Стратегиялық даму және инновациялар жөніндегі Бірінші проректор




Bapaev.J.B

 

 

Стратегиялық даму және инновациялар жөніндегі Бірінші проректор -

Бапаев Жумат Біллаһанұлы

 

Медицина ғылымдарының кандидаты (Мәскеу қ. - 1991ж.), бакалавр – "мемлекеттік және жергілікті басқару" (Астана қ. – 2011ж.), академиялық дәреже - экономика және бизнес магистрі (Астана қ. – 2012ж.).

1982 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын емдеу ісі мамандағы бойынша бітірген. 1982 жыл мен 2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының, КСРО-ның, ҚР түрліше медициналық ұйымдарында хирург қызметін атқарды. КСРО МХҒО МҒА (Мәскеу қ.) жанындағы "Хирургия" мамандығы бойынша клиникалық ординатураны бітірді.

ҚР Қаржы және сақтандыру ұйымдарында басшы болып жұмыс істеді: банк қызметі, сақтандыру қызметінің түрлерін енгізу, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру.

2009-2010 жылдары "100 мектеп, 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана қаласында медициналық нысандардың құрылысын, оның ішінде "Астана қаласында 180 орындық кардиохирургиялық орталықтың"құрылысын үйлестіріп, түзетіп отырды.

2010-2011 жылдары "Астана қаласы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ Стратегия және даму басқармасы бастығының орынбасары лауазымында, Астана қаласының әртүрлі меншік түріндегі Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестірді, жұмыс комиссияларын ұйымдастыру мен

Астана қаласының жаңадан жоспарланған және салынып жатқан медициналық объектілерінің жобаларын үйлестіруді жүзеге асырды, "Астана қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын (денсаулық сақтау бөлімі)» әзірлеуге және іске асыруға тікелей қатысты, Астана қаласында 2011-2020 жылдар кезеңіне арналған медициналық объектілер құрылысының жоспарын негіздеп әзірлеуге қатысты.

2014-2017жж. "Трансплантация жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы" мекемесі (Астана қ.) ағзаларды донациялау жөніндегі бас үйлестіруші (директордың орынбасары) лауазымында трансплантологиялық көмекті дамытуды және Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында трансплантациялық үйлестіру қызметін ұйымдастыруды басқарды – осы кезеңде республикада ағзалар мен тіндерді ауыстырып салу бойынша 1300-ге жуық операция жасалды, ағзалар мен тіндерді трансплантология және трансплантациялық үйлестіру саласында 5 нормативтік-құқықтық актілер дайындалды.

2018ж. 1 наурыздан бастап "ОҚМА"АҚ Стратегиялық даму және инновация жөніндегі I проректор лауазымында жұмыс істейді.

2014 жылы "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" ведомстволық төс белгісімен марапатталды.

Үш ғылыми патент және 23 ғылыми жарияланымдары бар.

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар