Микробиология кафедрасы

 

 

1209 1

Микробиология кафедрасы Алматы мемлекеттік медицина институтының фармацевтика факультетінің Шымкент филиалы базасында 1980 жылдың қыркүйек айында құрылған және морфологиялық пәндер кафедрасының құрамында болған.

Кафедраны ф.ғ.к доцент Г.С. Моренко басқарып , кафедра құрамында Е.И. Ярославская, К.Ш. мамин, Н.М.Мурина қызмет атқарған.

1994 жылы қыркүйек айында жалпы медицина факультетінің ашылуы себепті, микробиология кафедрасы жеке бөлініп сол күннен бастап 1997 жылға дейін кафедраны доцент У.Т.Арыкпаева басқарған.

Әртүрлі жылдары микробиология кафедрасын: доцент Р.А.Бикчентаева (1997жж.),

м.ғ.д., профессор Ш.Б.Садыков (1997-1999жж), м.ғ.к., доцент Д.А.Майсаров (1999-2001жж) м.ғ.д., доцент С.Н.Жумашов (2001-2009жж), х.ғ.д., профессор К.О.Шарипов (2009-2011жж), м.ғ.к. М.М.Есиркепов (2011-2015жж), б.ғ.к. А.А.Бурабаев (2015-2018жж) басқарған. Кафедраның қалыптасуы мен дамуы үшін: О.Н.Сахно, Жакипбекова Б.Т., Э.Н. Г.Т.Алимжанова, Г.С. Омарова, Т.Ж.Моминова, А.А.Алибеков, Г.С.Нуриева, Р.Т.Джанабаев, Ж.Х.Есенова, Сейтханова Б.Т., Э.Н.Оспанова, Ұ.А.Туребаева, Ф.Мұхтарқызы, Ш.Ж.Құрманбекова, М.К.Жанысбекова, А.А.Абдрахманова және т.б. үлкен үлес қосты.

2018жылы 1-ші шілдеде микробиология кафедрасының меңгерушісі болып м.ғ.д. доцент Сейтханова Б.Т. тағайындалды. Қазіргі таңда кафедра Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының №2 оқу корпусының 1-ші қабатында орналасқан. Кафедра заманауи оқу-тәжірибелік зертханамен жабдықталған, ол студенттер мен оқытушылардың оқу және ғылыми жұмыстармен айналысуына жағдай жасайды. Кафедраның ПОҚ (әрі қарай профессор-оқытушы құрамы) барлық мамандықтар бойынша 3 тілде оқу-әдістемелік кешенін дайындаған, сонымен қатар қазақ және ағылшын тілдерінде ғылыми мақалалар жазып жарыққа шыққан. Кафедра ПОҚ үнемі біліктілігін жоғарылатып отырады және ғылыми-тәжірибелік конференцияларға баяндамалармен белсене қатысады. 

 

 

Кафедра меңгерушісі 

1209 2

Сейтханова БибигульТулегеновна

Микробиология кафедрасының меңгерушісі,

медицина ғылымдарының докторы, доцент 

 

Кафедра жұмысының негізгі мақсаты мен міндеттері

Кафедра академияның негізгі оқу-әдістемелік, тәрбиелік және ғылыми құрылымдық бөлімі болып табылады. Кафедрада біліктілігі жоғары ғылым докторлары, доценттер мен оқытушылар қызмет атқарады. Кафедраның профессор оқытушы құрамы оқу, тәрбие, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, студенттер арасында тәрбие жұмысын, сонымен қатар ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және олардың біліктілігін жоғарылатумен айналысады. Кафедра жұмысы 2007 жылғы мамандықтың мемлекеттік білім беру стандартына сай келетін, терең теориялық және тәжірибелік дайындығы, кәсіби білімі, тәжірибесі бар мамандарды дайындауға бағытталған.

Кафедра оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және қоғамдық басқа да жұмыстарды қамтитын жылдық жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Кафедра жұмысының барлық сұрақтарын талқылау, сәйкес шешімдерді қабылдау үшін айына 1 реттен кем емес профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен кафедра мәжілісі мен оқу-әдістемелік жұмыстарға қатысты әдістеме семинар өткізіледі.Кафедрада оқу-тәрбиелік үрдістер және т.б. мазмұнын, ұйымдастырылуын және өткізу әдісін көрсететін құжаттар жүргізіледі. Құжаттар тізімі бекітілген « Істер номенклатурасымен» анықталады.

 

Кафедраның оқу – әдістемелік жұмысы

Микробиология кафедрасында барлық оқу – әдістемелік жұмыстар ОҚМА бакалавриат әдістемелік жұмыстарына сәйкес жүргізіледі Кафедрада оқу-әдістемелік құжаттар толығымен жаңартылған және жаңа талаптарға сәйкес дайындалып, жауаптылар тағайындалды.Пән бойынша студенттер мен оқытушыларға арналған лабораториялық сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалған. Типтік оқу бағдарламасы бойынша пәндерінен 2 курс студенттеріне үш тілде әдістемелік нұсқаулар дайындалды. Микробиология пәнінің бөлімдері бойынша бақылау сұрақтары компьютерге енгізілген, курстан курсқа өту емтихандар тесттері мамандықтар бойынша қазақ және орыс ағылшын тілдерінде құрастырылған. Оқытушылар ИНТЕРНЕТ жүйесіне енгізілген пəндердің оқу-əдістемелік кешенінде көрсетілген дəрістерді оқу барысында білім беру технологиясының озық үлгілерін пайдаланады.

 

Негізгі курстар тізімі:

Жалпы қазіргі таңда кафедрада бир жылда 700 студент "Жалпы медицина", "Фармация", "Қоғамдық денсаулық сақтау", мамандықтары студенттері микробиология пəнін меңгереді.

Кафедра жалпы және жеке микробиология, клиникалық микробиология, иммунология бойынша лабораториялық жұмыстарды жүргізеді. Студенттер кафедрада заманауи микробиологиялық зерттеу әдістерін теориялық меңгереді. Еліміз үшін дəрежелі мамандарды дайындау жолында кафедра жан-жақты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

 

Пəн қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде оқытылады

Кафедрада 7 оқытушы пәнді мемлекеттік тілде, 2 оқытушы орыс тілінде 3 оқытушы - ағылшын тілінде оқытады. 2016 жылдан бастап 30% базалық жəне бейінді пəндерді ағылшын тілінде оқу міндеттелді. 2016 жылы ОҚМА тілдік біліктіліктіруді арттыру курстары ұйымдастырылып 3 оқытуыш ағылшын тілінде арнайы оқуды аяқтап, сертификат алды. 

 

Халықаралық байланысы

Микробиология кафедрасы микробиология ғылымының əртүрлі салалары бойынша ғылыми-зерттеу мекемелерінде, өндірістерде, тек қана Қазақстанның білім беру саласында ғана емес, ТМД елдерінде, сонымен қатар алыс шет елдердің (Дания, Польша, Үндістан, жəне Бұхара, Румыния т.б.) білім саласында қызмет атқаратын маман Кафедрада студенттер үшін ғылыми зерттеу жұмыстарын жасауға жағдай жасалған. 

 

Кафедраның ғылыми жетістіктері.

Кафедра тәжірибелік базамен қамтылған жəне білім алуға толық қолайлы жағдай жасалған. Кафедрада оқу тәжрибелік зертхана жұмыс жасайды. Студенттердің «Internet» ақпарат жүйесін ақысыз қолдануға мүмкіндіктері бар. Кафедра профессор оқытушы құрамы «Ішек инфекциялары», «Клиникалық микробиология» бағытында оқу-əдістемелік құралдарын және 1 монография,1-электрондық оқулық, 1-оқулық жарыққа шығарды. Кафедрада 2- докторлық 1-кандидаттық диссертация қорғалды. Бүгінгі таңда кафедраның профессор оқытушы құрамы қазіргі заманғы оқу технологиясын пайдаланып, студенттердің білімін арттыру үшін инновациялық əдістерді пайдаланып сабақтар өткізуде.

 

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы:

1. Сейтханова Бибигуль Тулегеновна- кафедра меңгерушісі

2. Патсаева Лейла Анапиевна – профессор м.а.

3. Алимжанова Галия Тургангазиевна –аға оқытушы

4. Курманбекова Шырын Жумановна – аға оқытушы

5. Мұхтарқызы Фатима- аға оқытушы

6. Мендибаева Ботакоз Бахытбековна- аға оқытушы, магистр 

7. Абдраманова Айгерім Асылхановна – оқытушы, магистр

8. Толебаев Ерасыл – оқытушы.

9. Шаймерденова Гулбану Ғаниқызы- оқытушы.

10. Полатбекова Шапағат Төлегенқызы- оқытушысы

Лаборант:

1. Дуйсебекова Гүлзат - аға лаборант 

2. Мансурова Интизор –лаборант

3. Сейдіқаппар Ұлдана- лаборант

 

Кафедра мекен-жайы:

ҚР, Шымкент, .Әл-Фараби алаңы 3 үй, №2 оқу ғимараты

Телефон: Ішкі 401,402

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар