«Биология және биохимия» кафедрасы

 

 

1207 1

 

Кафедра тарихы

Медициналық биология және генетика кафедрасы 1979 жылдың тамыз айында Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент филиалының фармацевтикалық факультеті болып ашылған кезде кафедра «Ботаника жалпы биология негіздері» деп аталды. 

Кафедра құрамында профессор Куандыков Е.У., б.ғ.к, доценттер С.А.Абилаев және А.У.Аханов, Майсаров Д.А., Кульбаева Б.Ж.. к.м.н. Есиркепов М.М., аға оқытушылар: Жолдасов К.Т. және Дюсенбаева Ф.Б., оқытушылар Дмитриева Р.А., Алипбаева Г.С., Конысова Х.С., Жазыкбаева Г.Т., Дарипбек А.Ж. және басқалар., аға лаборант Тасова Л.С жұмыс істеді.

1992 жылы АММИ-нің филиалы Шымкент фармацевтикалық институты болып қайта құрылғаннан кейін жалпы медицина факультеті ашылды. Ботаника және жалпы биология негіздері кафедрасы «Медициналық биология және генетика» кафедрасы болып қайта құрылды. 

Әр жылдары кафедра меңгерушілері қызметтерін б.ғ.к., доцент Абилаев С А. (1979-1986, 2002-2007г.), б.ғ.к., доцент Майсаров Д.А. (1986 по 1992 г., 1997 - 2002 г.), медицина ғылымдарының докторы, ҚР МҒА корр. мүшесі, профессор Куандыков Е.У. (1992 - 1997 г.) басқарды.

Биохимия кафедрасы 15.09.1994 жылы Шымкент мемлекеттік медицина институты құрамында ұйымдастырылып- құрылды. 

Кафедраның алғашқы жетекшісі міндетін химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Б.С. Жайшибеков атқарды. 

1997-2002 жылдары кафедраны профессор А.Ю. Юлдашев басқарды. 

Биохимия кафедрасында профессорлар: Шарипов К.О., Юлдашев А.Ю., Кенжебеков П.К.; доценттер: Жұмабаев У.А, Кан А.М., Аблаева З.Ю., аға оқытушылар Суранчиева А.С.; Ордабекова А.Б., оқытушылар–Асилбекова Г.К.; аға лаборанттар: Ибрагимов К.К., Абетаева С.Б., Шортанова К.Т; лаборант – Кудайбергенова П.Б. жұмыс істеді. 

2009 жылы меддициналық биология, биохимия және микробиология курстары біріктіріліп, «Биохимия, биология және микробиология» кафедрасы болып аталды. 

Әр жылдары кафедра меңгерушісі қызметін профессор Шарипов К.О., м.ғ.к. Есиркепов М.М., б.ғ.к. Бурабаев А.А. басқарды.

«Биология және биохимия» кафедрасының қазіргі құрамы 2018 жылдың 18 сәуірінде, «Биохимия, биология және микробиология» кафедрасының қайта құрылуы кезінде құрылды. Қазіргі кезде кафедра меңгерушісі өызметін PhD докторы Ташмухамбетов Б.Ғ. атқарады.

Кафедраның оқу-әдістемелік базасын құру мен дамуына б.ғ.к., Кульбаева Б.Ж., Кан А.М., м.ғ.к Есиркепов М.М х.ғ.к. Аблаева З.Ю., аға оқытушылар Жолдасов К.Т., Ордабекова А.Б., Асилбекова Г.К. белсенді атсалысты. 

Кафедрада екі денсаулық сақтау үздіктері жұмыс атқарады, олар: профессор Кенжебеков П.К. және профессор м.а. Кульбаева Б.Ж. 

Кафедра оқытушылары үнемі өздерінің кәсіби деңгейлерін аймақтық, республикалық, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалармен шығу арқылы, сондай-ақ БЖФ өту, семинарларға қатысу арқылы жетілдіріп отырады. 

Кафедра қызметкерлері (Куандыков Е.У., Абилаев С.А., Кульбаева Б.Ж., Темирбеков А.Н.) Қазақстан дәрігерлерінің І – ІІ съездеріне, бүкілодақтық КСРО медициналық ЖОО-ның биология кафедралары меңгерушілері кеңесіне (1982 ж., Суздаль), 11 Халықаралық өсімдіктер эмбриологы симпозиуымына (Ленинград, 1990 ж.), ІІ Халықаралық өсімдіктер анатомы (С-Петербург, 1996 г.) конференцияларына қатысты. 

Қазіргі кезде кафедрада 22 қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде 1 доктор PhD, 7 биологиялық, химиялық және медициналық ғылым кандидаттары, 4 аға оқытушылар, 6 оқытушылар, 4 лаборанттар.

 

 

 

1207 2

Кафедра меңгерушісі Ташмухамбетов Б.Ғ.

 

Кафедра міндеттері болып саналады: 

-  колледж, бакалавриат, магистратура, резидентура және ҮКДФ мамандарын кәсіби дайындау үрдісінде қазіргі заманғы инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары деңгейде білім беруді қалыптастыру;

-  оқулықтар мен көрнекі оқу құралдарын 3 тілде өңдеу және енгізу, студенттер білімін бақылауды қамтамасыз ету үшін бақылау-өлшеу құралдарын өңдеу; 

-  оқытушылардың кәсіби деңгейін жүйелі түрде көтеру;

-  тәлімгерлік қызмет көлемінде, дәрістер оқу және тәжірибелік сабақтар барысында, жатақханадағы кезекшілік уақытында студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізу;

Биология және биохимия кафедрасында оқу жұмыстары бекітілген жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі. Кафедрада келесі мамандақтар оқытылады: 

-  бакалавриат бойынша «Жалпы медицина», «Педиатрия», «Стоматология» мамандықтарының 1,2 курс, «Фармация» мамандығының 1,3,4 курс студенттері оқиды; 

-  магистратура мамандықтары бойынша «Мейірбике ісі» тыңдаушылары «Медицинадағы ғылыми зерттеу негіздері» пәні бойынша оқиды»;

-  резидентура бойынша «Невропатология», «Педиатрия» және «Сәулелі диагностика» мамандықтарының тыңдаушылары «Ғылыми зерттеулер менеджменті» пәнін оқиды;

-  ТжКББФ-нің (колледж) 1-4 курс оқушылары «Биология», «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәндерін оқиды.

Кафедрада сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Кафедра жанында «Геномды зерттеулер зертханасы» жұмыс жасайды. 

 

Ғылыми бағыттар: 

- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 2018-2021 жж арналған ҒТЖ өңдеу және бекіті; 

- адамды цитогенетикалық әдіспен зерттеудің апробациясы (кариотипирование пациентов);

- қызыл кітапқа енген «Шалфей» өсімдігінде ICE-1 генінің суыққа төзімділігін зерттеу; 

- адамдар мен жануарлар генін зерттеу үшін ДНҚ және РНҚны бөлудің жаңа әдістерін енгізу; 

- регенерациялық процесстерді оқып-үйрену;

- конституция типтерін анықтау мақсатынды ОҚО тұрғындарын антропометрикалық зерттеу;

- публикациялық этика мәселелері. 

 

Қызметкерлер тізімі:

1.Ташмухамбетов Б.Ғ –PhD докторы, кафедра меңгерушісі;

2. Кенжебеков П.К.- х.ғ.к., профессор;

3. Аблаева З.Ю.- х.ғ.к., доцент;

4. Кан А.М. – м.ғ.к., доцент;

5. Кульбаева Б.Ж.- б.ғ.к., профессор м.а.;

6. Есіркепов М.М- м.ғ.к. асс.профессор;

7. Бурабаев А.А – б.ғ.к., доцент м.а.;

8. Мамбеткулова К.К. – б.ғ.к., доцент м.а.;

9.Ордабекова А.Б. – аға оқытушы;

10.Асильбекова Г.К – аға оқытушы;

11.Жолдасов Қ.Т. – аға оқытушы;

12. Жазықбаева Г.Т.- аға оқытушы;

13. Алипбаева Г.С. – оқытушы;

14. Дарипбек А.Ж. – оқытушы;

15. Қанжигитова М. – оқытушы; 

16. Алманова Н.М – оқытушы; 

17.Өтебай Д.М.- оқытушы; 

18.Қылышбаев Ж.Қ.- оқытушы;

19.Нәзікбаева Ж.А.-аға лаборант;

20. Кельдибекова У.М.- аға лаборант; 

21.Абетаева С.Б.-лаборант;

22. Ибадулла М.Т.-лаборант;

 

Мекен-жайы мен телефон:

Бас ғимарат, 4 қабат, 418 кабинет

тел: (ішкі) 272, +7 701 083 33 88 

эл. адрес: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар