Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы

 

 

1229 1

 

Кафедраның қысқаша тарихы

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы 1982 жылы ұйымдастырылған, арнайы мамандық кафедраларының бірі. 

Ең алғашқы жылдары болған кафедра меңгерушілері:

- 1982-1996 ж. фарм.ғ.,кандидаты Калашникова Раиса Артемовна

- 1996-1999 ж. фарм.ғ.д.,проф. Арыстанов Жалғасқали Мейірғалиұлы

- 1999-2002 ж. фарм.ғ.докторы Махатов Бауыржан Қалжанович

- 2002-2004 ж. фарм.ғ.доценті Жұмабаев Нарбек Жұмабаевич

- 2004- 2012 ж. фарм.ғ.д.,проф. Арыстанов Жалғасқали Мейірғалиұлы

 

 

1229 2

2012 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін фарм.ғ.д.,проф. Шертаева Клара Жолбарысқызы кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.

 

Кафедраның міндеттері

«Фармация» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білімдер, дағдылар, терең теориялық және тәжірибелік дайындығы бар мамандарды шығаруға және фармацевтикалық еңбек нарығының талаптарына бағытталған.

 

Негізгі оқу курстары

Кафедрада фармацевтика факультетінің 2,3,4,5 курс студенттері «Жалпы тәжірибелі фармацевт»,«Фармацевт-клиницист», «Фармацевт-менеджер» траекториясы бойынша келесі пәндер оқытылады:

Негізгі:

- «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері» (135сағат, 3 кредит)-3 курс 

- «Фармацияның басқарылуы және экономикасы» (180сағат, 4 кредит)-4 курс

Элективті:

- Фармация тарихы (90 сағат, 2 кредит) -2 курс

- Биоэтика коммуникативтік дағдылар негіздерімен(180сағат, 4 кредит)-2 курс

- Медициналық және фармацевтикалық тауартану (135 сағат, 3 кредит)-3 курс

- Қызметкерлерді басқару (90 сағат, 2 кредит) -4 курс 

- Фармакоэкономика негіздері (90 сағат, 2 кредит) – 4 курс

- Фармацевтикалық ақпарат (90 сағат, 2 кредит) – 4 курс 

- Дәрі-дәрмек айналым жүйесіндегі фармакоэкономика және фармацевтикалық ақпарат(180сағат, 4 кредит)- 4 курс

- Фармацевтикалық менеджмент және маркетинг (135 сағат,3кредит) – 5 курс 

- Фармацевтикалық кеңес (90 сағат, 2 кредит) -5 курс 

- Фармацевтикалық логистика және кәсіпкерлік қызмет негіздері (135 сағат,3 кредит) -5 курс

- Фармацевтикалық кеңес және фармацевтикалық кұқық негіздері (135сағат, 3 кредит) – 5 курс

- Фармацевтикалық өндірістің экономикасы (135сағат, 3 кредит) – 4 курс

 

Кафедрада магистратура негізінде екі бағыт: ғылыми-педагогикалық магистратура және профильді магистратура бойынша дипломнан кейінгі оқу жүргізіледі.

«Дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру»траекториясы бойынша магистранттар келесі пәндерді оқиды:

 

Ғылыми-педагогикалық магистратура

Негізгі:

- Фармациядағы менеджментпен маркетинг (90 сағат,2 кредит) – 1о.ж.

Элективті:

- Кадрлықжәнеқаржы менеджменті (90 сағат,2 кредит) – 1о.ж.

- Фармакоэкономика(90 сағат,2 кредит) - 1о.ж.

- Тиісті дистрибьюторлықтәжірибе (90 сағат,2 кредит) – 1о.ж.

- Коммуникативтік дағды негізінде ұйымдастыру тәртібі(135 сағат,3 кредит) –2 о.ж.

- Фармацевтикалық логистика (90 сағат,2 кредит) –2 о.ж.

- Басқару кеңесі (90 сағат,2 кредит) –2 о.ж.

 

Профильді магистратура

Негізгі:

- Фармациядағы менеджмент пен маркетинг (45сағат,1 кредит)

Элективті:

- Фармацевтикалық логистика және фармацевтикалық ақпарат негіздерімен тиісті дистрибьютерлік тәжірибе(135 сағат,3 кредит)

- Коммуникативтік дағды негізінде ұйымдастыру тәртібі (90 сағат,2 кредит)

 

 

Қазақ,орыс және ағылшын тілінде оқытылатын пәндер

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің «көп тілділік» бағдарламасы бойыншакелесі пәндер үш тілде (қазақ,орыс және ағылшын)жүргізіледі:

- «Медициналық және фармацевтикалық тауартану»

- «Қызметкерлерді басқару»

Оқылатын пәндердің жаңартылуы

Барлық оқытылатын пәндер жыл сайын ғылым мен тәжірибенің, жұмыс берушілердің талаптарының өзгерістерін ескере отырып жаңартылады. Өзгерістер мен толықтырулар жұмыс бағдарламасына және оқу жоспарына сәйкес жасалады, ол ПОӘК сәйкес түзетіледі.

 

Кафедраның ғылыми басымдықтары

Кафедрада аймақтық фармацевтикалық нарықтың ғылыми-маркетингтік зерттеулерінің жалпы бағытында үлкен ғылыми жұмыс жүргізеді.

Кафедрада 2 ғылыми-техникалық жоба келесі тақырыптар бойынша орындалды:

- «Аймақтық деңгейде халықты дәрілік қамтамасыз ету жүйесінде маркетингтік басқару теориялық және ғылыми-қолданбалы зерттеу»

- «Төтенше жағдайда және ҚР шартында фармацевтикалық көмек көрсетуді ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеу»

 

Қазіргі уақытта кафедрада жұмыс істейді:

Шертаева К.Д. - кафедра мең.,фарм.ғ.д.,проф.

Блинова О.В. - кауым.проф.,фарм.ғ.к.,проф.м.а.

Жумабаев Н.Ж. - проф., фарм.ғ.к.

Шимирова Ж.К. - фарм.ғ.к.,доцент м.а.

Сапакбай М.М. - фарм.ғ.к.,доцент м.а.

Утегенова Г.И. - phDдокторы, доцент м.а

Ботабаева Р.Е. - phDдокторы, доцент м.а.

Умурзахова Г.Ж. - phD докторы, аға оқытушы

Мамытбаева К.Ж. - фармация магистрі, аға оқытушы

Жаркинбекова А.Д. - фармация магистрі, аға оқытушы

Уразбаева С.А. - аға оқытушы

Әбуова А.С. – фармация магистрі, оқытушы

Джабаркулова С.К. - фармация магистрі, оқытушы

Иманкулова С.М. – оқытушы

Ташева С.М. – оқытушы

Пернебаева Г.А. – аға лобарант

Егисбаева А.К. - лобарант

 

Мекен-жайы: Бас ғимарат, 3 қабат 

Телефон (ішкі): 238, 204

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар