Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

 

 

1218 1

Физика және жоғарғы математика кафедрасы РГКП «ОҚММА» ректорының 1979 ж № 95 к бұйрығына сәйкес ұйымдастырылып, 01. 10. 1994 ж. «Медициналық физика, информатика және жоғарғы математика» кафедрасы болып қайта құрылды (РГКП «ОҚММА» ректорының № 303 к 29.09.1994 жылғы бұйрығы).Кафедраның алғашқы меңгерушісі ф.-м.ғ.к. Зинаида Владимировна Пак (1979 - 1984 жж.). Кафедра меңгерушілігін ары қарай ф.-м.ғ.к., доцент Мырзабеков Торежан Мырзабекұлы (1984 - 1994 жж.) және доцент Байзақов Үсен Ахметұлы (1994 ж.). Кафедра тарихы ф.-м.ғ.к., профессор Құдабаев Қанаш Жұмағазыұлымен тығыз байланысты, 1994 ж. бастап 31.05.2018 ж. дейін басқарған. 1.06.2018 ж. кафедра меңгерушісі болып ф.-м.н.ғ.к., доцент м. а. Иванова Марина Борисовна тағайындалды.

Кафедра оқыту, тәрбие беру, әдістемелік және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыратын және жүргізетін академияның негізгі бөлімі болып саналады. 

 

Кафедраның міндеттері:

• медициналық және фармацевтикалық бағыттағы жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту және оңтайландыру, әдістер және әдістемелік тәсілдердің формаларын іздеу;

• ақпараттық-комуникативтік технологияларды оқу үдерісіне енгізу және әдістемелік қамтамасыздандыру аумағын ұлғайту арқылы кафедраның оқу әдістемелік потенциалын дамыту;

• кафедраның ғылыми ізденіс жұмыстарын инновация-педагогикалық технологияларды өңдеуге сондай-ақ медико-биологиялық зерттеулердің нәтижесін сараптауға және интерпретациялауға бағыттау;

• тәрбие жұмыстарын студенттердің азаматтық және патриоттық сезімдерін арттыруға қалыптастыру адамгершілік және рухани байлығын, мәдениетін қалыптастыру, интелектуалды қабілеттерін арттыру сондай-ақ студенттерді салауатты өмір салтын сақтауға бағыттау;

 

 

1218 2

Иванова Марина Борисовна-кафедра меңгерушісі, доцент м.а.,ф.- м.ғ.к.

 

Иванова М.Б. ОҚМА (ОҚМФА) –ның «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасында 2014 жылдан бастап жұмыс жасайды. Оқытушылық қызметіндегі жалпы еңбек өтілі 17 жыл.

Педагогикалық ұстанымы: «Қарауды емес, көруді үйреніңіз».

Оқытылатын курсы: Биостатистика, Ақпараттық және коммуникативті технологиялар.

Бірнеше оқу-әдістемелік соның ішінде электрондық оқу құралдарының авторы және қосалқы авторы сондай-ақ оқытылатын пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің өңдеушісі. Оқу-әдістемелік және ғылыми семинар жұмыстарының белсенді қатысушысы. Математикалық физика және дифференциалдық теңдеулер аймағы бойынша ғылыми жұмыстармен сондай-ақ медико-биологиялық берілгендерді сараптау және өңдеумен айналысады. Тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Үнемі өзінің біліктілігін арттырып отырады. 

 

Кафедрада төмендегі пәндер оқытылады:

• ақпараттық-коммуникативті технологиялар;

• биостатистика;

• медициналық биофизика;

• физика;

• математика.

Пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Оқытылатын пәндер мазмұны жыл сайын жаңартылып отырады, жаңа жұмыс берушілер мен оқытушылардың және студенттердің талаптары ескеріле отырып жаңа курстар өңделеді.

ОҚМА-ның медбиофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасының ғылыми басымдығына оқу үдерісін жаңғыртуға, оңтайландыруға және жаңартуға мүмкіндік беретін электронды өнімдерді енгізу және оларды өңдеуді жатқызуға болады.Сондай-ақ кафедра ОҚМА бітірушілерінің шығармашылық өзін өзі дамыту мүмкіндіктерін қамтамасыздандыруда денсаулық сақтау,медицина және фармацевтикалық аймақтағы жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда педагогикалық технологиялар және ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізеді.

 

 

Қазіргі таңда кафедрада төмендегі оқытушылар жұмыс атқарады:

Иванова М.Б. кафедра меңгерушісі, доцент м.а., ф.- м. ғ.к.

Кудабаев К.Ж. профессор, ф.- м. ғ. к.

Орманова Г.К. доцент м.а., п.ғ.к.,

Бердиева М.А. доцент м.а., PhD

Байділдаева А.С. аға оқытушы

Қыдырбаева А.С. аға оқытушы

Халметов З.С. қолд.мат. және инф.магист., аға оқытушы

Халметова Ш.А. Ақп.жүй.магист., аға оқытушы

Абдрахманова Ж.Ж. пед.ғ.магист., аға оқытушы

Абдримова З.М. жарат.ғ.магист., аға оқытушы

Сыздық А.Н. пед.ғ.магист., аға оқытушы

Мауленова А.А. жарат.ғ.магист., аға оқытушы

Иманбаева М.А. пед.ғ.магист., аға оқытушы

Махамбетова М.А. пед.ғ.магист., аға оқытушы

Есжанов Ғ.П. оқытушы

Әшірбек Р.А. пед.ғ.магист., оқытушы

Базарбаева К.Е. жарат.ғ.магист., оқытушы

Ишанходжаева Л.А. оқытушы

Намаева Р.О. оқытушы

Саликбаева Л.Н. лаб.мең.

Живоедова И.А. аға. лаб.

Адилбекова Г.А. аға. лаб.

 

Мекен-жайы: Бас ғимарат, 5 қабат

Сымтетік(ішкі): 8 (7252) 40 82 22 (270). 

e-mail: Fіzmatіn@maіl.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар