Медицина колледжі

 

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» акционерлік қоғамы жанындағы медицина колледжі 2002 жылы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы жанындағы орта кәсіби білімді мамандар дайындайтын факультеті) АА № 0000047 сериялы мемлекеттік лицензиясының  негізінде қосымшасына сәйкес «Емдеу ісі», «Акушерлік іс», «Медбикелік іс», «Фармация», «Стоматология» және «Ортопедиялық стоматология»  мамандықтары  бойынша орта білімнен кейінгі кәсіби білімді мамандар даярлау мақсатында ашылып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының орта буынды медицина қызметкерлерін даярлау ісіне өз үлесін қосып келуде .

2002-2008 оқу жылдары аралығында фармация ғылымдарының кандидаты Өмірәлі Мұрат Әдіханұлы – орта кәсіби білімді мамандар дайындайтын факультетінің іргетасын қалаушысы, алғашқы деканы болып тағайындалып, басшылық қызметін атқарды.

Отыншиев Мұхтар Әуезұлы – 2009 жылдан бастап медицина колледжінің директоры, жоғары дәрежелі оқытушы.  

2009 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының атауы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы болып қайта құрылуына байланысты, орта кәсіби білімді мамандар даярлау факультетінің атауы 2010 жылдың 11 мамырынан мерзімі шектелмеген АБ №0137364 сериялы мемлекеттік лицензияның  негізінде техникалық және кәсіби білім беру факультеті болып өзгертіліп,  мемлекеттік лицензияның №0106865 қосымшасымен жоғарыда аталған мамандықтар қайта бекітілді.

2017 жылы «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» акционерлік қоғамы болып өзгеруіне байланысты ағымдағы жылдың 17 ақпандағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті  тарапынан  № KZ07LAA00008223 лицензиясының қосымшасына   «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Фармация», «Стоматология» және «Ортопедиялық стоматология» мамандықтары бойынша  қайта  бекітілді.

Ғылым мен адами ресурстар департаменті 2016 жылы 9 наурызда бекітілген №188 мейірбикелік іс мамандарын дайындау жүйесін дамыту бойынша Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жұмысының қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің  2017 жылы  06 қыркүйектегі №572 бұйрығымен  №KZ07LAA00008223  лицензиясының  қосымшасы негізінде «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Қолданбалы бакалавриат» біліктілігіне лицензия қосымшасы берілді.

2018 жылы «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» акционерлік қоғамының атауы  «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» акционерлік қоғамы болып ауысуына байланысты  техникалық және кәсіби білім беру факультетінің атауы 2018 жылғы  4 мамырдағы ректордың №70 бұйрығымен «Медицина колледжі»  болып өзгертілді.

Қазіргі таңда төмендегі мамандықтарға техникалық және кәсіптік білім бойынша мемлекеттік тапсырыс  (республикалық бюджеттен) және ақылы негізде  қабылданып, орта буынды білімді мамандар дайындалуда:

 

Шифр

Мамандықтардың атауы

Оқу мерзімі

І

0301000

Емдеу ісі

1

030101 3

Фельдшер

11 сынып

2 жыл, 10 ай

9 сынып

3 жыл 10 ай

2

030102 3

Акушер (-ка)

11 сынып

2 жыл, 10 ай

ІІ

0302000

Мейіргер ісі

3

030201 1

Науқасқа күтім бойынша кіші медбике

10 ай

4

030203 3

Жалпы практикадағы медбике

11 сынып

2 жыл, 10 ай

9 сынып

3 жыл 10 ай

ІІІ

0304000

Стоматология

5

030402 3

Дантист

11 сынып

2 жыл, 10 ай

9 сынып

3 жыл 10 ай

IV

0307000

Ортопедиялық стоматология

6

030701 3

Тіс технигі

11 сынып

1 жыл, 10 ай

9 сынып

2 жыл 10 ай

V

0306000

Фармация

7

030601 3

Фармацевт

11 сынып

2 жыл, 10 ай

 

Шифр

Мамандық атауы

Оқу мерзімі

І

0302000

Мейіргер ісі

1

030205 4

Қолданбалы бакалавриат

11 сынып

3 жыл 6 ай

(мамандыққа сай дипломмен)

1 жыл 6 ай

 

Бүгінгі таңда медицина колледжінде 842 студент білім алып, профессорлық - оқытушылар құрамы  мен жоғары дәрежелі білікті оқытушылар білім беруде. Осы  уақыттан бері колледждің бітіруші түлектерінің жалпы саны – 4326 мыңға жетіп, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының дамуына өз үлестерін қосып, халыққа қызмет көрсетуде. 

Медицина колледжі кафедралармен, оқу клиникалық-симуляциялық орталық, клиникалық-диагностикалық зертхана , компьютерлік-тестілік және баспа орталығы, кітапханалық-ақпараттық орталық , анатомиялық мұражай, спорттық-жаттығу залы, жатақхана, спорттық-сауықтыру лагерімен қамтылған. Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдардағы клиникалық базаларымен келісім шарттар жасалып, оқу жылы барысында студенттер оқу-өндірістік және кәсіптік тәжірибелерден өтіп отырады.

 

1199 1

1199 2

1199 3

1199 4

1199 5

1199 6

Медицина колледжінің қызыметкерлері Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Еңбек» заңын, ҚР «Азаматтық» кодексын, ҚР «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «ҚР тілдері» заңдарына,  ҚР Президентінің заң күшіндегі  «Мемлекеттік ұйымдар» жарғысын, басқа да білім, педагогика және психологияның бағыттары мен дамуын айқындайтын нормативті – құқықтық актілерге, білімінің жалпыға бірдей стандарттарына, еңбек, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғаныс актілеріне сүйене отырып өз міндеттерін атқарады.

Директор педагогикалық кеңеспен, әдістемелік кеңеспен және тәлімгерлер кеңесімен жұмыс жасайды. Ректор бекіткен «Стратегиялық» және 2017-2021 жылдарға арналған «Факультеттің даму»  жоспары мен «Мейіргер ісінің даму» жоспарлары, «Кадрлық саясаты» негізінде колледждің жұмыстары  жүргізіледі.

Медицина колледжінің құжаттарында оқу процесінің ғылыми ұйымдастыруының негізгі теориялық және практикалық аспектілері келесі бағыттар бойынша көрініс алады.

Колледждің оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысына басшылық.

Оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және оған бақылау жасау.

Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

Кафедра меңгерушілерімен, колледж қызыметкерлерімен жұмыс.

Оқыту қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ету.

Сыртқы байланысты орнату және дамыту.

Студенттерді оқу процесін ұйымдастырудағы алдыңғы технологияларды енгізу негізінде жоғары сапалы оқытуды қамтамассыз ету, материалды- техникалық, оқу- зертханалық базаны нығайту, студенттердің білім алуына шынайы ынталандыру .

«Ашық есіктер» күнін өткізу

- жыл сайынғы «Бос орындар жәрмеңкесін» ұйымдастыру (жұмыс берушілер) тапсырысы бойынша бітірушілерді кейін жұмысқа орналастыру.

 

Колледж ұжымының алдында атқарылатын келесі маңызды міндеттер тұр:

-         Мамандарды даярлау сапасын жоғарылату.

-         Жаңашыл оқытуды дамыту.

-         Оқыту және ақпараттық технологияларды жетілдіру.

Колледж жұмысы оқушылардың білім сапасын жоғарлату міндеттері негізінде оқыту, мазмұнын ұйымдастыру әдістерін жетілдіруге кешенді жұмысқа бағытталған.

Колледж кафедра қызыметкерлері мен тәлімгерлер арқылы студенттермен кері байланысты қолдайды және дамытады, олардың сұраныстары мен мәселелеріне дер кезінде жауап береді. Кәсіби білікті тұлға, бәсекеге қабілетті, кәсіби міндетті өзіндік және шығармашылықпен шешетін маманды қалыптастыруға қатысады. Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін,  «Жұмыспен қамту жол картасы » бағдарламаларын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асырады.

Колледждің бір функциясы- студенттермен тәрбие жұмысы. Колледждің тәлімгерлік кеңесі құрылып,  тәлімгерлер мен студенттердің ара- қатынасын реттейді, колледж іші және Республикалық деңгейде іс- шаралардың өткізуілуін бақылайды. Тәрбие жұмысы оқу процесімен тығыз байланыста болады. Студенттер академия ішілік және қала, облыс пен республикалық, халықаралық деңгейде өткізілетін  іс-шараларға  қатыстырылады.

 

Медицина колледжінің миссиясы:

Фармацевтикалық және медициналық білім беруде, отандық  еңбек нарығындағы  бәсекеге   қабілетті, білікті кадр  әлеуетін қалыптастыру, даярлау.

 

Медицина колледжінің  білім беру жүйесіндегі орны:

Еңбек нарығы үшін фармацевтикалық  және медициналық  мамандардың  жаңа буынын  дайындау  арқылы  қоғамның  зияткерлік және кәсіби дамуына үлес  қосу, халықаралық сапа стандарттарына сәйкес  кадрлардың  кәсіби денгейін  дамыту және шыңдау.

 

Медицина колледжінің саясаты миссияның төмендегі  бағыттары арқылы жүзеге асырылады:

- Оқу-білім әрекетінің сапасын жоғарылату.

- Оқу үрдісіне фармацевтикалық және медициналық білім  берудің  инновациялық  әдістерін енгізу.

- Студенттердің кәсіби тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту.

- Жастарды азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік  рухында, зияткерлік  тұрғыдан  жоғары дамыған  және аса өнегелі тұлға  етіп тәрбиелеу. 

1199 7

 

Мекен-жай:

№2 оқу ғимараты, 2 қабат, Медицина колледжі, 200 кабинет.

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар