Фармакогнозия кафедрасы

 

  

1228 1

 

Фармакогнозия кафедрасының тарихы

1981 жылы АММИ Шымкент фармацевтикалық филиалында алғашқы болып бейіндік кафедрадан фармакогнозия кафдрасы ашылды. Кафедраның негізін қалаушы фарм. ғ.д., профессор Баймухамбетов Марат Аблакимович (1981-2004жж) болды. АММИ-тың фармацевтикалық факультетін бітірген соң (1968г) ол Ленинградтық химия-токсикалық институтқа аспирантураға түсті. Аспирантураны бітірген соң 1978жылы «Фитохимическое исследование остролодочника Комарова» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.

1996 жылы «Фитохимическое исследование растений родов Бессмертник, Тысячелистник, Пижма, Ханделия семейства Астровых» тақырыбына докторлық диссертация қорғады. Кафедра ұжымымен бірге оқу лабораторияларын жабдықтармен, микроскоптармен, кестелермен жабдықтады. Гербарий және шикізат қоры дайындалды.

Баймухамбетов М.А. 160 ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы болып келеді.

2004-2005 жылы кафедраны фарм.ғ.к. Ташменов Рахим Сарсенұлы басқарды. 

2005 жылы бірнеше кафедра біріктірілді және 2005-2007 жылдар аралығында медициналық биология, генетика, фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі биологиялық ғылым кандидаты Абилаев С.А. болды. 

2007-2018 жылдар аралығында фармакогнозия және химия кафедрасын химия ғылымдарының докторы, профессор Патсаев Анапия Каныбекұлы басқарды. 2012 жылы оның жетекшілігімен дәрілік өсімдіктер зертханасы және ОҚО әртүрлі аудандарына халық медицинасында қолданылатын маңызды дәрілік өсімдіктерді зерттеу мақсатында көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Кафедраның ғылыми жұмысының тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан дәрілік өсімдігінен биологиялық белсенді заттарды бөліп алу және зерттеу және оның негізінде жаңа кең спектрлі фитопрепараттар құру».

Экспедиция барысында жиналған дәрілік өсімдіктерге фармакогностикалық, фитохимиялық және фармакологиялық зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижелері импкт-факторлы журналдарда, халықаралық конференциялар жинақтарында жарыққа шықты. 

Жергілікті флораның болашағы бар шикізат түрлеріне ғылыми-техникалық жобалар құрылды. 

2018 жылдан бастап фармакогнозия кафедрасын фармацевтикалық ғылым кандидаты, доцент міндетін атқарушы Өмірәлі Мұрат Адыханұлы басқарады. Ол 1987 жылдан 2002 жыл аралығында фармакогнозия кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы, 2002-2008 аралығында академиядағы орта кәсіби білімді мамандар дайындау факультетінің деканы болып жұмыс атқарды. 2007 жылы «Фитохимическое исследование растений ферулы тонкорассеченной и ферулы толстолистной, произрастающих в Казахстане» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады, ғылыми жетекшісі - ТашФарМИ профессоры, фарм.ғ.д., Комилов Х.М.

 

 

 1228 2

Өмірәлі М.А. 30 ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы болып келеді. 

 

Кафедраның негізгі міндеттерінің бірі заманауи фармацевт – маманын дайындауда оқыту мазмұнын оның практикалық іс-әрекетеріне жақындату болып келеді. 

 

Кафедраның негізгі курсы: ботаника және фармакогнозия, табиғи дәрілік қосылыстар химиясы, ресурстану және дәрілік өсімдіктер экологиясы, фармакогнозия негіздері. Пәндер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Әр жылы кафедрада өтілетін пәндер 30 пайызға жаңартылып отырылады. 

 

2018 жылы ботаника және фармакогнозия оқу және өндірістік прктикасын өту жөнінде Қасқасуда дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау және өңдеу бойынша оқу-өндірістік база қайтадан жаңартылды. Кафедрада оқу және өндірістік практиканы өту бойынша Ресейдің жоғары оқу орындарымен шет ел студенттеріне арналған бірлескен жұмыс бағдарламасы түзілген: Түмен қ., ТюмГМА; Өфе қ., БГМУ; Пятигорск қ., ПМФИ.

Кафедра фармакогнозия бойынша ғалымдар мен оқытушыларды дайындау жөнінде ғылыми әдістемелік орталық болып саналады. Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды. Кафедрада студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды. 

Кафеда шет ел - Польша, Чехия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан ЖОО-мен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. 

Кафедраға академиялық ұтқырлық аясында әр кезеңде Ресейдің атақты ғалымдары шақырылды: ПМФИ профессоры, фарм.ғ.д. Коновалов Д.А.; БГМУ профессоры фарм.ғ.д. Пупыкина К.А.

 

Фармакогнозия кафедрасының қызметкерлері дайындаған оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар:

• Ә.Қ. Патсаев, С.Ж. Жайлау, Ш.С. Шыназбекова, Б.Қ. Махатов. «Аналитикалық химия». Оқулық. Каз. Шымкент -2007г.

• Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. «Фармакогнозия» Оқулық, Шымкент, -2011ж.

• Патсаев А.К., Кадишаева Ж.А., Тоқсанбаева Ж.С., Орынбасарова К.К., Өмирбаева А.Е. «Ботаника пәні бойынша тестілер» Каз., рус, Шымкент, -2011ж.

• Махатов Б.К., Патсаев Ә.Қ., Орынбасарова К.К. «Өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясы» Учебное пособие. Шымкент, -2011ж.

• Махатов Б.К., Патсаев Ә.Қ., Қадишаева Ж.А. «Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер» Учебное пособие. Шымкент, -2011ж.

• Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Тоқсанбаева Ж.С., Кадишаева Ж.А. «Ботаника» Учебник, Шымкент, -2013ж.

• Махатов Б.К., Патсаев А.К., Кадишаева Ж.А., Серикбаева Т.С., Оразымбетов Е.Е. «Фармакогнозия пәнінің зертханалық-тәжірибелік сабақтарына қолданба». Учебное пособие. Шымкент, -2013ж.

• Токсанбаева Ж.С., Патсаев А.К., Серикбаева Т.С. «Дәрілік ресурстану» Учебное пособие. Шымкент, - 2014ж

• Токсанбаева Ж.С., Патсаев А.К., Сейдалиева Ж.С. - «Лекарственное ресурсоведение» Учебное пособие. Шымкент, - 2014г

• Патсаев Ә.Қ., Махатов Б.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. «Фармакогнозия» Оқулық, Шымкент, -2017ж.

• Патсаев Ә.Қ., Махатов Б.К., Кадишаева Ж.А. «Дәрілік өсімдік жинақтары» Оқулық, Шымкент, -2017ж.

 

Кафедрада тәрбие жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: қоғамдық –саясат және құқықтық, адамгершілік, мәдени-эстетикалық және этномәдени, экологиялық, әлеуметтік, физикалық және салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық потенциалын дамыту, діни экстремизмнің алдын-алу, құқық бұзушылықтың, есірткі қолданудың алдын-алу, және жатаққанада тәрбие жұмысын жүргізу. Сонымен қатар кафедрада кейбір дәстүр қалыптасқан: интернат-үйлерге, музейлерге бару, атаулы күндер мен ұлттық мерекелерге іс-шаралар жүргізу. 

 

Фармакогнозия кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстары

Фармакогнозия кафедрасында әртүрлі дәрілік өсімдік шикізаттарын өндірістік меңгеру және отандық фитопрепараттар ассортиментін кеңейту мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізіледі. 

Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: дәрілік өсімдік шикізаттың өзіндік шикізат базасын іздеу және құру, оның негізінде жоғары эффектілі және эколгиялық таза әсері кең спектрлі фитопрепараттар алу және енгізу.

 

Кафедраның ғылыми зерттеу жұмысының бағыты: Оңтүстік Қазақстан дәрілік өсімдіктерінен биологиялық белсенді заттарды бөліп алу және зерттеу және оның негізінде әсері кең спектрлі жаңа фитопрепараттар алу. Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін ғылыми-техникалық жобалар дайындалды және іске асырылды: 

• «Фитохимическое и фармакогностическое изучение лекарственных растений флоры Южного Казахстана, применяемых в народной медицине» УДК 615.322(574,5), ГРНТИ 76.31.31, № гос.регистрации 0112РК01295. 

• «Изучение Котовника мелкоцветкового, Зизифоры тонкой, Зопника иволистного, Мяты азиатской и Шалфея мускатного семейства Яснотковые флоры Южного Казахстана» № гос. регистрации 0115РК02131.

• «Фитохимические исследования растений родов Тысячелистник и Василек семейства Астровые» № гос. регистрации 0115РК02129.

 

Қазіргі уақытта кафедрада жұмыс істеп жатқан профессор және оқытушылар:

Махатов Бауыржан Калжанұлы - фарм.ғ.д., профессор, академик

Токсанбаева Жанат Садебекқызы - фарм.ғ.к., профессор м.а.

Орынбасарова Кульпан Кенжебаевна - фарм.ғ.к., профессор м.а.

Кучербаев Камал Джамалович – х.ғ.к., аға ғылыми қызметкер

 

Серикбаева Тойкуль Сейтановна - аға оқытушы 

Кадишаева Жүзімгул Ақбалаевна – аға оқытушы 

Ибрагимова Зауре Ергараевна – аға оқытушы

Бадалова Луиза Тазабековна – медициналық ғылымның магистрі

Садуақас Нурсулу - зертхана меңгерушісі 

Увалиева Рахима - аға лаборант 

Түзел Ақмарал - лаборант

 

Кафедраның адресі: 

Шымкент қ., Аль-Фараби алаңы, 1-ші үй, 

№1-ші корпус, 5-ші этаж, 516 кабинет

Телефон (ішкі): 243 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар