Неврология, психиатрия және психология кафедрасы

 

 

1210 1

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының неврология кафедрасы 1994 жылы құрылған.  Кафедра құрылған күннен бастап Г.А. Дущанованың басқаруымен кафедрада ассистенттер Палачкина .Т.В., Пааль В.Э., Бекенов О.К., аспиранттар Тубанова М.А., Диханбаева Г.А. және  клиникалық  ординаторлар Туксанбаева Г.У., Байтуреева Г.С. қызмет атқарған.

Қазіргі таңда кафедрада бакалавриат студенттері, интерн- дәрігерлер және резиденттер білім алуда. Кафедра коллективі негізгі - оқу-әдістемелік, емдеу-диагностикалық (клиникалық), ғылыми-зерттеу және тәлім-тәрбиелік бағыттарда жұмыс  атқаруда.  

Оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты-жоғары білікті дәрігер кадрларды дайындауға қатысу. Студенттер мен дәрігер-интерндер кафедрада өздерінің курсына тән пән бойынша білім алады.  Жыл сайын кафедрада неврологияның өзекті мәселелері және дәрігер-невропатологтарды алғашқы дайындықтан өткізу бойынша циклдар жүргізіледі.

2005 жылдан бастап кафедрада медициналық кадрларды дайындауда халықаралық сапа стандарттары енгізілді.  Жоғары білімге қойылатын замануи талаптарға сай кафедра оқу үрдісіне білім берудің инновациялық технологияларын енгізуде.  

Кафедра үнемі оқу үрдісінің әдістемелік базасының нығаюына ат салысады, 25 оқу – әдістемесі жарияланды, неврология, инейрохирургия және аралық пәндер  бойынша 12 типтік бағдарлама өңделіп шығарылды.

Кафедра өзінің құрылған уақытынан бері Қазақстан Республикасының неврология ғылымының дамуында өзінің үлесін қосып келеді.1 докторлық және 14 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Кафедраның ғылыми зерттеулерінің нәтижесі 400 отандық және шетелдік баспаларда жарияланды, оның ішінде 2 монография, қазақ және орыс тілдерінде 16 оқу-әдістемелік нұсқаулықтар және 1 оқулық жарияланды.

Кафедра үнемі оқу үрдісінің әдістемелік базасының нығаюына ат салысады, 25 оқу – әдістемесі жарияланды, неврология, инейрохирургия және аралық пәндер  бойынша 12 типтік бағдарлама өңделіп шығарылды.

2018 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., профессор м.а. Н.А.Жаркинбекова тағайындалды.

 

 

 

1210 2

Н.А.Жаркинбекова 2018 жылдың 14-15 қыркүйегінде Шымкент қаласында өткен Бірінші Ортаазиялық Паркинсон ауруы және қозғалыстық бұзылулары бойынша конференциясын ұйымдастырды.

 

Кафедра міндеттеріне:

- колледж, бакалавриат,интернатура, резидентура және ҮДФ мамандарын дайындауда кафедраның негізгі міндеттерін орындауға бағытталған заманауи инновациялық технологияны қолдана отырып пәнді жоғарғы деңгейде меңгеруді қамтамасыз ету;

- оқу және көрнекті құралдарды өңдеп,енгізу,студенттердін білімін анықтауды қамтамасыз етуге арналған бақылау-анықтау жолдарын дайындау;

- мұғалімдердің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіру; 

- дәріс оқу барысында,тәжірибелік сабақ және жатақханада кезекшілік барысында тәрбие жумыстарын жүргізу.

 

Негізгі оқу бағыттары:

- Бакалавриат

- Интернатура

- Резидентура

- Колледж

- ҮКДФ

 

Неврология, психиатрия және психология кафедрасының пәндері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі. 

Силлабустар, тест сұрақтары және дәріс кешендері жыл сайын жаңартылады.

Кафедра коллективі неврологияның өзекті мәселелерінің әр түрлі бағыттарында ғылыми іздену үстінде.

Кафедра мұғалімдері өздерінің кәсіби деңгейлерін үнемі жоғарлату үстінде, аймақтық-республикалық және халықаралық деңгейлердегі  ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндама жасайды, республикалық және академияішілік семинарлардың жұмысына қатысады.

Кафедра коллективі неврологиядағы мәселелерді шешудегі  дүниежүзілік тәжірибені қолдана отырып  үнемі ғылыми ізденіс үстінде, өзіміздің ғылыми зерттеулеріміздің нәтижелері өз елімізді және шет елдерде бірнеше рет лайықты деңгейде көрсетілді. Кафедра қызметкерлері Ресейдің, Германияның, Швецияның, Венгрияның, Чехияның, Австрияның, Бельгияның, Испанияның көптеген халықаралық форумдарына қатысты. 

Қазіргі таңда кафедрада ООО «НПФ Материя Медика Холдинг» біріге отырып, «Стресс және басқа да невротикалық бұзылыстармен байланысты науқастарды емдеуде препаратардың әр түрлі схемаларын эффективтілігі мен қауіпсіздігін параллельді топтарда халықаралық көпорталықтық қосарланған соқыр плацебо-бақыланатын рандомизирленген,  клиникалық зерттеулер» жүргізу үстінде.

2017 жылдың ақпанында Мәскеу қаласында осы зерттеу бойынша тренинг жүргізілді., онда кафедраның 3 қызметкері қатысып, Good Clinical Practice (GCP) сертификатын алды.

Кафедра конференциялар, семинарлар, конгресстер, ұйымдар мен мастер-класстардың ұйымдастырушысы және белсенді түрде қатысушысы.

 

Қазіргі таңдағы кафедра құрамы: 

Н.А. Жаркинбекова– м.ғ.к., профессор м.а.,кафедра меңгерушісі

Г.А. Дущанова– м.ғ.д., профессор

Г.У. Туксанбаева – м.ғ.к., доцент м.а.

Г.А. Мустапаева – м.ғ.к., доцент м.а.

С.А. Чумаков – м.ғ.к., доцент м.а.

Д.Б. Оразалиева – м.ғ.магист., оқу ісінің меңгерушісі

С.К. Еркебаева – PhD докторы, доцент м.а.

Г.Е. Толебаева – м.ғ.магист.

С.К.Сабырханова - м.ғ.магист.

Г.У. Тулепбергенова - м.ғ.магист.

С.К.Мусаева – оқытушы

Х.А.Сайтмуратов – м.ғ.магист., оқытушы

С.Ш. Сайтмуратова – м.ғ.магист., оқытушы

М.М.Жарылқап – аға лаборант

С.М.Жакипова – аға  лаборант

Ж.М. Джусубалиева – лаборант

 

Адрес және байланыс ақпараттары:

Адрес: Б.Момышұлы21А, «Айнұры» клиникасы 3-этаж

Тел(ішкі): -

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар