Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының әскери кафедрасы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 ақпан № 195 қаулысына сәйкес құрылған.

1

Әскери кафедра бастығы: полковник Айтов Алмас Советович
8 қазан 1962 жылы туылған,
Көлбай ауылы, Андреевка ауданы, Талды -Қорған облысы, қазақ

- 10 сыныпты  орта мектепте 1979 жылы бітірген.
- Львовтағы жоғарғы әскери-саяси училищесін 1986 жылы бітірген.
- 08.2002. -  07.2005ж. – Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің  Әскери кафедра бастығы
- 08.2005жылдан  қазіргі уақытқа дейін -  Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Әскери кафедра бастығы

 

 zam1

Әскери кафедра бастығының орынбасары: подполковник ПЕРЕНБЕКОВ Жан-Айдар Құралбекұлы

 

obwi foto

 Әскери кафедраның тұрақты штабының суреті Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, 2017 ж


01  03

ОҚМА басты корпусы                    Әскери кафедраға кіру

 

 logo kkӘСКЕРИ  КАФЕДРАНЫҢ  ҚҰРЫЛУ  ТАРИХЫlogo2

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының әскери кафедрасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 ақпанының № 195 Қаулысы негізінде ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 8 шілдесінің № 1037 Қаулысымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы қайта құру жолымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы болып қайта ұйымдастырылды.

Әскери кафедра бастығы – полковник Айтов Алмас Советұлы.

ОҚММА студенттерінің әскери дайындығы 2001 жылдың қыркүйегінен басталды.

Медициналық қызмет запасы офицерлерінің алғашқы түлектерінің шығарылымы 2004 жылы жасалды.

03 04

 

logo kkӘскери кафедраның міндеттеріlogo2

Әскери кафедрасы запас офицерлерінің дайындығын төмендегі әскери – есептік мамандықтары бойынша жүргізіледі:

«Фармация»

«Радиология»

«Жалпы гигиена»

«Құрлықтағы әскердегі тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру»

«Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру»

«Дене шынықтыру дайындығын және спортты ұйымдастыру»

«Құрлықтағы әскердегі байланысты ұйымдастыру»

«Телефон байланысы құралдары бар бөлімшелерін қолдану»

«Арнайы насихатты ұйымдастыру»

 

 

ОҚУ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ   БАЗАСЫ

Әскери кафедра академияның жаңа ғимаратында орналасқан. Әскери кафедраның тұрған орны оның академияның басқа кафедралардан оқшауланып орналасуын және ҚР ҚК мен басқа құрамалар талаптарына сай ұйымдастырылуын және ішкі тәртібінің сақталуынқамтамасыз етеді.

Оқу дәрісханалары және бөлмелері оқыту бағдарламаларының пәндері бойынша жабдықталған және тек әскери дайындығы бойынша жүргізілетін сабақтарында және студенттердің өз бетінше орындалатын жұмысында пайдаланылады.

05 06

Жалпыәскери   дайындық    сыныбы 

Жалпыәскери дайындық сыныбы оқытудың мына пәндеріне арналған: ҚР ҚК жалпыжауынгерлік Жарғылары, оқ ату даярлығы. ҚР ҚК жалпыжауынгерлік Жарғылары сабақтарында әскери қызметкерлерге арналған заңнаманың негізгі ережелері, орындағы және қозғалыстағы қарусыз және қарумен орындалатын саптық тәсілдері, сапқа тұрғызу және де сапты қайта құру қозғалыстары үйретіледі. 

07 08

Орын саны – 20, мультимедиялық проектормен жабдықталған


 

Әскери токсикология, радиобиология және жаппай қырып-жою қаруынан

медициналық қорғану сыныбы

         Әскери токсикология, радибиология және ядролық, химиялық қарудан медициналық қорғануды оқыту арнайы нұсқаулар мен ережелер негізінде ұйымдастырылған. 

09 10

Орын саны – 30, мультимедиялық проектормен, интерактивті тақтамен жабдықталған


 

Медицина қызметін ұйымдастыру және тактикасы сыныбы

Медицина қызметін ұйымдастыру және тактикасын оқыту жарғыларда, ережелерде және нұсқауларда көрсетілген қағидалар, сілтемелер мен ұсыныстарды ескере отырып жүзеге асырылады.

11 12

Орын саны – 30, мультимедиялық проектормен, интерактивті тақтамен жабдықталған


 

Медицина қызметін ұйымдастыру және тактикасы сыныбы

Медицина қызметін ұйымдастыру және тактикасын оқыту жарғыларда, ережелерде және нұсқауларда көрсетілген қағидалар, сілтемелер мен ұсыныстарды ескере отырып жүзеге асырылады.

13 14

Орын саны – 32, мультимедиялық проектормен



 

 Әскерлерді  медициналық  мүлік  және техникамен қамтамасыз   етуді   ұйымдастыру  сыныбы

Сабақтарды жүргізу барысында студенттердің алғашқы лауазымдағы провизор міндеттерін өз бетінше орындауына басты назар аударылады.

Медицина қызметін ұйымдастыру және тактикасын оқыту жарғыларда, ережелерде және нұсқауларда көрсетілген қағидалар, сілтемелер мен ұсыныстарды ескере отырып жүзеге асырылады.

 15 16

Орын саны – 18, мультимедиялық проектормен жабдықталған


 

 Әдістемелік    бөлме

17 18

Орын саны – 6, 6 жеке компьютермен (ЖК) жабдықталған

Кітапхана

Кітапхана студенттерге, оқытушыларға және әскери кафедра қызметкерлеріне сабаққа дайындалу барысында арнайы және оқу әдебиеттерін қолдануға мүмкіндік береді. 

19 20

МОКИ – 2007 (Жалпыәскери кіші имитациялық  жиынтық)

Ұрысты басқару сыныбы

Компьютерлік басқаруы бар лазерлік имитаторының кіші жалпыәскери полигоны жабдығының жиынтығы. 

21 22

Орын саны – 8, 8 жеке компьютермен (ЖК) жабдықталған

Бригаданың медициналық бекеті

23 24


 Ақпараттық және тәрбие  жұмысы  бөлмесі

25 26

Орын саны – 36, мультимедиялық проектормен жабдықталған


 Жаппай  қырып-жою  қаруынан  қорғану  сыныбы 

27 28

Орын саны – 18, мультимедиялық проектормен жабдықталған

Дәріс   сыныбы

29  30

Орын саны – 50, мультимедиялық проектормен жабдықталған


 Тактикалық  дайындық сыныбы  (жазғы сынып) 

31 32

Орын саны – 22

АП-2 таңу ісіне арналған автокөлік

 33 34


 Саптық алаң 

35 36 

Әскери кафедра оқу жиыны

       Жыл сайын жаз маусымында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы әскери кафедрасының білім алушылары әскери кафедраның бастығы полковник Алмас Советұлы Айтовтың тікелей басшылығымен әзірленген арнайы оқу-жаттығу базасында оқу жиынын өтеді. База, жиынға қажетті оқу құралдардың барлық түрімен  қамтамасыз етілген. Жеке құрамға арналған шатырлар орнатылып, пәндерге арналған оқу алаңдары тиісті деңгейде жабдықталған. Оқу жиынының негізгі мақсаты - қарулы күштердің мәртебесін арттыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, алған білімін тәжірибеде нығайту. Студенттерге, әскери кафедрада оқытылған әскери-есеп мамандықтары бойынша запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасына сәйкес алған білімдерін іс-жүзінде жүзеге асыру машықтығын шыңдауға толық жағдай жасалған.

Студенттерге арнайы сынақ алаңында атыс қаруларынан оқ атып, Атыс дайындығын игеруге жағдай жасалған.

Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік, іргесін берік, бірлігін бекем ету - осындағы барлық азаматтың басты борышы. Жалындаған жас қырандардың қалың легі тұрғанда елді дау, жерді жау алмайтынына толық сенімдіміз.

 Әскери  ант  қабылдау  рәсімі

37 38 39 40

 6506 әскери бөлімнің оқу полигонындағы сабақ

41 42 43 44 

Әскери кафедраның оқу жаттығу полигоны 

 45 46 47 48 

Әскери  кафедраның  оқу  жаттығу  полигонындағы  сабақтар

49 50 51 52

Әскери  кафедраның  оқу  жаттығу  полигонындағы  сабақтар

53 54 55 56 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар