Ректор




Rysbekov.M.M

 

 

РЫСБЕКОВ Мырзабек Мырзашұлы

медицина ғылымдарының докторы, профессор,

Клиникалық және фундаментальді медицина Ғылым академиясының академигі

 

      1983 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Талдықорған облыстық ауруханасында бір жылдық интернатурадан өткеннен кейін, 1984-1987 жылдары Талдықорған облысы, Алакөл ОАА дәрігер-хирург, хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1987-1989 жылдары Мәскеу қаласында КСРО МҒА-да хирургия бойынша мақсатты клиникалық ординатурадан өтті.

      1989-1999 жылдары С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ хирургия кафедрасының аға лаборанты, ассистенті, содан кейін доценті қызметтерін атқарды. 1993-1995 жылдары емдеу факультеті деканының орынбасары қызметінде болды.

      1992 жылы «Операциядан кейінгі ерте кезеңде ұйқы безі трансплантатының қызметін кешенді бағалау» тақырыбында 14.00.41 - «трансплантология және жасанды органдар» мен 14.00.27 - «хирургия» мамандықтары бойынша Мәскеу қаласында кандидаттық диссертациясын қорғады. 1998 жылы «Инсулинге тәуелді қант диабетін хирургиялық емдеу» тақырыбында 14.00.27 - «хирургия» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.

      1999-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының клиникалық және тәрбие жұмыстары бойынша, одан кейін ұйымдастыру-экономикалық жұмыс жөніндегі проректоры (2007-2009). Хирургия кафедрасының профессоры, госпиталды хирургия кафедрасының меңгерушісі.

      2009 жылдан бастап Астана медицина университеті акционерлік қоғамының №2 хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры. 2010 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры, одан кейін ҚР ДСМ ОҚО бойынша МФҚБК департаментінің директоры (2010-2011).

      2011-2016 жылдары «АМУ» АҚ-ның жалпы хирургия кафедрасының профессоры.

      2016-2018 жылдары «Қазақ инновациялық университеті» ЖШС директоры.

      2018 жылғы ақпаннан бастап «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-ның ректоры.

      1993-1995 жылдары «Қазақстан хирургиясы» журналының жауапты хатшысы, Алматы қаласы мен Алматы облысы хирургтар қоғамының хатшысы.

      1996 жылы ҚР ЖАК шешімімен доцент ғылыми атағы берілді. 2000 жылы профессор ғылыми атағы берілді. 2018 жылы Клиникалық және фундаментальді медицина Ғылым Академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайланды. Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2002) төсбелгісімен марапатталған.

      324 ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 20-сы өнертабыс, 5 оқу құралы бар.

      М. М. Рысбековтың жетекшілігімен 8 кандидаттық диссертация қорғалды. Жоғары біліктілік санаттындағы дәрігер-хирург.

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар