Акушерлік және гинекология кафедрасы

 

 

1236 1

 

Кафедра тарихы

Акушерия және гинекология кафедрасы 1995жылы ұйымдастырылды. Құрамында кафедра меңгерушісі медицина ғылымының кандидаты, доцент, Радько В.И. ассистенттер м.ғ.к. Темурян М.К., Калдыбекова Н.И., Ширгалиева Е. С. Кейінгі жылдары кафедра штаты кеңейіп, жаңа қызметкерлер қосылды: м.ғ.к. доцент Даниярова А.Ж., ассистенттер Исмаилова У.И., Нартаева М.М., Абдукасымова Э.А., Тажибаева М.С., Мамырбекова С.У., Джунусова Р.К., Акбердиева Г.У. 1999 жылы кафедраға м.ғ.к. Анартаева М.У. келді. 1995-1997, 1999-2001 жылдар аралығында кафедраны м.ғ.к. Радько В.И басқарды. 1998-1999 жылдары м.ғ.к. Нұрқасымова Р.Г. кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 2002-2012 жылдары кафедраны м.ғ.д. Малғаждарова Б.С. басқарды. 2012-2013 жылдары кафедраны м.ғ.к. Тлеужан Р.Т. басқарды. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра курс болып АМСЖ кафедрасына қосылды. Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Югай Н.В. 2017ж. бастап курс АМСЖ-2 кафедрасының құрамына кірді. Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., проф.м.а. Досыбаева Г.Н. Академияның қайта құрылуына байланысты, 2018ж, бастап акушерия және гинекология кафедрасы бөлініп шықты. Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к. Тлеужан Р.Т. тағайындалды. 

2003-2004 оқу жылы 10 жас маман қатарға қосылды: Салимбаева Б.Т., м.ғ.к., Тлеужан Р.Т., Жандосова К.А., Токжигитова П.Е., Елеусизова Р.К., Жунисова П.Е., Кайпназарова Р.К., Кулбаева С.Н., Султанмуратова Р.К., Мусаев А.А. Сонымен, ұжымдағы оқытушылар саны 25, 6 медицина ғылымының кандидаттары болды. 

 

Кафедра қызметкерлерінің қорғалған диссертациялары:

1. Малгаждарова Б.С. 27.05.06ж. докторлық диссертациясын Алматы қаласында қорғады, тақырыбы: «Патогенез, прогнозирование и профилактика слабости родовой деятельности».

2. Даниярова А.Ж. кандидаттық диссертациясын Москва қаласында: «Влияние внутриматочного давления на основе показатели фоноэлектро-кардиограммы плода в первой и втором периодах нормальных и осложненных родов».

3. Орманов Б.Н. 15.09.06ж. кандидаттық диссертациясын Караганды қаласында қорғады, тақырыбы: «Рациональная иммуноантибиотикотерапия острого сальпингоофорита».

4. Тлеужан Р.Т. 30.06.06ж. кандидаттық диссертациясын Алматы қаласында қорғады, тақырыбы: «Роль полиморфизма генов семейства глутатион-S-трансферазы в привычном невынашивании беременности у женщин казахской популяции».

5. Нартаева М.М. 19.06.2006ж. кандидаттық диссертациясын Ақтобе қаласында қорғады, тақырыбы: «Витаминно-гормональный статус у многорожавших женщин в период перименопаузы. Пути коррекции».

6. Бегимбекова Л.М. 2004ж. кандидаттық диссертациясын Алматы қаласында мына тақырыпта қорғады: «Влияние протеолитических ферментно-растительного происхождения на биохимические и структурные свойства тканей при воспалительных процессах». 

7. Патсаев Т.А. 2007ж. докторлық диссертациясын Алматы қаласында «Ранняя диагностика, прогнозирование и профилактика преэклампсии».

8. Кулбаева С.Н. 2014ж. Семей қаласында «Особенности изменения уровня регуляторных аутоантител при акушерских кровотечениях в зависимости от паритета родов» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Кафедра 12 клиникалық ординатор білім алып, 4 АЖБДСРҒЗО-да (РНИЦОЗМИР) аспирантураны бітіріп, медицина ғылымының кандидаттары болды. Акушерия және гинекологияның маңызды мәселелері бойынша кафедра қызметкерлері ғылыми –зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Алғашқы кезде №4 перзентхана ғана клиникалық база ретінде қолданылды. Қазір клиникалық базалар саны көбейді: №2 презентхана, №2 студенттер емханасы, ШҚМЖА-ның жедел гинекология бөлімшесі, №1, 2, 4 Облыстық Перинаталдық Орталықтар. Осы клиникалық базаларда кафедра қызметкерлері студенттердің тәжірбиелік дағдыларды меңгеруіне жәрдем берумен қатар, тәжірбиелік дәрігерлермен бірлесіп қала тұрғындарына емдік көмек көрсетуде.

 

 

1236 2

Акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Тлеужан Р.Т. автобиографиясы

Тлеужан Рената Тлеужанқызы 31 қазан 1976 жылы ОҚО, Отырар ауданында, Шәуілдір ауылында дүниеге келді. 

1983-1994 жылдар аралығында Шәуілдір аулындағы В.И.Ленин атындағы орта мектепті оқып бітірді. 1994 жылы Шымкент Мемлекеттік Медицина Институтына түсті, 2000 жылы «емдеу факультеті» мамандығын бітірді. 2000-2002жылдары «Акушерлік и гинекология» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны ОҚММА-да өтті. 2002-2004 жылдар аралығында ОҚММА акушерия және гинекология кафедрасының стажер-зерттеуші болды. Ғылыми тәжірибесін Алматы қаласында Республикалық Ана мен баланы денсаулығын қорғау Ғылыми-зерттеу орталығында өтті. 2004-2010 жылдары ОҚММА акушерия және гинекология кафедрасының ассистеті болып жұмыс істеді, 2010 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика академиясының акушерия гинекология кафедрасында доцент м.а. қызметін жасады. 2012 жылы 1 қыркүйектен бастап Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика академиясының акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі м.а. қызметіне тағайындалды.2013 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра курс болып АМСЖ кафедрасына қосылғандықтын, Тлеужан Р.Т. акушерлік және гинекология курсының доцентінің міндетін атқарушысы. 2018ж. сәуір айынан бастап кафедраның бөлініп шығуына байланысты, Тлеужан Р.Т. кафеда меңгерушісі қызметін атқаруда.

2006 жылы «Роль полиморфизма генов глутатион-S-трансферазы при привычном невынашивании у женщин казахской популяции» тақырыбында кандидаттық диссертациясын Алматы қаласында қорғады (АжБДҚРҒЗО).

ОҚМФА-ның біліктілікті жетілдіру факультетіне қазақ және орыс тілдерінде дәріс оқиды. Дәрігер-интерндермен тәрбие жұмысы жүргізеді. 

Жоғары санатты дәрігер.

Дәрігерлік және педагогикалық дәрежесін жоғарлатып отырады:

2011ж. «Дистанционды оқыту» тақырыбында М.Ауэзов атындағы ОҚМУ-де цикл өтті, Шымкент қаласы.

2012ж. «Актуальные вопросы акушерства и гинекологии» тақырыбында біліктілікті жетілдіру курсын НЦАГиП өтті, Алматы қаласы. 

2012ж. «Дәлелді медицина саласындағы мәліметтерді іздестіру негіздері» тақырыбында семинарға қатысты, Астана қаласы.

2012ж. «Высокотехнологические операции в гинекологической практике» атты мастер-класс өтті, Шымкент қаласы.

2012ж. «Медициналық ЖОО-дағы ғылыми және инновациялық қызметінің менеджменті» атты циклды ОҚМФА-да өтті, Шымкент қаласы.

2013ж. «Мероприятия, направленные на снижение репродуктивных потерь на ранних и поздних сроках беременности» тақырыбында ғылыми-практикалық конференцияға қатысты, Шымкент қаласы.

2013ж. «Thomson Reuters» тақырыбында ОҚМФА-да өткен семинарға қатысты, Шымкент қаласы.

2013ж. «Рациональная фармакотерапия инфекционных и неинфекционных болезней» тақырыбында ғылыми-практикалық конференцияға қатысты, Шымкент қаласы.

2014ж. «Независимая экспертиза» тақырыбында біліктілікті жетілдіру курсын ДСД ОКО өтті, Астана қаласы.

2014ж. «Патология шейки матки. Клиническая кольпоскопия» тақырыбында біліктілікті жетілдіру курсын РЖМЖҒО АҚ өтті, Астана қаласы.

2017ж. «Эффективный перинатальный уход» тақырыбында біліктілікті жетілдіру курсын АГПҒО өтті, Алматы қаласы.

2017ж. «Ультразвуковая диагностика в акушерстве и гинекологии» тақырыбында біліктілікті жетілдіру курсын РМА ОҚ бөлімінде өтті, Шымкент қ..

2018ж. «Функциональная диагностика в акушерстве и гинекологии» тақырыбында біліктілікті жетілдіру курсын РМА ОҚ бөлімінде өтті, Шымкент қ..

2017ж. «Современные аспекты репродуктивного здоровья женщин» тақырыбында ғылыми-практикалық конференцияға қатысты, Шымкент қаласы.

2018ж. «Новое в репродуктивной медицине» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты, Шымкент қаласы.

Тлеужан Р.Т.. ғылыми жетекшілігімен келесі магистранттар магистрлік диссертациялар қорғады: 2013ж. Байжуматова Б. «Особенности ведения родов у многорожавших женщин по ЮКО», Ерманова А. «Медико-социальные аспекты материнской смертности в г. Шымкент», Саркулова И. «Оценка исходов при наружном профилактическом повороте плода», 2015ж. Алиева Э.Н. «Медицинские и социально-демографические аспекты материнской смертности в ЮКО», Менгилбекова Ж.Н. «Шымкент қаласындағы бедеулікпен күйзелетін әйелдерге көрсетілетін мамандандырылған көмектің клиникалық-ұйымдастыру түрлерінің сапасын арттыру жағдайларын сараптау және ғылыми түрде бағалау»,2016ж.Акпарова Э.К. «Акушерские и перинатальные исходы у женщин с рубцом на матке в зависимости от способа родоразрешения», Исмаилова А.М. «Жас жеткіншек қыздардың аборттан кейінгі эндометритті емдеу және алдын-алудағы заманауи әдістері», 2017ж. Сейтжаппарова А.: «Генетические и иммунологические детерминанты доброкачественных заболеваний шейки матки», 2018ж. Сулейменова А.С.: «Жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелдердің жүктілігінің ағымы мен нәтижесі».

Ай сайын клиникалық базаларда ауыр науқастар мен жүктілердің кеңесі жүргізеді.

Жергілікті және республикалық деңгейде, жақын шет елдерде мақалалар шығарып отырады. Барлығы 65 баспаға шыққан мақалалары бар.

Тлеужанның Р.Т. еңбегі «ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына» орай 2011 жылы ОҚМФА әкімшілігімен марапатталды, 2013 жылы Ғылыми қызметкерлер күніне орай академияның ғылыми дамуына үлес қосқаны үшін алғыс хатпен, «ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына» орай 2016 жылы ОҚМФА әкімшілігімен марапатталды. 

 

Оқу әдістемелік жұмысы

Кафедрада қазіргі заманға сай білім беру технологиялары әзірленді: инновациялык залда сабақ өтілді, муляжда тәжірибелік дағдылар көрсетілді, ситуациялық есептер шешілді. Мультимедиалы проектор қолдану арқылы дәрістер оқылды, соның нәтижесінде студенттердің есту ғана емес көріп-тыңдау қабілеттері арттырылды.

Кафедра қызметкерлері ОҚМФА типографиясынан оқу әдістемелік құралдарды басып шығарды:

1) «Акушерлік тәжірибеде босану әрекетінің физиологиясы мен ауытқуын жүргізу» Каюпова Н.А., д.м.н. Малгаждарова Б.С., к.м.н.доц., Даниярова А.Ж. Ш-2005.

2) «Климактериялық синдром» к.м.н. Нартаева М.М., д.м.н. Малгаждарова Б.С., к.м.н., доц. Даниярова А.Ж., асс. Жандосова К.А., асс. Елеусизова Р.К.

3) «Климатерический синдром» к.м.н. Нартаева М.М.

4) «Аномалии родовой деятельности» д.м.н. Малгаждарова Б.С., 2003.

5) «Нейрообменно-эндокринные синдромы в гинекологической практике» к.м.н. Радько В.И., Ш- 2006.

6) «Мероприятия по профилактике передачи ВИЧ-инфекции от матери ребенку» д.м.н. Малгаждарова Б.С., Бегимбекова Л.М. Ш-2008

7) «Акушерские кровотечения» Кулбаева С.Н., Джунусова Р.К., Акбердиева Г.У., Салимбаева Б.Т. Ш-2016.

8) «Особенности изменения уровня регуляторных аутоантител при акушерских кровотечениях в зависимости от паритета родов» С.Н. Кулбаева. Ш-2016.

 

Ғылыми жұмыс

Акушерия және гинекология кафедрасы ғылыми зерттеу жұмыстарын РАБҚҒЗО және әлеуметтік медицина кафедрасымен тығыз бірлесе отырып жасап келеді. 

Кафедра қызметкерлері жылда өтетін ғылыми-практикалық конференцияларға, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі семинарларға қатысады.

Кафедра қызметкерлері жергілікті, республикалық деңгейде 50 шақты ғылыми жұмыстарын жариялады.

Кафедрада студентердің ғылыми зерттеу үйірмесі жұмыс жасайды. СҒЗЖ жетекшісі PhD Кулбаева С.Н. Ғылыми зерттеу үйірмесінің студенттері ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады.

 

Тәрбие жұмысы

Оқу жылының басында кафедрада тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрастырылып, кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілді. Деканат қауылысы бойынша курс қызметкерлері 6,7 курсқа куратор болып тағайындалды. Куратор өз кураторлық тобымен танысып, жылдық жоспар бойынша өткізілетін іс-шаралар мерзімін белгіледі. Топтағы әр студенттен биографиялық мәлімет жиналып, хаттамаларға арнайы дәптер арналды. 

Деканат өкімі бойынша құрастырылған студенттік жатақханадағы кезекшілік кестесі кафедрада талқыланып, кезекшілер бекітілді.

1 қыркүйекте Білім күніне, ҚР-ның Заңы-Конституция күніне арналған жиналыс өтті. Мәліметтер екі тілде (мемлекеттік және орыс тілінде) берілді.

 

Кафедра құрамы:

Доцент міндетін атқарушы, м.ғ.к. Тлеужан Р.Т. 31.10.1976ж. туылған, кафедрада 2004ж бері қызмет атқарады.

Курс ассистенттері: Акбердиева Г.У. 07.01.1968ж. 2001ж. бері қызмет атқарады, Джунусова Р.К. 27.10.1961ж. 1998ж. бері қызмет атқарады, Кулбаева С.Н. 12.07.1981ж. 2005ж. бері қызмет атқарады, Коптаева А.К. 04.12.1982ж. 2006ж. бері қызмет атқарады. 

 

Кафедра тапсырмалары: 

- мамандық – қызметтік міндеттерді орындау мақсатында қолданатын акушериядағы, гинекологиядағы және басқа пәндердегі жаңа теориялық негіздермен таныстыру, акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру, санитарлы-эпидемиология-лық тәртіп негіздері, акушерия, гинекология және перинатологиядағы жиі кездесетін аурулар мен асқынулардан кейінгі алдын алу және қалпына келтіру шаралары бойынша сұрақтар білімін жетілдіру;

- қызмет барысында өз білімі мен тәжірибесін жетілдіру және үздіксіз мамандандырылған оқуға үйрету, әр аурудың емдеу әдістері мен фармакологиядағы жетістіктерді қолдана білу, алдын алу және қалпына келтіру әдістерін білу

- акушерия және гинекологиядағы емдік-диагностикалық көмекті көрсететін білім мен тәжірибелік дағдыларды жетілдіру, дәлелді медицина негіздеріне сүйене отырып мамандандырылған шешімді қабылдауды үйрету;

- дәрігерлік этика принциптеріне, клиникалық ойлау негіздеріне, мамандандырылған тапсырмаларды шешуге үйрету;

- науқастармен, тұрғындармен, қызметкерлермен жұмыс жасау барысында коммуникативті дағдыларға үйрету.

 

Негізгі оқу курсы: Акушерия және гинекология.

Пәндер қазақ және орыс тілдерінде өтеді. 

Оқылатын пәндердің жаңаруы: жыл сайын 20% жаңарылады.

 

Кафедраның ғылыми жұмысы: Тақырыбы Кафедраның ғылыми зерттеу жұмысы 26.108. 2010ж. кафедра мәжілісінде бекітілген жоспар бойынша жасалынды. ҒЗЖ тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан аймағында әйелдердің репродуктивті жағдайы және оңтайландыру жолдарын анықтау», 2001 жылы хирургиялық пәндер комиссиясында және ғылыми кеңесінде бекітілген жалпы институционалды бағдарламаның басты фрагменті болып табылады. Кафедраның ҒЗЖ мақсаты болып акушерлік асқынулар, босану әрекетінің ауытқуын төмендетуге бағытталған алдын алу шаралары, гестациялық кезеңнің асқынуын алдын алу, әйелдің жыныстық және генеративті қызметін қорғау және қалпына келтіру, жұмысқа жарамдылықты қалпына келтіру, ана өлімін, перинаталды және гинекологиялық аурушаңдық пен өлімді төмендету табылады. 

 

Қазіргі таңда кафедрада жұмыс жасайды:

1. Тлеужан Рената Тлеужановна – к.м.н., и.о.доцента, зав. кафедрой

2. Кулбаева Салтанат Налибековна – доктор PhD, и.о.доцента

3. Джунусова Раушан Кульбаевна – ассистент

4. Акбердиева Гульмира Урумбековна – ассистент 

5. Мамырбекова Сауле Утебековна – ассистент 

6. Салимбаева Балжан Тазабековна – ассистент 

7. Ахметова Нурсулу Нурмышевна – ассистент 

8. Коптаева Актоты Кенжеевна – преподаватель 

9. Тулкибаева Рабига Нурмаханқызы - преподаватель

10. Косалиева Айнур Рахматуллаевна – ст.лаборант

11. Смирнова Татьяна Николаевна – лаборант

12. Джолдасбекова Маххабат Бабахановна - лаборант

 

 

Адрес и контактные данные:

г.Шымкент, ул.Г.Иляева, 142 А

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар