8. Абдулдаева Ш.С. – аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі 

9. Абдуллабекова А.Т. – аға оқытушы

10. Абишева Р.Б. – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі

11. Адырбекова Н.А. – аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі 

12. Ахбанбетова Ү.Ш. – аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі 

13. Ахметов Н.Р. – оқытушы

14. Жакипова А.С. – аға оқытушы 

15. Жолдыбаева Г.Б. – аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі 

16. Жуманова И.С. – оқытушы 

17. Исабекова А.А. – оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі 

18. Кальменова Р.К. – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі

19. Каспанова Ф.А. – оқытушы

20. Кемелова Г.М. – аға оқытушы 

21. Кемелхан Д.Ж. – аға оқытушы, филология ғылымдарының магистрі

22. Кожахметова С.Н. – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі

23. Кысмуратова Ж.Т. – аға оқытушы, филология ғылымдарының, гуманитарлық ғылымдарының магистрі 

24. ҚасымбековаА.Н. – аға оқытушы

25. Нурмаханова Г.К. – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі

26. Оразымбетова Ғ.Д. – оқытушы 

27. Сарымсақова Ж.С. – оқытушы

28. Түкібаев О.С. –оқытушы

29. Утегенова Г.М. – аға оқытушы

 

Кафедраның мекен-жайы:

Шымкент қаласы, әл-Фараби алаңы 1, №3 корпус, 2 қабат. Телефон 40-82-22, ішкі 319

Эл. пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар