Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы

 

 

1223 1

 

Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы 1982 жылы құрылды. 1982-1994 жылдары кафедраның негізін қалаушы және бірінші меңгерушісі профессор И.Ш. Забиров, Қазақстанда алғаш рет ауруханаларда «Клиникалық фармация» мамандығын ашты. Сондай- ақ, ол клиникалық фармакология және фармакотерапияның жетістіктерін тәжірибелік денсаулық сақтауға белсенді түрде енгізді.

1994 жылы кафедраны м.ғ.к., Мырзалиев Б.А басқарды.

1994 жылдан 2015 жылға дейін кафедраның меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Орманов Н.Ж. атқарды. Оның жетекшілігімен жоғарғы оқу орындарының фармацевтикалық факультеттерінің студенттеріне фармакология бойынша оқу- жұмыс жоспары әзірленді.

2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедрада меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, Керимбаева З.А. Оның басшылығымен медициналық көмек сапасын жақсару мақсатында медициналық білімі берудің реформасына сай, кафедрада дәлелді медицина қағидалары оқу үрдісінтеріне енгізілуде. Кафедра 2016 - 2019 жылдарға арналған «Медициналық білім беруді модернизациялау» мен Жол картасы жобасын іске асыруға қатысады. «Медициналық білім мен ғылымды реформалаудың» кіші компоненті шеңберінде, оқу үрдісінде диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын енгізуді жүзеге асыруда.

Кафедрада Керимбаева З.А. жетекшілігімен «Фармация» мамандығы үшін «Клиникалық фармацевт» жаңа модульдік білім беру бағдарламасы, сонымен қатар «Медицина» және «Фармация» мамандығы бойынша магистранттарға арналған «Дәрілік заттарды тиімді қолдану» модульдік оқу бағдарламасы өңделіп, оқу үрдісінде пайдалануда.

Керимбаева З.А. магистранттардың және PhD докторанттардың ғылыми жетекшісі болып табылады. Жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық ғылымдар бойынша жас ғалымдардың ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқаудың жеңімпазының жетекшілігі үшін, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорынан алғыс хат алды.

2017 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулык сақтау үздігі» төс белгісімен марапатталды.

Әр түрлі уақытта кафедрада жұмыс жасағандар ф.ғ.д., профессор Абдуллабекова Р.М., м.ғ.к. Корольчук Е.И., м.ғ.к., доцент Даниярова А.Ж., ф.ғ.к. Попандопуло П.Х., Викторенко С.Н., м.ғ.к. Атанбекова Д.П., б.ғ.к. Орманов Т.Н., ф.ғ.к. Кадеева М.С., ф..ғ.к. Ибрагимова А.Г.

 

Негізгі мақсаттары мен міндеттері

Кафедраның мақсаты жоғары кәсіптік білімі бар, академиялық дәрежесі бар студенттерді даярлау, кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады.

Кафедра келесі міндеттерді орындау арқылы қойылған мақсаттарды іске асырады:

- кафедраның құзыреті шеңберінде сапа саласындағы «ОҚМА» АҚ Саясатын және Міндеттерін іске асыру;

- сапа менеджменті жүйесінің талаптарын қанағаттандыру

- стратегияны айқындау және оның жұмысын жоспарлау туралы шешім қабылдау;

- еңбек нарығында сұранысқа ие терең теориялық және қажетті тәжірибелік білімі бар ЖМББС талаптарын жүзеге асыратын, кафедраға бекітілген негізгі жоғарғы кәсіби білім беру бағдарламалары, жоғарғы оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіби білім беру бағдарламалар бойынша мамандарды дайындап шығару;

- оқу жоспарымен, пәннің бағдарламасымен бекітілген жоғарғы кәсіби білім берудің заңнамалық және норматативтік актілеріне сай бекітілген пәндер бойынша оқу үрдісін жүргізу;

- білім беру және ғылыми қызметтегі студенттердің зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау;

- негізгі білім беру бағдарламаларын ұйымдастырушылық, ғылыми және оқу- әдістемесін жетілдіру;

- жаңа оқыту технологияларын дамыту;

- кафедраның профиліне сәйкес Қазақстан Республикасының және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен, кәсіпорындармен және ұйымдармен байланыстарды нығайту.

 

Негізгі оқу курстары

5В110300- «Жалпы тәжірибелі фармацевт» траекториясы бойынша «Фармация» - Модуль «Фармакология және фармакотерапия» - 3-5 курс.

5В110300- «Клиникалық фармацевт» траекториясы бойынша «Фармация» - Модуль «Фармакология және фармакотерапия» - 3-5 курс.

5В110300- «Фармация менеджері» траекториясы бойынша «Фармация» - Модуль «Фармакология және фармакотерапия» - 3-5 курс. 

5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша «Фармакология негіздері» - 3 курс.

5В110100 - «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша «Фармакология негіздері» - 2 курс.

Сонымен, кафедрада 2006 және 2017 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беру стандарты бойынша 6-7 курс студенттеріне арналған «Клиникалық фармакология» пәні оқытылады.

 

Кафедрада «Медицина» және «Фармация» мамандықтарының магистранттары «Клиникалық фармакология» және «Клиникалық фармацевт» траекториялары бойынша білім алады. Кафедрада күндізгі және қашықтықтағы оқу түрінде ББҮЖ курсанттары (дәрігерлер және фармацевтер) үшін бастапқы қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары жүргізіледі

Кафедраның клиникалық базасы ОҚО Облыстық кардиологиялық орталығы, облыстық балалар клиникалық ауруханасы және ТОО «Денсаулық» болып табылады.

Кафедраның барлық пәндері қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, пәннің ОӘК әзірленген. Кафедрада көптілділік саясаты жүргізіледі (қазақ, орыс, ағылшын тілі), қосымша «Фармакология» және «Фармацевтикалық демеу», «Дәрілік заттарды тиімді қолдану» және «Клиникалық фармакология» пәндері бойынша үш тілде ОӘК даярланған.

Жұмыс бағдарламалары мемлекеттік стандарттар мен стандарттық бағдарламалар бойынша әзірленіп, жүйелі түрде жаңартылып отырады, сонымен қатар бакалавриат, интернатура және магистратура деңгейлерінде элективті пәндер каталогы жыл сайын қайта қаралады. Жыл сайын пәндерге толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Кафедрада оқытылатын пәндерінің әдебиеттері үнемі жаңартылып отырады.

Кафедрада «Медицина» және «Фармация» мамандықтарының магистранттары «Клиникалық фармакология» және «Клиникалық фармацевт» траекториялары бойынша білім алады. Кафедрада күндізгі және қашықтықтағы оқу түрінде ББҮЖ курсанттары (дәрігерлер және фармацевтер) үшін бастапқы қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары жүргізіледі

Кафедраның клиникалық базасы ОҚО Облыстық кардиологиялық орталығы, облыстық балалар клиникалық ауруханасы және ТОО «Денсаулық» болып табылады.

Кафедраның барлық пәндері қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, пәннің ОӘК әзірленген. Кафедрада көптілділік саясаты жүргізіледі (қазақ, орыс, ағылшын тілі), қосымша «Фармакология» және «Фармацевтикалық демеу», «Дәрілік заттарды тиімді қолдану» және «Клиникалық фармакология» пәндері бойынша үш тілде ОӘК даярланған.

Жұмыс бағдарламалары мемлекеттік стандарттар мен стандарттық бағдарламалар бойынша әзірленіп, жүйелі түрде жаңартылып отырады, сонымен қатар бакалавриат, интернатура және магистратура деңгейлерінде элективті пәндер каталогы жыл сайын қайта қаралады. Жыл сайын пәндерге толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Кафедрада оқытылатын пәндерінің әдебиеттері үнемі жаңартылып отырады.

 

Кафедраның ғылыми бағыты

Кафедрада ғылыми жұмыстар белсенді жүргізілуде. Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының ғылыми бағыты «Қазақстандағы дәрілік өсімдіктерді фармакологиялық зерттеу және отандық дәрілік заттарды дамытудың алғышарттарын жасау» және «Дәрілік заттарды тиімді қолдануды фармакоэпидемиологиялық және фармакоэкономикалық зерттеу».

Қазіргі кезде 4 ғылыми жоба іске асырылуда, оның біреуі хирургия кафедрасымен бірлескен. Кафедрада осы бағытта 3 жоба жүргізілуде:

1. «Асқорыту жүйесіне әсер ететін дәрілік өсімдіктердің сығындылары мен компоненттерінің фармакологиялық қасиеттерін зерттеу».

2. «Ағзаның ксенобиотикке жеке сезімталдығына байланысты ревматоидты артритпен ауыратын науқастардың дифференциалды фармакотерапиясының тиімділігін және қауіпсіздігін арттыру»

3. «Жеке сезімталдыққа байланысты ишемиялық инсультпен науқастарда цитопротекторларға тиімді фармакотерапияны жасау және енгізу»

ҒТП хирургия кафедрасымен бірге:

«Перитонитты емдеуде антибиотикалық терапияны қолдануды фармакоэкономикалық негіздеу»

Ғылыми жобаларды іске асыру клиникалық зерттеулерде жетістіктерге және студенттерге өзінің теориялық және практикалық білімдерін нығайтуға мүмкіндік береді. Ғылыми жобалар шеңберінде магистрлік диссертациялар жазылады. Кафедраның ғылыми бағыттағы серіктестері: ҚазҰМУ фармакология кафедрасы, «Астана медициналық университеті» АҚ фармакология ғылыми-зерттеу орталығы; «Химфарм» АҚ зерттеу және дамыту департаменті және Республикалық ветеринариялық зертхананың Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы.

Кафедрада 19 адамнан тұратын студенттердің ғылыми үйірмесі бар. Сондай-ақ, студенттер SANTO фармацевтикалық фирмасымен бірге емдік әсерін жақсарту мақсатында «Мукалтин таблеткаларының жаңа құрамын өңдеу» атты бірлескен ғылыми жұмыстарға қатысады. Зерттеу міндеттеріне «Мукалтин» препаратының құрамын және механизмін зерттеуді, сондай-ақ «Мукалтин» препаратының жаңа құрамын өңдеуге ұсынылған қосымша белсенді заттарды негіздеу жатады. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

Профессорлық- оқытушылық құрам ОҚМА және басқада мекемелерде өткізілетін конференцияларға белсенді қатысады. 2015 жылы «ҚазҒЗВИ» бірлесіп, «Сальмонелла бакмассасының жедел жинақталуының әдісін өңдеу» ғылыми бағдарламасы аясында коммерциализация жүргізілді.

 

1223 2

Кафедра меңгерушісі: медицина ғылымдарының докторы, профессор, Керимбаева Закира Амировна

2002 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының диссертациялық кеңесінде «Фармакология және клиникалық фармакология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2010 жылы «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ Диссертациялық кеңесінде «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады. 2011 жылы медицина ғылымдарының докторы атанды, докторлық диссертацияның тақырыбы «Медико-социальные аспекты использования фармакоэпидемиологических и фармакоэкономических исследований для обоснования интегрированной модели первичной и вторичной профилактики артериальной гипертензии». 2015 жылдан бастап фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі.

«Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер (2015ж.). 2011 жылы Израильдің Хайфа қаласындағы көп салалы мемлекеттік емдеу клиникасында «Bas successfully completed a training in Ebidence Based Medicine, Clinical Pharmacology» мамандығы бойынша (216 сағат) «Бней-Сион» медициналық орталығында білім алды. 

Оқу бағдарламалары бойынша білім сапасын қамтамасыз ету Тәуелсіз Қазақстандық агенттіктің және «Мемлекеттік ғылыми сараптама Ұлттық орталығы» АҚ сарапшысы. «Навигатор фармации» танымал ғылыми журналының ғылыми редакторы. «Қоғамдық денсаулық сақтау» (ХҚТУ, КазҰМУ, ММУ Семей қ,) мамандығы бойынша диссертациялық (PhD) жұмыстарға рецензент болып табылады.

2 монография, 3 оқулық, 6 әдістемелік құрал, 4 оқу құралы және 2 әдістемелік нұсқаудың авторы. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының әртүрлі аспектілеріне арналған 190-ға жуық ғылыми еңбектері жарық көрді.

«Фармация» мамандығының салалық біліктілік шеңбері бойынша жұмыс тобының мүшесі. 5В110300 «Фармация» мамандығы бойынша 2017 жылғы жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарына сай жасалған фармакология пәнінен Типтік оқу бағдарламасының авторы. 

ҚР ДСМ 29 нояюря 2017 ж.№0509 "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төс медалі бар. Алматы қ.жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми жұмысты басқарғаны үшін ҚР Тұңғыш Президенті Қорынан алғыс хат 2010ж.

  

 

Қызметкерлер тізімі:

1. Керимбаева З.А. - м.ғ.д., профессор, каф.меңгерушісі;

2. Орманов Н.Ж.- м.ғ.д., профессор;

3. Абуова Г.Т.- биолог.ғ.к., доцент м.а.;

4. Орманова Л.Н.- м.ғ.к., и.о. доцента м.а.;

5. Сырманова Н.Р.- мед.ғыл.магистрі,аға оқытушы;

6. Асан А.А.- мед.ғыл.магистрі, оқытушы;

7. Ким О.Т. - мед.ғыл.магистрі, оқытушы;

8. Кудабаева Ж.К. - мед.ғыл.магистрі, оқытушы;

9. Назарбаева Г.Н. - мед.ғыл.магистрі, оқытушы;

10. Айткулова Л.А.- педиатр дәрігер, оқытушы;

11. Әуел Д.Б.- оқытушы;

12. Лебедева А.С.- оқытушы;

13. Патсаева К.К.- оқытушы;

14. Жұмағұл Қ.К.- оқытушы;

15. Ниязова Г.Н. - аға лобарант;

16. Нұржан А.Б.- аға лобарант;

17. Қалдарбек А.К.- лаборант. 

 

Кафедраның мекен-жайы:

Мекен-жайы: Республика Қазақстан, Шымкент қ., Аль-Фараби алаңы №1, бас ғимарат, 4 қабат.

Байланыс телефон: 8 (7252) 40-82-22 (ішкі 249, 227)

Кафедраның электронды мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар