Гигиена және эпидемиология кафедрасы

 

«Гигиена және эпидемиология» кафедрасы 1994 жылы бастапқы атауы «Жалпы гигиена азаматтық қорғаныс курсымен» деп ұйымдастырылып, құрылды.

Ең алғаш рет кафедра базасы бас дәрігер - м.ғ.к Б.К. Торғауытовтың жетекшілігімен ОҚО Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында құрылды. Сол жылы Алматыдан м.ғ.д. профессор Ж.Т. Тұрлыбеков кафедра меңгерушілігіне арнайы шақырылды. Кейіннен «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» кафедрасының ұйымдастырылуына байланысты Ж.Т.Тұрлыбеков сол кафедраның меңгерушісі қызметіне ауыстырылды.

1995 жылдың ақпан айынан бастап, кафедра меңгерушілігіне ҚР ҰҒА корр. мүшесі, м.ғ.д., профессор Б.Е.Алтынбеков тағайындалды. Профессор Б.Е. Алтынбековтың басшылығымен 9 кандидаттық диссертация қорғалып, Оңтүстік Казақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары үшін санитарлық-гигиеналық профильдегі жоғарғы санаттағы мамандар дайындалды. 

2002 жылы кафедраның қайта құрылуына байланысты «Әлеуметтік медицина» кафедрасы «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасымен біріктірілді. 2003 жылдан мемлекеттік аттестациялық комиссияның шешіміне сай штаттық кестеге негізделіп, кафедралар бөлініп, кафедра «Жалпы гигиена және экология» деп аталды.

2012 жылдың 27 шілде күні Ғылыми Кеңестің шешіміне сай (хаттама №11), штаттық кестеге негізделіп ректордың 14.07.2012ж. №191 бұйрығымен «Жалпы гигиена және экология» кафедрасы екіге бөлініп, «Гигиена-1» кафедрасы деп аталды.

2012 жылдың 21 қараша күні Ғылыми Кеңестің шешіміне сай және ректордың №241п бұйрығымен «Гигиена-1» кафедрасы «Дене шынықтыру» кафедрасымен біріктіріліп, «Гигиена-1, денешынықтыру және валеология» кафедрасы деп аталды. 

2016 жылдың 1 қыркүйек күні «Гигиена-1» кафедрасына «Эпидемиология» пәнінің қосылуына байланысты, Ғылыми Кеңестің шешімімен кафедра атауы «Гигиена-1 және эпидемиология» депөзгертілді. 

2017 жылдың 31 тамыз күні Ғылыми Кеңестің шешіміне сай және ректордың №241п бұйрығымен «Гигиена-1 және эпидемиология» кафедрасы «Гигиена-2» кафедрасымен біріктіріліп, «Гигиена және эпидемиология» кафедрасы деп аталды. 

 

 

Кафедра мақсаттары:

- оқытушылар мен қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының ғылыми және біліктілік дәрежесін көтеру;

- кафедраның материалдық және оқу-техникалық базасын нығайту;

- оқыту әдістемесін және студенттердің қажетті білім қағидаларын меңгеруін жетілдіру.

 

 

Негізгі оқу курстары:

Эпидемиология

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау

Экология және тұрақты даму

Жалпы гигиена

Радиациялық гигиена және медициналық экология

Жеке эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен

Еңбекті қорғау

Еңбек гигиенасы

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы

Коммуналды гигиена

Тағам гигиенасы

Клиникалық эпидемиология

Кафедрада пәндер үш тілде оқытылады: қазақ, орыс және ағылшын.

 

Кафедраның ғылыми бағыттары:

1. Әлеуметтік-гигиеналық мониторингті жетілдіру және ірі қорғасын өндірісі саласында экологиялық зиянды аурулардың алдын-алу бағдарламаларының тиімділігін интегралды бағалау;

2. Заманауи жағдайдағы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығының физикалық дамуын зерттеу;

3. Заманауи жағдайдағы халықтың денсаулығына экологиялық факторлардың әсерін зерттеу.

 

Кафедра мына мекен-жай бойынша орналасқан: Әл-Фараби алаңы, 1, жаңа корпус ғимараты, 3-4 қабат.

 

Қәзіргі таңда кафедра штатында 18 оқытушы, 3 лаборант жұмыс жасайды. Оқытушылардың ішінде: 1- профессор, 3- доцент, 7- аға оқытушы, 7-магистр. 

 

1205 1

Долтаева Бибігүл Зайдуллақызы

«Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі,

медицина ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.

 

1988–1995 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина институты, медикалық-профилактикалық факультетінің «Санитарлық дәрігер және эпидемиолог» мамандығы бойынша білім алған.

2001 жылы - «Комплексная оценка формирующего влияния загрязнения биохимической среды на здоровье рабочих свинцового производства» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

2008 жылы - доцент ғылыми атағын алды.

«Гигиеническая оценка адекватности индивидуального питания населения» тақырыбында 1 оқу-әдістемелік құралының және 45 ғылыми мақалалардың авторы.

2015 жылы кафедраның профессор міндетін атқарушы атағын алды және 2016 жылдың желтоқсан айында академия ректорының бұйрығымен медициналық факультетінің деканы қызметіне тағайындалды.

 

 

1205 2

 

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы:

1. Долтаева Бибігүл Зайдуллақызы – кафедра меңгерушісі м.ғ.к., профессор м.а. 

2. Оразова Мереке Мамырқызы – кафедра меңгерушісініңорынбасары, магистр

3. Ергебекова Гүлмира Құлымбетқызы – м.ғ.к., доцент м.а. 

4. Ескерова Сара Өстемірқызы–м.ғ.к., доцент м.а.

5. Серикпаева Тамарахан Түлкібайқызы – аға оқытушы

6. Жаксыбаева Жеңіскүл Бегасылқызы – аға оқытушы, магистр 

7. Жумадилова Ақмарал Рахматуллақызы – аға оқытушы, PhD докторант

8. Нуралиева Гүлмира Нұрпапақызы – аға оқытушы, магистр

9. Тайжанова Меруерт Аюбекқызы – аға оқытушы, магистр

10. Байконсова Лаура Омарқызы - аға оқытушы, магистр

11.Алиев Даулет Сабырұлы – оқытушы 

12. Ермолаева Ольга Александрқызы – аға оқытушы

13. Ширинова Маржан Калдыбекқызы – аға оқытушы, магистр

14 .Бұхарбаев Еркін Бегалыұлы – оқытушы, магистр

15.Жумагалеева Диана Сергалиқызы – оқытушы, магистр

16.Дүйсенбаева Меруерт Мейрамбекқызы – оқытушы

17.Галижанқызы Молдир-оқытушы, магистр

18.Рыстигулова Жанар Ботабаевна-оқытушы, магистр

 

Лаборанттар:

1. Байғалиева Гүлшат Борисқызы

2. Үркімбаева Бақтыгүл Тамашевна 

3. Алтынбеков Зауэр Бауэрұлы

 

 

Адрес: 4-оқу ғимараты, 3-4 этаж

Тел(внут): 312,314.

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар