Педиатрия және балалар хирургиясы кафедрасы

 

 

Педиатрия және балалар хирургиясы кафедрасының тарихы

Педиатрия кафедрасы 1994 жылы жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттері үшін ОҚО облыстық балалар ауруханасының жанынан ашылды. Кафедраны қазіргі таңдағы м.ғ.д., профессор, сол уақытта ЖМФ деканы, м.ғ.к., доцент Мырзалиев Болат Атымтаевич басқарды. 

1996 жылы кафедраны м.ғ.д., профессор Асқамбаева К.А.; 

1997 жылы ОҚММА жанынан педиатрия факультеті ашылуына байланысты, «Балалар аурулары пропедевтикасы» кафедрасы м.ғ.д., профессор А.Т. Мусаевтың ұйымдастыруымен ашылды. 

Оқу процессін жақсарту және кадрларды тиімді пайдаланумен қатар толықтай оқу жоспарын жақсарту мақсатында м.ғ.д., профессор А.Т.Мусаевтың ұйымдастыруымен «Балалар аурулары» және «Балалар аурулары пропедевтикасы» кафедрасы біріктірілді.

2008-2009 оқу жылдары кафедраны м.ғ.д. Егізбаев М.К., 2009-2010 жылдары м.ғ.к., доцент Мустафина К.А. басқарды.

1233 1

«Балалар хирургиясы» кафедрасы 1997ж кұрылды, кафедраның меңгерушісі болып ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қарабеков Ағабек Қарабекұлы болып тағайындалды, ал 2010-2011 оқу жылдары кафедралардың қайта құрылуына байланысты «Балалар хирургиясы» және «Балалар аурулары» кафедралары «Педиатрия және балалар хирургиясы» кафедрасы болып біріктіріліп, қайта құрылды. Кафедраның меңгерушісі болып ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қарабеков Ағабек Қарабекұлы тағайындалды. 

Кафедраны 2016 жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытта PhD Маймаков Талғат Ануарбекұлы басқарады, 2018 жылдың мамыр айында өткен конкурстан өтіп, қайта кафедра меңгерушісі болып таңдалды. 

1233 2

Кафедра қызметкерлерімен 500-ден аса ғылыми жұмыс, 5 оқу әдістемелері, 48 инновациалық патенттер, авторлық куәліктер, жаңалықтарға Қазақстан Республикасының патенттері мен 2 Еуразиялық патент алынды. 

Кафедраға мына мамандықтар бойынша оқуға келеді: «Медицина» мамандығы бойынша магистранттары, резидент-педиатрлар, кардиология соның ішінде балалар кардиологиясы резиденттері; дәрігер-интерн педиатрлар, акушер-гинекологтар; «Жалпы медицина» және «Педиатрия» мамандығы бойынша бакалавриат студенттері; Медициналық колледждің «Емдеу ісі»; «Мейірбике ісі»; «Стоматология»; ҮБЖФ факультетіне дәрігерлері мен мейірбикелер оқуға келеді.

Сабақтар инновациялық технологиялар түрінде ОҚМА-ның ОКСО-дағы муляждар мен Облыстық балалар ауруханасындағы бөлімшелерде науқастың жанында клиникалық талдау ретінде және сол ауруханадағы БЖАЫЖ -орталықта өтеді. 

 

Кафедраның міндеттері 

Кафедра академияның бір немесе бірнеше туысты пәндер бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмыстары, интерндер, бакалаврлар, резиденттер, магистранттар арасында тәрбиелеу жұмыстарын, сондай-ақ ғылыми педагогикалық кадрларды дайындап, олардың квалификациясын жоғарылату жұмыстарын атқаратын негізгі оқу ғылыми құрылымды бөлім болып табылады.

Кафедра жұмысының мақсаттары, терең тәжірибелік және теориялық дайындықтарға ие, нақты кәсіпқой білімді, тәжірибелі, мемлекеттік стандартқа сай мамандарды дайындауға жолданған. 

Негізгі мақсаттарды орындау үшін келесі талаптарды шешеді:

- Ішкі аурулар бойынша бағдарламаны игеру үшін мамандық кадрларды дайындауға бағытталған керекті оқу- әдістемелік, материалдық – техникалық, кадрлық және ғылыми жағдайларды жасау.

- Практикалық қызметтер керекті теориялық сұрақтарды оқыту, тәжірибелік дағдыларды игеру мен икемдеуді қамтамасыз ету.

- Ауруларды емдеуге соңы қазалыны және мүгедекті төмендетуге бағытталған шаралар жүйесін оқыту.

- Ғылыми - педагогикалық кадрларды дайындау және квалификациялық жоғарылату.

- Қазіргі заманғы ғылымның ұлттық және жалпы адами құндылықтарды негізінде тұлғаны дамытуға,

Кафедра өз жұмысын жылдық жоспарға сәйкес жүргізеді, оған оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және т.б. жұмыстар түрлері кіреді.

Кафедрадағы барлық жұмыс түрлеріне байланысты сұрақтарды талқылап шешу үшін кафедра мәжілістері айына бір рет жүргізіледі, оған профессор-оқытушылар құрамы қатысады. 

 

Негізгі оқу курстары:

Кафедра өткізетін пәндердің тізімі

Мамандық

Курс

Пәннің атауы

2017-2018

2018-2019

Интернатура

1

Педиатрия - интернатура –дәрігер-педиатр

6

Балалар аурулары

+

+

2

Педиатрия - интернатура –дәрігер-педиатр

6

Бала жасындағы хирургиялық аурулар

+

+

3

Педиатрия - интернатура –дәрігер-педиатр

7

Кардиология

+

+

Гематология

+

+

Нефрология

+

+

Ревматология

+

+

Таңдау компоненті:

4

Педиатрия - интернатура –дәрігер-педиатр

7

Педиатриядағы өзекті мәселелер

+

+

Балалар жасындағы ауруларды саралап жүргізу

+

+

Педиатриядағы зертханада және аспапты зерттеу нәтижелерін интерпретациялау

+

+

Балалардағы шұғыл көмек

+

+

Бакалавриат

5

Мейірбике ісі

3

Педиатриядағы мейірбике ісі

+

+

Жалпы медицина

3

Балалар ауруларының пропедевтикасы

-

+

Мед.колледж

6

Емдеу ісі

4

Балалар аурулары

+

+

7

Мейірбике ісі

4

Педиатриядағы мейірбике ісі

+

+

8

Мейірбике ісі

4

Педиатриядағы мейірбике ісі

+

+

9

Стоматология

3

Акушерия мен балалар аурулары негіздері

+

+

Резидентура

10

6R114200 - Педиатрия

1

Стационардағы балалар аурулары

+

+

11

6R114200 - Педиатрия

1

Балалар хирургиясы

+

+

12

6R114200 - Педиатрия

2

Неонатология

+

+

13

6R114200 - Педиатрия

2

Педиатриядағы қарқынды терапия

+

+

14

6R114200 - Педиатрия

2

Дені сау және науқас баланы тамақтандыру негіздері

+

+

15

6R114200 - Педиатрия

2

Педиатриядағы функциональды диагностика әдістері

+

+

Кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы:

16

6R110300-Кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы:

2

Стационардағы кардиология, балалар

+

+

17

6R110300-Кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы:

2

Кардиологиядағы қарқынды емдеу, балалар

+

+

18

6R110300-Кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы:

2

Амбулаториялық-емханалық кардиология, балалар

+

+

19

6R110300-Кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы:

2

Жоғары мамандандырыл-

ған кардиология-

лық көмек, балалар

+

+

Магистратура

20

6М110100 - (Ғылыми педагогикалық бағыттағы) Медициналық магистратура

2

Медицинада оқыту методологиясының негіздері

+

+

21

6М110100 - (Ғылыми педагогикалық бағыттағы) Медициналық магистратура

2

Педиатриядағы функциональді

диагностикалау

+

+

22

6М110100 – (Ғылыми педагогикалық бағыттағы) Медициналық магистратура

1

Гастроэнтерология

+

+

 

Кафедрада пәндер қазақ және орыс тілдерінде, ал 2018-2019 оқу жылында «Балалар аурулары пропедевтикасы» пәні бойынша жалпы медицина факультетінің 3-курс студенттері үшін ағылшын тілінде өткізілетін болады. 

Біздің кафедрада жүргізілетін пәндер әр жыл сайын жаңартылып тұрады.

 

Кафедраның ғылыми приоритеттері:

Кафедраның ғылыми приоритеттері – педиатриядағы, балалар хирургиясындағы, жарақаттану мен ортопедиядағы емнің өзекті мәселелері, емі мен диагностикалаудың жаңа әдістерін әзірлеу және ендіру.

4. Клиникалық жұмыс:

Клиникалық базалар болып табылады: облыстық балалар ауруханасы,кафедрада бірінші және жоғары санатты мамандар жұмыс жасайды және ревматологиялық, кардиологиялық, гастроэнтерологиялық, нефрологиялық, пульмонологиялық, эндокринологиялық науқастарға кеңес береді. Кафедра қызметкерлері денсаулық сақтау ұжымымен бірлесіп практикалық, патологоанатомиялық, таңертеңгілік конференцияларға қатысады. 

 

Негізгі оқу курстары: Кафедрада білім алады: «Жалпы медицина» және «Педиатрия» мамандықтары бойынша бакалаврлар, дәрігер-интерн педиатрлар, акушер-гинекологтар; резидент-педиатрлар, резидент кардиаолог, оның ішінде балалар кардиологиясы мамандықтары бойынша. 

Пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқу-әдістемелік материалдар жыл сайын жаңартылады.

 

Кафедраның ғылыми приоритеттері: 

Кең таралған педиатриялық аурулары бар науқастарға дәлелді медицинанның принциптеріне сүйене отырып, мамандандырылған медициналық көмек көрсете алатын бакалаврларды, интернатура мамандарын, резидентура, магистратура бойынша жоғары сапалы мамандарды дайындауға жағдай жасауға бағытталған; «Педиатрия» мамандығы бойынша резиденттер, магистранттарда терең білімді нығайту және қалыптастыру; кәсіптік-зерттеу, педагогикалық дағды және ғылыми-зерттеу, экспериментальді-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындау.

 

 

Қазіргі таңда кафедрада жұмыс жасайды:

Қызметкерлердің тізімі:

1. Маймаков Т.А. - PhD,кафедра меңгерушісі;

2. Мустафина К.А. - м.ғ.к., доцент;

3. Жумабеков Ж.К. - м.ғ.к., доцент м.а.;

4. Баймаханова Б.Б. - м.ғ.к., доцент м.а.;

5. Карсыбаева К.Р. - ассистент;

6. Кемельбеков К.С. - ассистент;

7. Еримбетова Л.С. - ассистент

8. Агабекова Г.О. - ассистент

9. Даниярова Ш.Б. - ассистент

10. Толеуова А.Е. - ассистент

11. Салыкбаева Г.О. - ассистент

12. Егизбаев А.К. - ассистент

13. Хужахмедова Р.Н. - ассистент

14. Опабекова Г.Б. - ассистент

15. Темиров А.Т. - ассистент

16. Бекзатов Е.Д. - ассистент

17. Амиров Р.Б. - ассистент

18. Анарбаев Е.К. - ассистент

19. Турысбеков С.А. - ассистент

20. Кансеитова Г.М. - ассистент

21. Умирбаев М.М. - ассистент

22. Нарходжаев Н.С. - ассистент

23. Умарова А.Н. - оқытушы;

24. Кожабаева С.А. - оқытушы;

25. Раимкулов Г.С. - оқытушы;

 

Оқу-көмекші қызметкері

1. Саимкулова А.Д – аға лаборант;

2. Кенесова Л.Б. – аға лаборант; 

3. Байтасова У.А. - лаборант

4. Тоқсанбай Л.С. - лаборант 

5. Эрметова Д.Ш. - лаборант

6. Бабасбай Ж.Б. - лаборант

 

Мекен жай және байланыс деректері:

Мекен жай: Шымкент қаласы, Нурсат мөлтек ауданеы, Аргынбеков көшесі, 125; 

Тел(87782787242): 

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар