Дәрілер технологиясы кафедрасы

 

 

 

Дәрілер технологиясы кафедрасының тарихы

Дәрілер технологиясы кафедрасы 1981 жылы құрылған. Кафедраның алғашқы қызметкерлері: кафедра меңгерушісі, фармация ғылымдарының кандидаты, доцент Чукурова Р.М., оқытушылар: Рысбекова З.М., Усенбаева Р.Б. Бүкілодақтық фармация ғылыми-зерттеу институтында Сағындықова Б.А. аспирантурада дайындықтан өтіп жатты.

1982 жылы "Дәрілердің зауыттық технологиясы", 1983 жылы "Биофармация" курстары ашылды. Дәрілер технологиясы кафедрасында: 

- Чукурова Р.М., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент - 1981-1993 ж.ж.

- Меңдібаев Б.Т. фармация ғылымдарының кандидаты, доцент -1993-1997 ж.ж.

- Сағындықова Б.А., фармация ғылымдарының докторы, профессор - 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.

Кафедра дамуына Рысбекова З.М (1981-1997 ж.ж.), фармация ғылымдарының кандидаты Усенбаева Р.Б. (1982-1998 ж.ж.), Абдуллабекова Р.М. (1982-1995 ж.ж.), фармация ғылымдарының докторы; Торланова Б.О., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент (1982 жылдан қазіргі уақытқа дейін); Куценко В.В., фармация ғылымдарының кандидаты (1982-1996 ж.ж.); Мартынова И.А., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент (1982 жылдан қазіргі уақытқа дейін); Башикова Г.Х., фармация ғылымдарының кандидаты (1985-1993 ж.ж.); институттың алғашқы түлектері, оқу озаттары Анарбаева Р.М., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент (1984 жылдан қазіргі уақытқа дейін); Булегенова Л.П., (1984-1996 ж.ж.); Жакупова Б.Ж. (1984-1990 ж.ж.); Тоқсанбаева Ж.С. фармация ғылымдарының кандидаты, доцент (1989-1998 ж.ж.) өз үлестерін қосты.

Кафедраның ғылыми-педагогикалық потенциалы жоғары. Олар Мәскеудің ең жақсы ғылыми мектептерінде: ССРО МҒА корр.-мүшесі, профессор Тенцова А.И. (Сағындықова Б.А., Абдуллабекова Р.М.), профессор Иванова Л.А. (Усенбаева Р.Б., Анарбаева Р.М.), профессор Бабанова Н.К. (Торланова Б.О.), ҚР МҒА корр.-мүшесі, профессор Ділбарханов Р.Д. (Мартынова И.А., Куценко В.В.) білім алған.

 

Сағындықова Баян Ахметовна – дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі,

фармация ғылымдары докторы, профессор.

 

Кафедра міндеттері

Кафедрада өз ғылыми мектебі құрылды. Профессор Б.А. Сағындықованың басшылығымен 6 фармация ғылымдарының ізденушілері кандидаттық диссертация қорғаған.

Дәрілер технологиясы кафедрасы фармацевтика факультетінің белді кафедраларының бірі ретінде жоғары білікті мамандар дайындауға үлкен үлес қосуда. Кафедра лабораторияларында қазіргі заманға сай қондырғылар орнатылған, приборлар, техникалық оқу құралдары бар.

Мамандарды 5В110300 – «Фармация», 5В074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», 0306000 – «Фармация» (орта кәсіптік білім) және «Фармация» мамандығы бойынша сырттай оқу бөлімі (2008жылға дейін), 6М110400 - «Фармация» магистратура мамандықтары бойынша дайындайды.

Кафедраға «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының оқу пәндері қосылуына байланысты 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кафедра атауы «Дәрілер технологиясы және инженерлік пәндер» кафедрасы болып өзгертілді, кейінен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» жеке кафедрада болып шығуына байланысты, 2015 жылдың маусым айында №71 бұйрыққа сай кафедра атауы қайта «Дәрілер технологиясы» болып өзгертілді.

Дәрілер технологиясы кафедрасында 1 фармация ғылымдарының докторы, профессор, 2 фармация ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы, 5 медицина ғылымдарының магистрлері жұмыс істейді. Магистратурада 5 магистрант білім алып жатыр.

 

Кафедрада алғаш рет қазақ тілінде оқулықтар шығарылды:

1. «Дәрілердің дәріханалық технологиясы» (Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М., 2008ж.).

2. «Дәрілердің өндірістік технологиясы» (Сағындықова Б.А.,2008ж.)

Кафедра қызметкерлері 10 жоғары оқу құралдарын орыс және қазақ тілдерінде дайындап шығарды (2003 жылдан бері).

Кафедра ұжымымен 1981 жылдан бері 400 аса ғылыми еңбектер, дәрілік препараттарға 2 тіркеме куәлік, 5 Уақытша Фармацевтикалық мақала, 12 патент басылып шықты.

 

1999 жылдан бастап дәрілер технологиясы кафедрасында жоғары және орта фармация мамандары үшін келесі цикл бойынша біліктілікті жетілдіру курстары өткізіледі:

1. Дәрілік құралдар өндірісіндегі инновациялық технологиялар.

2. Фармацевтикалық технологияның актуальды мәселелері.

2011 жылдан бастап жоғары және орта білімді мамандардың біліктілігін жетілдіру мақсатында Орал және Жамбыл облыстарында циклдар ұйымдастырылған.

Кафедрада студенттік ғылыми үйірме жұмыс істейді. 1991 жылдан бері 60-тан астам дипломдық жұмыстар мен жобалар қорғалды. Студенттер халықаралық, республикалық, аймақтық олимпиадаларға қатысады.

 

Негізгі оқыту пәндері

Кафедрада оқу жұмысы ҚР МЖМБС -2016 және кафедра жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Кафедрада төмендегі пәндер бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде типтік және жұмыс бағдарламалары бар:

1) 5В110300 – Фармация мамандығы бойынша 4 және 5курс студенттері үшін «Дәрілердің өндірістік технологиясы»;

2) 5В074800 –Фармацевтикалық өндіріс технолгиясы мамандығы бойынша 3 курс студенттері үшін «Фармацевтік технология негіздері»; 

3) 6М110400 – фармация мамандығы бойынша «Фармациядағы оқыту методологиясы негіздері»;

4) 6М110400 – фармация мамандығы бойынша «Фармациядағы ғылыми зерттеу методологиясы негіздері»;

Таңдау пәндері:

1) 5В110300 – Фармация мамандығы бойынша 3 курс студенттері үшін «Дәрілік түрлер технологиясы»;

2) 5В110300 – Фармация мамандығы бойынша 4 курс студенттері үшін «Биофармация және гомеопатиялық дәрілік түрлер технологиясы»;

3) 5В110300 – фармация мамандығы бойынша 5 курс студенттері үшін «Инновациялық фармацевтикалық технология»;

4) 5В110300 – фармация мамандығы бойынша 2 курс студенттері үшін «Мамандыққа кіріспе»;

5) 6М110400– Фармация мамандығы бойынша «Парафармацевтика және нутрицевтикалық препараттардың технологиясы»;

6) 6М110400 – Фармация мамандығы бойынша «Дәрілердің фармацевтикалық және медико-биологиялық аспектілері»;

7) 6М110400 – Фармация мамандығы бойынша «Тиісті фармацевтік тәжірибе»;

8) 6М110400 – Фармация мамандығы бойынша «Фармациядағы нанотехнология және биотехнология».

Кафедраданың профессор-оқытушылық құрамы мемлекеттік және орыс тілдерінде оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығарған:

- Б.А. Сағындықова«Дәрілердің өндірістік технологиясы»;

- Б.А. Сағындықова, Р.М. Анарбаева «Дәрілердің дәріханалық технологиясы» мемлекеттік тілде оқулықтары басып шығарылған;

- Б.О.Торланова«Машины и автоматы для фасовки и упаковки лекарственных форм»;

- И.А. Мартынова «Косметические лекарственные средства»;

- Б.А. Сагиндыкова, Б.О. Торланова, Р.М. Анарбаева, Б.С. Кыдыралиев «Биофармация и элементы фармакокинетики»;

- М.П. Маркевич «Руководство к лабораторным занятиям по биофармации» орыс тілінде басып шығарылған:

- Анарбаева Р.М. оқу құралы «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы »

Сонымен қатар басылымға шығаруға дайындалды:

Б.А. Сағындықованың оқу – методикалық құралы «Медициналық ерітінділерді стандарттау және экстракциялық препараттар» (рус., каз.).

Көптілділік бағдарламасы аясында өткізілетін пәндер

- 5В110300 – фармация мамандығы бойынша 5 курс студенттері үшін «Инновациялық фармацевтикалық технология» пәні орыс топтарында қазақ тілінде, қазақ топтарында орыс тілінде жүргізіледі;

- 5В110300 – фармация мамандығы бойынша 4 курс студенттері үшін «Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәнінен кейбір тақырыптар ағылшын тілінде жүргізіледі.

 

Кафедраның тәрбие жұмысы

Студенттердің білім алу қызметі мен ғылыми жұмыстармен айналысуына қатысу, оларда патриоттық және интернационалдық сезімдер қалыптастыру және халықтың ұлттық мұрасына ұқыпты қарауына ықпал етуде куратордың маңызы үлкен. Кураторлық топтарды саяси-идеологиялық тәрбиелеу облыстық өлкелік және саяси репрессияның құрбандары музейлерінде жалпы экскурсиялық және ағартушылық жұмыс түрінде жүргізіледі.Кафедра қызметкерлері студенттермен бірге Ж.Шанин атындағы драма театрына және қала кинотеатрына жиі барады. Әр тәрбие сағатында студенттердің үлгерімі және сабаққа қатысуы талқыланады.

Студенттер ОҚМФА көлемінде өткізілетін зиянды әдеттермен күресуге бағытталған «СПИД-ке қарсы күрес», «Темекі шегуге «ЖОҚ» деп айтамыз», «Мемлекеттік рәміздер» (ел таңба, ту, ән ұран), «Денсаулық фестевали» акцияларына және академияда, қалада, республикада ұйымдастырылатын спорттық шараларға белсенді қатысады.

 

Кафедраның ғылыми бағыттары

Кафедраның ғылыми жұмысының бағыты отандық өсімдік шикізаты негізінде дәрілік препараттар жасау және өндіріске жаңа технологияларды енгізу, сонымен қатар отандық өндірісте өндірілетін дәрілік препараттар технологиясын жетілдіру болып табылады.

Профессор Б.А. Сағындықова басқаруымен "Отандық өсімдік шикізаты негізінде жаңа дәрілік препараттар жасау және өндіріске енгізу" ғылыми-техникалық бағдарламасы орындалды ("Қабынуға қарсы препараттармен дәрі түрлерін жасау және оларды өндіріске енгізудің технологиялық және биофармацевтік аспектілері", ҚР Мемлекеттік тіркеу №0342). Бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулер оригиналды отандық субстанциялар: рихлокаин, алхидин, жергілікті шикізат – мия тамырының экстрактысы, глицирам негізінде дәрілік препараттар жасау және өндіріске енгізу бағытында жүргізілді.

Кафедраның ғылыми жұмысының бір бағыты болып фармацевтік кәсіпорындарда шығарылатын дәрілер технологиясын жетілдіру табылады. Осыған байланысты, профессор Б.А. Сағындықованың басқаруымен қабықшамен қапталған 0,02 г "Шүйгін шөп экстрактысы" таблеткалары, қабықшамен қапталған 0,2 г "Пирацетам" таблеткалары технологиясын жетілдіру бойынша зерттеулер жүргізілді және дженерикті таблеткалар технологиясы жасалды. Қосымша заттарды ғылыми-дәлелденген дәрежеде таңдау негізінде драждеуге арналған суспензияның құрамдары жетілдіріліп, жоғарыда аталған таблеткалар өндірісіне драждеудің суспензиялық әдісінің технологиясы жасалды. Қабықшамен қапталған 0,02 г "Шүйгін шөп экстрактысы" таблеткаларына (РК ВФС 42-619-2002); қабықшамен қапталған 0,2 г "Пирацетам" таблеткаларына (РК ВФС 42-527-2001) Уақытша Фармакопеялық мақалалары жасалып, бекітілді. Препараттар Қазақстан Республикасының дәрілік құралдар Мемлекеттік Реестрінде тіркелген (РК-ЛС-3 №005375; РК-ЛС-З №005147) және қазіргі уақытта "Химфарм" АҚ өнеркәсіптік көлемде шығарылып жатыр.

Профессор Б.А. Сағындықованың басқаруымен ғылыми топ бірнеше рет ғылым гранттар иегері атанды:

1. ҚР білім беру министрлігі ғылым қоры, 1999 ж.

2. ҚР денсаулық сақтау министрлігі 009 "Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы зерттеулер", 2003-2005 ж.ж.

3. Оңтүстік Қазақстан облысы инновациялық қоры, 2004 ж.

Кафедраның қызметкерлерімен химия және фармацевтиткалық технологияның актуалды бағыттары бойынша М.Әуезов атындығы ОҚМУ бірлесіп зерттеулер жүргізу саласында ынтамақтастық бойынша және «Жусан» ЖШС технологиялық жұмыстарды орындауға келісім шарттары жасалынды. Жасалынған дәрілердің фармакологиялық әсерін анықтау бойынша ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі ауруларды ғылыми-зерттеу институмен» ғылыми-еңбектік келісім шарты құрастырылды.

Профессор Б.А. Сағындықованың жетекшілігімен 6М110400-«Фармация» мамандығының ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша 12 магистрлік диссертация қорғалды: Тойшиева Б.Т. , Өмірбаева А.Е., Жузенова Г.А., Асылова Н.А., Сеитова Ж.Д., Исаков А.Қ., Аширов М.З., Рахымбаев Н.А., Аширов М.З., Дәулет Ә.Ғ., Нұрғали Ү., Джурабекова З.Д., Омарбекова А.А., Төлегенова Г.Б.

 

Студенттердің ғылыми үйірмелері

Кафедрада үлгерімі жоғары студенттер арасынан құралған студенттік ғылыми қоғамы жұмыс істейді. Әр студентке ҒЗЖ тақырыбының белгілі бір бөлімдері және ғылыми жетекшілер бекітілген. Қазіргі уақытта жүзім дәндерінің экстрактын және күнжіт майын қолданып дәрілік түрлер дайындау мүмкіндіктері бойынша жұмыстар жалғасуда. Студенттер ғылыми үйірмеде келесі жұмыстар бойынша дағдылар алады: патенттік ізденіс жүргізу; әдебиеттік шолу жасау; ғылыми әдебиеттер тізімін жасау; дәрілік түрлер технологиясын және құрамын жасау; дәрілік препараттарды стандарттау; эксперимент нәтижелерін талқылау; ғылыми-тәжірибелік конференцияға мақалалар және тезистер, баяндамалар дайындау.

Кафедраның ғылыми бағыты бойынша оқытушылар студенттермен жетекшілік етіп ғылыми жұмыстармен айналысады.

 

Қазіргі уақыттағы кафедраның қызметкерлік құрамы:

1. Сағындықова Б.А. - кафедра меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор;

2. Аанарбаева Р.М. - мед.ғ.к., профессор м.а.;

3. Мартынова И.А. - мед.ғ.к., профессор м.а.;

4. Тобагабылова Г.Н. -аға оқытушы;

5. Асылова Н.А. -мед.ғ.магистрі, аға оқытушы;

6. Тойшиева Б.Т. - мед.ғ.магистрі, аға оқытушы;

7. Төлегенова Г.Б. - мед.ғ.магистрі, аға оқытушы;

8. Исаков А.К. - мед.ғ.магистрі, аға оқытушы;

9. Омарбекова А.А. - мед.ғ.магистрі, аға оқытушы;

10. Калыбекова А.А. - жарат.ғ.магистрі, оқытушы;

11. Нұрбаева С.Е. -оқытушы;

12. Ермекова А.Б. -оқытушы;

13. Қыдырбаева Н. -аға лаборант;

14. Дарбичева Г.И. -аға лаборант;

15.Джандарова Қ.А. -лаборант.

 

 

Мекен – жайы:

Аль – Фараби алаңы 1, ОҚМА, бас ғимарат, 3-этаж, 301 кабинет.

Тел(ішкі): 237, 235

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар