Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

 
 
1312 1
Садиева Жанар Заманхановна
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы
 
Дипломнан кейінгі білім беру секторы ғылыми-клиникалық бөлімнен бөлініп шыққан (31.01.2011ж., бұйрық №8п). Қазіргі кезде ОҚМФА ректорының бұйрығымен (бұйрық №80п, 28.08.2013ж) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (ЖООКББ) болып өзгертілді.
Магистратура мамандықтары екі бағытта жұмыс жасайды: ғылыми-педагогикалық және бейіндік. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 2 жыл білім алады, ал бейіндік бағыт бойынша 1- 1,5 жыл. Магистратураны аяқтаған білім алушыға мамандықтары және бағытына қарай «медицина ғылымдарының магистрі» және «денсаулық сақтау магистрі» деген академиялық дәреже беріледі. Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың алдыңғы минималды білім деңгейі – жоғары кәсіби немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Резидентурада кадрларды дайындау клиникалық мамандықтар бойынша жүргізіледі. Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және мемлекеттік аттестациядан сәтті өткендерге мамандықтарына сәйкес, мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі. Резидентураның білім беру бағдарламаларын игергісі келетін тұлғалардың білімінің бұдан бұрынғы деңгейі төмендегідей болуы қажет:
- базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатура.
Қазіргі таңда ОҚМА халықаралық ЖОО-мен медициналық және фармацевтикалық білім беру бағытында, ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауда, медициналық және фармацевтикалық саласындағы өзекті бағыттары бойынша бірлескен зерттеулер атқарып тығыз қарым-қатынас орнатуда.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі магистранттар және резиденттермен жұмыс жүргізуді жүзеге асырады.
 
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі магистратура, докторантура және резидентураның төмендегі мамандықтары бойынша білім беруді жүргізеді:
Магистратура бойынша:
-М144 - «Медицина»
-М140 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»
-М141 - «Мейіргер ісі»
-М142 – «Фармация»
 
Резидентура бойынша:
- R001 «Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы»
- R011 «Инфекциялық аурулар, оның ішінде балалардың инфекциялық аурулары»
- R014 «Сәулелік диагностика»
- R017 «Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы»
- R024 «Онкология (ересектер)»
- R025 «Травматология және ортопедия, оның ішінде балалар травматологиясы мен ортопедиясы»
- R028 «Оториноларингология, оның ішінде балалар оториноларингологиясы»
- R030 «Педиатрия»
- R032 «Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы»
- R036 «Жалпы хирургия»
- R037 «Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы»
- R038 «Отбасылық медицина»
- R039 «Терапия»
 
Докторантура бойынша:
- D141 - «Медицина»
- D140 - «Фармация»
 
ЖООКББ бөлімінің құрылымына:
- бөлім бастығы;
- бөлім әдіскері;
- бөлім маманы кіреді.
 
Бөлім қызметкерлері туралы қысқаша мағлұмат:
1. Бөлім бастығы – Садиева Жанар Заманхановна
2. Бөлім әдіскері – Адылбекова Бибисара Нурлановна
3. Бөлім әдіскері – Көбесова Айдана Еркінбекқызы
4. Бөлім маманы – Сырбек Айкен Нуркенқызы
1312 2
 
ЖООКББ бөлімінің мақсаты – ғылыми-педагогикалық, әкімшіліктік-басқару және клиникалық кадрларды даярлау болып табылады.
ЖООКББ бөлімінің міндеттері:
- Магистратура және резидентурада жоғары квалификациялық деңгейдегі мамандарды даярлау;
- Білім беру нарығында – жалпыға міндетті мемлекеттік стандартқа және қазіргі заманғы тенденцияларға жауап беретін мамандарды даярлау барысында бөлімнің ішінде сапа жүйесін енгізу, дамыту;
- Білім алушылар арасында жоғары деңгейдегі оқу және еңбек тәрбиесін қамту, қадағалау және ұйымдастыру;
ЖООКББ бөлімінің қызметі:
- ЖООКББ бөлімі магистранттар мен резиденттердің оқу процесін және ғылыми жұмыстарын бағыттайды, қадағалайды және ұйымдастырады;
- Магистранттар мен резиденттерді даярлауға қатысатын кафедралардың барлық формадағы оқу процестерін қадағалайды, тұрақтайды және ұйымдастырады.
 
 
Байланыс құралдары:
ҚР, Шымкент, .Әл-Фараби алаңы 3 үй, №2 оқу ғимараты, 1-қабат, 106 кабинет
Тел: 8 (7252) 39-31-41 (ішкі 408)
e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
 
 
 
 

- Положение отдела ПВО

- Должностная инструкция Заведующего отдела ПВО

- Должностная инструкция Методиста отдела ПВО

 
 
 
 
Магистратура
Резидентура

papka

 

Докторантура
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар