Медициналық факультеті

 

2012 жылы ректордың 08.10.2012 жылғы №222 бұйрығы бойынша медицина факультеті құрылып, төмендегі бакалавриат мамандықтарын дайындауда:

- 05В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау», оқу мерзімі 4 жыл;

- 05В110100 – «Мейірбике ісі», оқу мерзімі 4 жыл;

- 05B130100 – «Жалпы медицина», оқу мерзімі 5 жыл.

- 05В130300 – «Педиатрия», оқу мерзімі 5 жыл;

- 05130200 – «Стоматология», оқу мерзім 5 жыл.

 

Факультет студенттердің бір немесе бірнеше жақын мамандықтарының дайындығын іске асыратын, сондай-ақ оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарымен айналысатын жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімі болып табылады.

Факультет мамандыққа байланысты факультеттің құрамына қарасты барлық кафедралармен зертханаларды, сондай-ақ, өз жұмыстары бойынша едәуір факультеттің бағдарына жақын жалпы ғылымдық және жалпы білімдік кафедраларды біріктіреді.

Факультет өз құрамына кіретін кафедралар мен лабораторияларды, жұмыс мазмұнында факультет саласына жақын, сондай-ақ жалпы ғылыми және жалпы білім беретін кафедраларды біріктіреді.

 

Қазіргі таңда медициналық факультет 13 кафедрадан тұрады:

1. Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы (каф.меңг.,м.ғ.к., қауымд.профессор Қауызбай Ж.Ә.);

2. «Биология және биохимия» кафедрасы (каф.меңг., доктор PhD Ташмухамбетов Б.Г.);

3. Микробиология кафедрасы (каф.меңг.,м.ғ.д., профессор Сейтханова Б.Т.);

4. «Неврология, психиатрия және психология» кафедрасы (каф.меңг., м.ғ.к.,проф.м.а. Жаркинбекова Н.А.);

5. Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы (каф.меңг, PhD доктор Нұржанбаева Жанат Оралбаевна);

6. Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы (каф.меңг., м.ғ.к., доцент Бисимбаева С.Б.).

7. Дене шынықтыру кафедрасы (каф.меңг. Аширбаев О.А.).

8. Қалыпты анатомия кафедрасы (каф.меңг., м.ғ.к., профессор м.а. Танабаев Б.Д.).

9. Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы (каф.меңг., м.ғ.к., доцент Досыбаев Б.К.).

10. «Гигиена және эпидемиология» кафедрасы (каф.меңг.,м.ғ.к., профессор м.а. Долтаева Б.З.);

11. Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық кафедрасы (каф.меңг., м.ғ.к., доцент м.а. Сәрсенбаева Г.Ж..);

12. Шұғыл медициналық көмек және мейірбике ісі кафедрасы (м.ғ.к., доцент Сейдахметова А.А.);

13. Стоматолоиялық пәндер кафедрасы (каф.меңг. Шукпаров А.Б.). 

Медициналық факультеттің бірінші деканы - медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қарабеков Ағабек Қарабекович.

Ағабек Қарабекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас ауданы Шалдар ауылында 1950 жылдың 17 желтоқсанында дүниеге келген. 

1968-1974 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетінде білім алды. 

1974-1978 жылдары - Целиноград (Ақмола) қалалық ауруханасының балалар хирург-ординаторы. 

1978-1983 жылдары - Алматы қаласындағы №1 балалар ауруханасы жедел хирургия бөлімінің дәрігері. 

1983-1992 жылдары - Алматы мемлекеттік медицина институтының ассистенті, доценті. 

1992-1997 жылдары - Педиатрия ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы) аға ғылыми қызметкері. 

1984-2000 жылдары Қазақстан Республикасының бас балалар травматолог-ортопеді қызметтерін атқарған. 

1997-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік (медицина) фармацевтика академиясының балалар хирургиясы, педиатрия кафедрасының меңгерушісі және медициналық факультеттің деканы болып қызмет атқарды.

ҚР ғылым, техника және білім саласындағы 1999жылғы мемлекеттік сыйлығының иегері.

2000 жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

А. Қ.Қарабеков 2003 жылы «Жыл маманы» белгісімен марапатталды.

2008 жылы «Бәйдібек ауданының құрметті азаматы» атағының иегері.

ОҚО бойынша 2012 жылдың «Үздік ғалымы» номинациясының иегері.

2014 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін «Алтын дәрігер» атағы берілді.

2015 жылы «Жылдың өнертабысы» номинациясы бойынша «Шұңқыр кеуде хирургиялық емдеу әдісі» атты инновациялық патентімен «Шапағат-2015» республикалық ғылыми конкурс жеңімпазы.

А. Қ.Қарабеков 8 өнертабыстың және 4 патенттің, 3 монографияның, 12 оқу-әдістемелік нұсқаулықтың, 239 ғылыми мақаланың авторы.

996 1

 

 

 

Қазіргі уақытта медициналық факультеттің деканы -

медицина ғылымдарының кандидаты м.а.профессор

Долтаева Бибигуль Зайдулаевна.

996 2

  

Факультет деканына декан орынбасарлары және әдіскерлер есепті болады. Факультет деканының орынбасарлары мамандығына орай оқу, методикалық және тәрбие жұмысын қадағалау.

 

- «Жалпы медицина», «Стоматология», «Педиатрия» мамандықтары бойынша декан орынбасары - магистр, «Сәулелік диагностика» курсының асситенті Төлегенова Айгүл Асанбайқызы.

1300 3

 

 

 

- «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша декан орынбасары – Бергалиева Раушан Нұрмаханқызы

1300 4

 

 

 

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша шетелдік студенттерге декан орынбасары - Төлбасиева Арайлым Айбатиллаевна

1300 5

 

 

 

- Деканаттың әдістемелік жұмысын келесі мамандар атқарады: Махатова Ф.Ж., Мыңбаева Г.П., Примкулова А., Рахимбаева Ә.С.

996 6

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша әдіскер 

Махатова Феруза Жантасовна

 

 

 

1300 7

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша әдіскер

Мыңбаева Гүлжанат Пазылбекқызы

 

 

 

1300 8

«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша әдіскер 

Примкулова Айнұр Ергешбайқызы

 

 

 

1300 9

«Педиатрия» және «Стоматология» мамандықтары бойынша әдіскер 

Рахимбаева Әсел Сүндетқызы

 

Факультеттегі профессорлық оқытушылар құрамы студенттер арасында тәрбие жұмысына үлкен көңіл бөледі.

Факультет өзінің жұмыстары бойынша оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректорға есеп береді.

Факультет деканы Факультет Кеңесіне басшылық жасайды.

Медициналық факультет өз қызметтерін ректордың бекіткен жылдық және перспективалық жоспарларының негізінде іске асырады.

 

Контакт мәліметтері:

Бас ғимарат, 1-қабат, 129 бөлме.

Телефон: 8 (7252) 40-82-22 (307).

               8 (7252) 40-82-26 (301).

Эл.адрес: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар