Ректордың кеңісшісі




Adilbay.D.G.

 

 

Ректордың кеңісшісі –

Әділбай Дәурен Ғалымұлы

 

2008 жылы Американдық клиникалық онкологтар қауымдастығының (ASCO) стипендиясының иегері атанды, ол Хьюстондағы Андерсен Cancer Center мекемесінде тәжирибелік жұмыс өту мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, EAFO гранты бойынша (Еуразия онкология федерациясы), Миландағы Еуропалық онкологиялық клиникада бас пен мойын хирургиясы бойынша тәжірибеден өтті. Резидентурадан өту барысында Еуропалық онкология мектебінің (ESO) қамқорлығымен көптеген оқу іс-шараларын ұйымдастырды.

2010 жылы Шэньчжэнь қаласындағы Дүниежүзілік онкологиялық лидерлер саммитіне, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрімен бірге қатысты, ол Қазақстанның жаһандық деңгейде онкологиямен қарсы күресте алға жылжуына ықпал етті.

Сондай-ақ, Медицина ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріліп, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебін бітірді. Оның тақырыбы «Онкологиядағы диагностиканың және емдеудің мерзімді хаттамаларының сапасын бағалау» курсы бойынша үздік деп танылып, М.Қ. Құлжановтың сертификатын алды.

2012 жылы қалалық әкімдіктің бастамасымен Қазақстандағы бас және мойын ісіктерінің екінші жоғары мамандандырылған бөлімшесін құрды. Жұмыс кезінде Қазақстанда тұңғыш рет композит лоскуттарының трансплантациялау арқылы ауызды және ауыз қуысы ақауларын микро-хирургиялық тәсібі бойынша жасалатын операциялар енгізді, бұрын мұндай науқастар шетелге емделуге жіберілетін.

Ол әлемдегі ең ежелгі онкологиялық Нью-Йорк қаласындағы Слоун Кеттерлинг орталығының гранты бойынша 2 ай бойы тәжірибеден өтті. Барлық алынған білімдерін Қазақстанда енгізді.

2014 жылдан бастап Қазақ ұлттық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ұлттық мониторинг және бағалау тобының жетекшісі және онколог дәрігері болып жұмыс істеді.

2008 жылдан бастап Американдық клиникалық онкологтар ассоциациясының және Еуропалық Онкология хирургтарының ассоциациясының мүшесі болды.

Нью-Йоркте, Сеулде, Сингапурда, Минскіде, Венада және т.б. халықаралық конференцияларда ауызша баяндамалар жасады.

Ғылыми журналдарда 8 тезис және 10 мақала жарыққа шықты, оның ішінде шетелдік журналдарда 6 және медицина саласындағы ең үздік бес журналдың ішіндегі «Lancet» онкология журналында бір мақаласы жарияланған.

2017 жылы UICC жас көшбасшыларының халықаралық конкурсына қатысып, 7 жеңімпаздың біріне айналды.

2018 жылдан бастап IFHNOS (Халықаралық бас және мойын онкология қоғамдарының федерациясы) Атқару комитетіне мүшесі атанды.

2018 жылы «100 жаңа есім» жобасының жүлдегері.

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар