Халықаралық факультет

 

Шетелдік студенттердің санының ұлғаюына байланысты 2019 жылы ректордың 29.08.2019 ж. №730 бұйрығы бойынша халықаралық факультет құрылып, келесі бакалавриат мамандықтары бойынша мамандарды дайындайды:

- В086 – «Жалпы медицина»

- В087 – «Стоматология»

- В085 - «Фармация»

Халықаралық факультетте алыс және жақын шетелдерден, атап айтсақ, Үндістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Қырғызстаннан келген 800-ден астам студенттер бар.

Факультет (латын тіл. facultas «мүмкіндік», «қабілет») өз жұмысында бір немесе бірнеше жақын мамандықтар бойынша студенттерді дайындап, факультеттің стратегиялық даму жоспарын ұйымдастыра отырып, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбиелік жұмыстармен айналысуда.

Факультет мынандай міндеттерді орындай отырып алға қойған мақсаттарға жетеді:

- «ОҚМА» АҚ сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын жүзеге асыру;

- факультет стратегиясын анықтау және іске асыру туралы шешім;

- мамандарды даярлау сапасын арттыру;

- инновациялық білім беруді дамыту;

- білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру.

Халықаралық факультет деканатының іс-әрекеттері жоғары оқу орнының саясаты аумағындағы ғылыми-педагогикалық жетістіктерге жетуге, білім сапасын жоғарылатуға бағытталған жетекші жүйемен өзара қарым-қатынас жасауға бағытталған.

Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысында факультеттің негізгі міндеттері: факультет құрамына қарасты қазақ, орыс және латын тілдері, шет тілдері, дене шынықтыру кафедраларының оқу-әдістемелік жұмысы мен оқу үдерісінің дамуын жоспарлау, ұйымдастыру.

Халықаралық факультет деканаты Қазақстан Республикасының жастар саясатын іске асыруда ЖОО-ның факультет деңгейінде, факультеттің қызметкерлері мен тәлімгерлер арқылы тәлімгерлерді студенттермен кері байланысты дамытады. Өз уақтысында олардың жеке тұлғалық құзырына көңіл бөледі, бәсекелестікке қабілетті маманның өз алдына қабілеттілігін және кәсібилігін арттырып, ғылыми жаңа ойларды қабылдайтын және жаңаша технологиядағы жетекші болатын мамандар дайындайды, іске асырады.

 

B.Tashmuhambetov

Деканат құрамында: декан – PhD, доцент м.а. Ташмухамбетов Б.Г., декан орынбасары – MSc, Төлбасиева А.А., әдіскерлері - MSc, Жүзтаева Т.А. және MSc, Сарсенбекова А.А. қызмет атқарады.

 

Мекенжайы мен байланыс телефоны:

ОҚМА бас ғимараты, 3-қабат, 324 бөлме.

Эл.адрес: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар