Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

 

 

1230 1

Кафедра тарихы: «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының тарихы 2015 жылдан бастау алады. Кафедра менгерушісі басшылық қызметін т.ғ.қ., доцент м.а. Аширов Шадияр Алдиярұлы атқарады. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы бакалавр мамандықтарының барлық топ студенттеріне, магистранттарға және техникалық және кәсіби білім беру факультет студенттеріне әлеуметтік-гуманитарлық пәндерден сабақ береді. 

 

 

1230 2

Кафедра менгерушісі тарих ғылымы кандидаты, доцент Аширов Шадияр Алдиярұлы.

 

Кафедраның міндеттері: Студенттерді қазіргі қоғамның философиялық, саяси құбылыстары мен үдерістерін талдауға, дүниетанымдық, әдіснамалық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етуге және алған білімдерін кәсіби салада іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

 

Негізгі оқу курстары

1. Философия

2. Әлеуметтану және саясаттану

3. Ғылым және философия тарихы

4. Психология

5. Экономикалық теория негіздері

6. Мәдениеттану

 

Пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады

 

Оқылатын пәндердің жаңартылуы: Кафедраның оқу жұмысы кредиттік технология бойынша жүргізіледі. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы академияның барлық мамандықтарында 3 пән бойынша студенттерге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ жергізеді.

 

Кафедрадағы әдістемелік жұмыстар оқытылатын пәндердің қажет материалдармен толық қамтамасыз етілу мақсатында жүргізіледі. ОҚМА-ның кітапхана қорына аға оқытушы С.М.Тасқымбаеваның «Экономикалық теория негіздері» пәнінен мемлекеттік тілде дайындаған оқу құралының 220 данасы өткізілді. Сонымен қатар, Қарағанды қаласының «Ақнұр» баспаханасынан 2017 ж. басылып шыққан С.М.Тасқымбаева мен Ф.М.Қаратаеваның орыс тілінде бірлесе дайындаған «Основы экономической теории» пәнінен оқу құралының 90 данасы, Қ.Б Кемелбеков, З.Ш Оразымбетова, Ә.С. Еркінбекова, М.Т.Дүйсебаевтың Алматы, «Эверо» баспаханасынан 2017 ж. басылып шыққан «Дінтану» пәнінен дайындаған оқу құралының 100 данасы академияның кітапхана қорында бар.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы «Рухани Жаңғыру - Қазақстанды арманға бастайтын жол» атты ғылыми бағытымен жұмыс атқарады. Кафедра оқытушылары жыл бойына республикалық және халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция деңгейінде мақалаларын жариялап отырады. Үстіміздегі жылы бір оқу әдістемелік құралы және 15 ғылыми мақалалар жарияланды. Кафедра оқытушылар құрамы студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысуға тартып отырады.

Бүгінгі таңда, кафедра штаттық ПО құрамында 12 оқытушы, 1 кабинет меңгерушісі, 2 лаборант жұмыс атқарады. Оқытушылар құрамының ішінде - 4 ғылым кандидаты, 5 магистр.

 

Кафедраның ғылыми басымдықтары:

Кафедрада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ғылыми жобамен жұмыс атқарылады.

1. Оңтүстіктің киелі орындары.

2. Туған жерге тағзым.

3. Тұлға ескерткіштері – рухани дамуымыздың негізі ретінде.

4. Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет.

 

Қазіргі уақытта кафедрада жұмыс істейді: 

Аширов Ш.А.т.ғ.к., кафедра менгеруші;

Кемельбеков К.Б. филос.ғ.к., профессор м.а.;

Жанысбеков М.А. т.ғ.к., доцент м.а.;

Ертаев М.А. с.ғ.к., доцент;

Майлыбаева Л.С. п.ғ.к., доцент м.а.;

Каратаева Ф.М. э.ғ.магистр, аға.оқыт.;

Оразымбетова З.Ш. аға.оқыт;

Исенгалиева Ж.М. филос.ғ.магистр, аға.оқыт.;

Тулентаев М.С. с.ғ.магистр, аға.оқыт.;

Тлепбаева А.К. п.ғ.магистр, аға.оқыт.;

Саттаев А.Т. п.ғ.магистр, аға.оқыт.;

Дуйсебаева М.Н.– каб.менгеруші;

Ахунова Д.Т. – аға. лаборант.

 

Мекен-жайы және байланыс ақпараты:

3 ғимарат, 2 қабат, 221 кабинет. 

Телефон (АТС): 40-82-22 (226)

e-mail: filos Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар