ОҚМА-ның даму стратегиясы

  

 logo

2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

 «ОҚМА» АҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ

ОҚМА миссиясы

Заманауи ғылым мен тәжірибе жетістіктеріне сүйене отырып, құзыреттілігін үздіксіз көтеру мен шығармашылық ынтасын дамыту арқылы медицина және фармацевтика салаларында жылдам өзгеретін кез-келген жағдайларға тез үйренетін медициналық және фармацевтика саладағы жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандары Оңтүстік аймақ пен бүкіл Республика үшін дайындау.

 

ОҚМА білім беру жүйесіндегі орны

Халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай мамандарды даярлауға бағытталған құзыреттілік тәсілдеріне және практикалық денсаулық сақтау мен фармацевтикалық өндірістердің қажеттіліктеріне негізделген медициналық және фармацевтикалық білім берудің тиімді жүйесі.

 

Құндылықтар мен этикалық қағидалар:

- ОҚМА профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсібилік қағидасы; 

- ОҚМА-дағы сапа қағидасы;

- Бағытталған білім беру қағидасы.

 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ:

1. Стратегиялық бағыт. Білім беру және ғылым кеңістігіндегі академия позициясын нығайту

1.1 Мақсат. Жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілетті білім беру қызметін қамтамасыз ету 

 

Міндеттер:

1. Денсаулық сақтау саласының нормативті-құқықты актілерінде қарастырылған білім беру түрлері бойынша, медициналық және фармацевтикалық білімі бар жоғары білікті мамандарды дайындау;

2. Талапкерлерді таңдау критерилерін PR-технологиясын қолдана отырып жетілдіру;

3. Академияның иституционалды даму сапасын сыртқы бағалауды және жүзеге асырылып отырған білім беру бағдарламаларының сапасын бағалауды жетілдіру;

4. Халықаралық білім беру кеңістігіне кіру;

5. Білім беру бағдарламаларын оқу-әдістемелік және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуін жетілдіру;

6. Білім алушылардың білім алуы мен жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

 

1.2. Мақсат. Академияның институционалды ғылыми әлеуетін дамыту. 

Міндет:

1. Медициналық, фармацевтикалық, биологиялық ғылыми зерттеулер спекртін ұлғайту және нәтижелерін білім беруге, тәжірибеге енгізу (ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерциализациялау). 

1.3. Мақсат. Денсаулық сақтау саласының тәжірибелік қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамыту білім беру бағдарламаларын жетілдіру. 

Міндет:

1. Денсаулық сақтау саласының тәжірибелік қызметкерлеріне үздіксіз кәсіби даму заманауи бағдарламаларын әзірлеу.

2. Стратегиялық бағыт. Адами ресурстарды басқаруда тиімді технологияларды дамыту 

2.1 Мақсат. Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің біліктілік деңгейін көтеру және корпоративті басқаруды дамыту. 

Міндет:

1. Профессор-оқытушылар құрамы әлеуетін көтеру

2.2 Мақсат. Профессор-оқытушылар құрамының клиникалық қызметін басқару. 

Міндет:

1. Профессор-оқытушылар құрамының клиникалық дайындығын жетілдіру. Клиникалық кафедра оқытушылары ұсынып отырған медициналық қызметтері сапасын қамтамасыз ету. 

3. Стратегиялық бағыт. Академияны басқаруда қаржыландырудың тиімді жүйесін құру және инновациялық құрылымды дамыту. 

3.1 Мақсат. Академияның қаржылық тұрақтылығы мен қаржылық тәуелсіздігін 

қамтамасыз ету; 

3.2 Мақсат. Академия қызметтері бағыттарына тиімді менеджмент.

Міндет:

1. Стратегиялық серіктестік арқылы академияны басқару жүйесін жетілдіру;

2. Медициналық білім беру менеджменті саласында академия қызметкерлерінің біліктілігін дамыту.

3.3 Мақсат. Білім беру және ғылыми қызметтер үшін заманауи инфрақұрылымды дамыту.

Міндеттер:

1. Академияның заманауи білім беру, ғылыми және әлеуметтік инфрақұрылымын құру;

2. Академияның заманауи білім беру, ғылыми және әлеуметтік инфрақұрылымын құру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар