Дене шынықтыру кафедрасы

 

 

1215 1

Дене шынықтыру кафедрасы 1979 жылы құрылды. 

Кафедраның алғашқы меңгерушісі Құрманбаев Марат Тафтиевич (1979-1988), Алматы дене шынықтыру және спорт институтын бітірген, ұзақ жылдар Қазақ химия-технологиялық институтында дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс атқарған. Волейболдан халықаралық дәрежедегі төреші, Марат Тафтеевичтің дайындаған командасы 1980-81 жылдары медицина ЖОО арасындағы жарыстардың чемпионы болған. 

Кұрманбаевтің инициативасы және белсенділігімен Қасқа-су спорттық-сауықтыру кешені құрылды. 

1988-1992 жылдар аралығында кафедраны аға оқытушы Валуев Валерий Владимирович басқарды. Ол, Шымкент педагогикалық институтының «Дене шынықтыру және спорт» факультетін бітірген соң, Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент филиалына жұмысқа қабылданған. (қазіргі ОҚМА). 

1992-2001 жылдар аралығында Баймбетов Бокенбай Испандиярович кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Бокстан спорт шебері, Алматы дене шынықтыру және спорт институтын бітіріп, кафедрада спорт клубының төрағасы болып жұмыс атқарған. Бөкенбай Испандиярұлы дайындаған студенттер Республикалық жарыстардың жүлдегерлері. 

 

 

1215 2

Қазіргі таңда Аширбаев Орынбасар Атырханұлы кафедра меңгерушісі. 

ОҚМУ «Дене шынықтыру» факультетін 1996 жылы бітіріп, кафедра оқытушысы болып жұмысқа қабылданды. 2001 жылдан бастап кафедраның аға оқытушысы, және кафедра меңгерушісі қызметіне ауысты, дене шынықтыру және спорт магистрі. 

Жоғары оқу орындарындағы «Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты студенттердің әлеуметтік-тұлғалық компетенциясын қалыптастыру және дене шынықтыру және спорт құралдарын денсаулықты сақтап нығайтуға және кәсіби іс-әрекеттік дайындыққа қолдану. 

Дене шынықтыру сабағы 2 курста барлық мамандықтарға жүргізіледі. 

Кафедраның спорттық базалары: 2 спорттық залы, тренажер залы,үстел теннис залы.

Кафедра жанындағы спорт клубында волейбол, баскетбол, футбол, гандбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ секциялары жұмыс жасайды.

Кафедрада пән үш тілде оқытылады: қазақ топтарда ана тілінде, орыс топтарында орыс тілінде, шет ел студенттеріне ағылшын тілінде. 

Дене шынықтыру кафедрасында қазіргі таңда аға оқытушылар құрнамынан тұратын мамандар жұмыс атқарады: А.Э.Жумабекова, А.А. Жузжигитов, Г.Б.Дуйсенбиев, М.Е.Туганбаева, оқытушылар: Е.С.Аяпов, А.Б. Бухарбаев.

Жыл сайын дәстүрлі түрде студенттер арасында: Іріктеу жарыстары 8 спорт түрінен, жатақхана Біріншілігі және қызметкерлер арасындағы Спартакиада өткізіліп келеді. 

Волейбол және тоғызқұмалақ бойынша медициналық ЖОО арасындағы 2014 жылдың зоналық жарыстарының чемпиондары. 

Академияның құрама командалары қалалық ЖОО арасында шашка, дойбы, тоғызқұмалақ, кіші футбол, волейбол, баскетбол, стритболдан өтетін Спартакиадада дәстүрлі жүлделі ІІІ орынды иеленіп келеді. 

Кафедра тарапынан дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан спорттық іс-шаралар:

Жатақхана біріншілігі 

1215 3

Қалалық іс-шараларға қатысу

1215 4

Кафедра үшінші жыл ЖОО және орта арнаулы оқу орындары арасында қол күресінен жарыс өткізіп келеді. 

1215 5

Қыркүйек пен қазан айларында спорттың 8 түрінен студенттер арасында Іріктеу жарыстары өткізіледі. 

1215 6

1215 7

Дәстүрлі түрде жыл сайын қаңтар-ақпан айларында академия қызметкерлері арасында Спартакиада өткізіледі. 

 

Кафедраның мекен жайы: 

Шымкент қ, Аль-Фараби алаңы 1.

Телефон: 40-82-22 (257).

Электрондық мекен жай: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар