Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы

 

 

1213 1

Кафедра тарихы

Ішкі аурулар пропедевтикасы және факультеттік терапия кафедрасы 1994 жылдың ақпан айында құрылған. Кафедра базасында «Мейірбике ісі негіздері» және «Науқастардың жалпы күтімі» курстары ұйымдастырылды. Кафедраның ұйымдастырылуына және құрылуына, оқу-әдістемелік құжаттардың жүйелендірілуіне, кафедраның клиникалық базасын нығайтуға профессор Түзелбаев Н.К.; профессор Ысқақов Б.С.; профессор Байдурин С.А.; профессор Бекмурзаева Э.Қ., қауым. профессор Қауызбай Ж.А., доцент Ажмұханбетова А.Ж.; доцент Юнусходжаева Г.Д.; доцент Бейсетаев О.Б.; доцент Қойбақов М.Б.; м.ғ.д. Сейдеметов А.С.; м.ғ.к. Сейдахметова А.А., белсенді ат салысты.

2010 жылы кафедра - «Терапия бакалавриат» болып аталды, ал 2018 жылдың 12 сәуірінен бастап кафедра – «Ішкі аурулар пропедевтикасы» болып өзгертілді. 2018 ж 1 наурыз айынан бастап кафедра меңгерушісі - қауым. профессор Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы.

 

Кафедра міндеттері:

- кафедра құзіреттілігі аясында ОҚМА-ның сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын жүзеге асыру;

- сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) талаптарын орындау;

- жоғарғы кәсіби білім берудің заңдық және нормативтік актілеріне, бекітілген оқу жоспарына, пән бағдарламаларына сәйкес бекітілген пәндерге сай оқу үдерісін жүзеге асыру;

- білім беру және ғылыми жұмыс үдерісінде студенттердің интеллектуальді, мәдени және рухани дамуындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау;

- негізгі білім беру бағдарламаларын ұйымдастырушылық, ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылуын жетілдіру;

- оқытудың жаңа технологияларын өңдеу. 

Кафедрада оқытылатын пәндер:

Бакалавриат

Үш тілде оқытылатын пәндер:(қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)

1 курс «Жалпы медицина» факультетінің студенттеріне арналған «Мамандыққа кіріспе» пәні бойынша: 

2017-2018 оқу жылында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2006 ЖМБС- сай пән алғаш рет енгізілді. «Мамандыққа кіріспе» пәні, науқастардың күтімі және қаралуын, әдістері мен білімдерін, санитарлық эпидемиологиялық тәртіппен қамтамасыз етілуін,тәжірибелік денсаулық сақтаудағы емдік мекемеде жұмысты ұйымдастыру негізімен студенттерді таныстыру. «Мамандыққа кіріспе»пәні медициналық жоғары оқу орындарында тәжірибелі дәрігердің бақылауы мен қарым қатынасы барысында науқастың және олардың мәселерін түсінуге мүмкіндік беретін қағидалары болып табылады. Науқастың күтімі кезіндегі тәжірибелік дағдыны студент өзінің білімі мен тәжірибесін коммуникативті дағды негізінде жүзеге асыра алады.

2 курс «Жалпы медицина» факультетінің студенттеріне арналған «Клиникаға кіріспе» пәні бойынша: 

2016-2017 оқу жылында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2006 ЖМБС- сай пән алғаш рет енгізілді. Клиникаға кіріспе пәні - науқастардың күтімі және олардың бақылау негіздерін, арнайы білім мен әдістерін,науқастарға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуін,манипуляциялық техниканы білуін,мейірбикелік үрдісті ұйымдастыруын, күтім мен бақылауды қажет етуін, науқастармен клиникада жұмыс жасау қағидаларының негізін оқытады. 

3 курс «Жалпы медицина» факультетінің студенттеріне арналған «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша:

2018-2019 оқу жылында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2017 ЖМБС- сай пән алғаш рет енгізіледі. Ішкі аурулар пропедевтикасының мәні: науқастарды зерттеу барысында олардың ішкі ағзаларының семиотикасын және синдромды диагностикасын оқыту. Дәрігерлерді дайындау барысында,олардың білімі мен дағдысын қалыптастыруда негізгі пән ретіндетәжірибелік дағды мен біліктілікке енгізу болып табылады. Ішкі аурулар пропедевтикасының негізгі мақсаты болып, науқастың ішкі ағзаларын аспаптық және зертханалық талдау арқылы синдромды диагностикалау негізінде байланыстыра отырып, клиникалық зерттеу әдістерін оқыту болып табылады.Пропедевтикалық терапияның негізгі мақсатын жетілдіре отырып, барлық мамандықтардағы дәрігерлерді сапалы дайындауға жол ашады.

Студенттерге ішкі аурулар пропедевтикасы мен негізгі пәнді интеграциялық оқытуда әр жүйені тізбектік негізінде үйретуге болады. Адам ағзасының сегіз жүйелік модульдік принципі бойынша негізделеді: тыныс алу, жүрек- қантамырлар,асқазан, зәр шығару, эндокриндік, қантамырлар жүйесі, жүйке жүйесі,тірек қимылдық пентері және оның қосымшалары.

Пәнді оқытудың міндеттері:

- науқасты физикалық тексерудің негіздерін, клиникалық ойлаудың негізгі элементтерін, дәрігерлік этика мен деонтологияның негізгі қағидаларын оқыту;

- терапиялық бөлімдегі науқасқа госпитальді және госпитальге дейін медициналық көмек көрсету барысында сұрастырудың ерекшелігін үйрету;

- науқасты физикалық зерттеу барысындағы негізді үйрету;

- зертханалық зерттеудің тактикасын және зертханалық талдауды интерпретациясын оқыту;

- терапиялық бөлімдегі науқастарға аспаптық зерттеудің негізгі әдістемесін оқыту;

- терапиялық аурулардың негізгі симптомдары мен синдромдарын оқыту. 

 

Мейірбике ісі факультетінің 3 курс студенттеріне:

• Таңдау бойынша компонент–ішкі аурулар (6 семестр, 3-кредит)

Кәсіби техникалық білім беру факультетінде:

• Терапиядағы ішкі аурулар пропедевтикасы және мейірбике ісі (мейірбике ісі мамандығының 3-4 курс оқушыларына)

• Ішкі аурулар (емдеу ісі мамандығының 3-4 курс оқушыларына, акушер ісі 2-3 курс оқушыларына)

• Алғашқы дәрігерлік көмек (фармация мамандығының 1,3 курс оқушыларына)

• Коммуникация негіздері (стоматология мамандығының 1 курс оқушыларына)

• Жұқпалы аурулар курсы мен ішкіаурулар (стоматология мамандығының 2-3 курс оқушыларына).

 

Дипломнан кейінгі оқыту–магистратура:

1 курс магистратура-Клиникалық медицинадағы зерттеу әдістері, клиницисттің коммуникативті дағдылары, геронтология мен гериатриядағы өзекті сұрақтар,. 

2 курс магистратура- пульмонологиядағы өзекті сұрақтар, кардиоревматологияны емдеуде және диагностикалаудағы заманауи әдістер, терапиядағы гастроэнтрология және гепатологиядағы өзекті сұрақтар,терапиядағы нефрологияның өзекті сұрақтары,эндокринология және гематологиядағы өзекті сұрақтар.

Резидентура: Жұқпалы аурулар мамандығына - ішкі аурулар курсы.

 

Оқу-әдістемелік жұмыс:

Кафедра өз жұмыстарын оқу - әдістемелік, клиникалық және ғылыми зерттеу, тәрбиелік іс –шараларды қамтитын жылдық жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырады. Кафедра жұмыстарының мәселелерін талқылау үшін ай сайын бір рет кафедра мәжілісі өткізіледі. Кафедраның оқу - әдістемелік, тәрбие және ҒЗЖ т.б. құжаттары ИСО – 9000- 2001 талаптарына сай жүргізіледі. 

Кафедраның іс – қағаз құжаттарының тізбесі академия іс номенклатурасы арқылы анықталады. Кафедрада ЖМББ стандартына сәйкес 5В110100 – «Мейірбикеісі»,5В110300 «Фармация» және 5В130100 «Жалпы медицина» ТжКББФ–нің мамандықтары бойынша типтік оқу бағдарламаларға 0301013 «Фельдшер», 0304023 «Дантист», 0306013 «Фармация» 0302033 «Жалпы тәжірибелі мейірбике» мамандықтарына сәйкес әр жылы оқу жұмыс жоспары, жұмыс оқу бағдарламалары қайта қаралып талқыланады.Әр оқу жылында кафедрадағы оқытылатын пәндер жаңа бағдарлама бойынша әдістемелік жағынан толық қамтамасыз етіледі.

Барлық пәндерден емтихан алу мақсатында тест сұрақтары және ОҚТЕ, ОҚКЕ әдістемелік нұсқаулары әр оқу жылы қайта қаралып, өңделіп, тексеру ден өткізіледі.

Оқу барысында инновациялық белсенді әдістер (CBL,TBL,RBL) қолданылады, оқыту клиникалық ойлау дағыдысын қалыптастыру мен науқастарды клиникалық талдауға негізделеді. 

Кафедраның клиникалық жұмысы: 

Кафедра қызметкерлері терапевт негізінде ШҚЖМКК және ОКА офтальмологиялық бөлімшесіндегі науқастарына белсенді түрде консультация береді. Кафедра қызметкерлері оқу үрдісіне тәжірибелі денсаулық сақтаудың тиімді диагностикалық технологиясы мен ішкі патологияны емдеу негізінде дәрігерлер үшін семинар мен мастер класстар өткізеді. Кафедра меңгерушісі мен қызметкерлер қала мен облыс тұрғындарына тұрақты мамандандырылған консультациялық көмек береді.

Кафедраның ғылыми жұмысы

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының оқытушыларымен әртүрлі бағытта ғылыми зерттеу жұмыстары үзіліссіз жүргізіліп, оқу үрдісіне жаңа клиникалық және педагогикалық технологиялар енгізіліп отырады. Кафедрада «Өңірдің климаттық-метереологиялық және экологиялық факторларын ескеріп, біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсету жағдайында негізгі жүрек-тамыр ауруларының кешенді профилактикасы және өлімге ұшырау оқиғалар санын азайту» атты Астана медицина университетімен бірге №МТ 0118РК00979 ғылыми –ізденіс жұмыс 2018 ж. наурыз айынан бастап жүргізіледі. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларда жүйелі түрде қатысады.

Кафедрада студенттік ғылыми «Диагност» үйірмесі белсенді түрде жұмыс атқаруда.

 

Кафедраның оқу құралы: 

Оқу құралы мен кітаптың аты

Авторлар

Баспа

ISBN

Бекітілуі

Қан аурулары

Байжанова К.Т., Бекмурзаева Э.Қ.

Оқу құралы

9965-833-40-0

ӘК №5 от 24.05.2010

2

Синдромдық диагностика негіздерімен науқасты тексеру

Бекмурзаева Э.К., Седахметова А.А.,

Азизова А.А., Умиралиева Г.А., Сейдалиева Ф.М.

Оқу құралы

978-601-208-562-8

ӘК №12 от 24.06.2014

3

Современная диагностика часто встречающихся заболеваний эндокринной системы

Бекмурзаева Э.К., Сметова Р.А., Сейдалиева Ф.М., Аралбаева Л.Б.

Учебное пособие

978-601-305-142-0

ӘК №6 от 22.12.2015

4

Эндокринді жүйенің жиі кездесетін ауруларының заманауи диагностикасы

Бекмурзаева Э.К., Сметова Р.А., Сейдалиева Ф.М., Абдукаримова Ж.М., Жиен А.К.

Оқу құралы

978-601-305-141-3

ӘК №6 от 22.12.2015

5

Профилактика социально-значимых заболеваний

Бекмурзаева Э.К., Сейдалиева Ф.М., Сметова Р.А., Корганбаева Х.Т.

Учебное пособие

978-601-305-211-3

ӘК №12 от22.06.2016

6

Әлеуметтік мәнді аурулардың алдын алу

Бекмурзаева Э.Қ., Азизова А.Ә., Сметова Р.А., Абдукаримова Ж.М.,

Қорғанбаева Х.Т., Ботабекова А.Қ.

Оқу құралы

978-601-305-275-5

ӘК №9 от 26.05.2017

 

 

1213 2

Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы

кафедра меңгерушісі,м.ғ.к, қауым.профессор

 

Қазіргі кезде кафедрада келесі қызметкерлер жұмыс жасайды:

1. Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы кафедра меңгерушісі,м.ғ.к, қауым.профессор

2. Бекмурзаева Эльмира Қуанышовна д.м.н.,профессор

3. Корганбаева Хилала Турсункуловна оқу ісінің меңгерушісі

4. Байдуллаев Бахрам Музаффарович ассистент

5. Абдукаримова Жанар Маулешқызы ассистент

6. Тасқынова Мая Адильбековна ассистент

7. Аманова Эльмира Оспановна ассистент

8. Аралбаева Лазат Буралхановна оқытушы

9. Сакиева Шахризада Сайфуддиновна оқытушы

10. Нұрмет Әсел Дүйсенбекқызы оқытушы

11. Рустемова Ботагөз Болатқызы оқытушы

12. Юнусметов Эльдор Шавкатович оқытушы

13. Қалшабекова Гулмира Орынбекқызы аға лаборант

14. Садыбек Мерей Нуралықызы лаборант

15. Жұмаділдаева Асель Жомартқызы лаборант

Қосымша: 

16. Абдраимова Сауле Ермековна ассистент

17. Аширов Болат Анварович оқытушы

18. Азизова Алтынай Абдалиевна оқытушы

19. Ибрагимова Роза Бахтиярқызы оқытушы

20. Абдибаева Сауле Миралбаевна оқытушы

 

Мекен - жайымыз:

«Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының орналасуы базасы:

Д. Құрманбеков көшесі №2.

Эл.мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар