ОҚМА-ның даму бағдарламасы

  

 logo

2019-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

«ОҚМА» АҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ

 

ОҚМА миссиясы

Заманауи ғылым мен тәжірибе жетістіктеріне сүйене отырып, құзыреттілігін үздіксіз көтеру мен шығармашылық ынтасын дамыту арқылы медицина және фармацевтика салаларында жылдам өзгеретін кез-келген жағдайларға тез үйренетін медициналық және фармацевтика салаларындағы жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды Оңтүстік аймақ пен бүкіл Республика үшін дайындау.

 

ОҚМА білім беру жүйесіндегі орны

Халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай мамандарды даярлауға бағытталған құзыреттілік тәсілдеріне және практикалық денсаулық сақтау мен фармацевтикалық өндірістердің қажеттіліктеріне негізделген медициналық және фармацевтикалық білім берудің тиімді жүйесі.

 

Құндылықтар мен этикалық қағидалар:

- ОҚМА профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсібилік қағидасы; 

- ОҚМА-дағы сапа қағидасы;

- Бағытталған білім беру қағидасы.

 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ:

1. Стратегиялық бағыт. Білім беру және ғылым кеңістігіндегі академия позициясын нығайту

1.1 Мақсат. Жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілетті білім беру қызметін қамтамасыз ету 

Міндеттер:

1.  Оқыту түрлері бойынша медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды дайындау түрлері мен әдістерін жетілдіру 

2.  Барлық деңгейдегі қолданыстағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру. Еңбек нарығының қажеттілігіне және аймақтық басымдықтарға байланысты барлық деңгейдегі жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу

3.  Халықаралық білім беру кеңістігіне кірігу

4.  Білім алушыларға білім алуы мен тұлғалық дамуы үшін жағдай жасау

1.2 Мақсат. Академияның ғылыми әлеуетін дамыту 

Міндет:

1.  Медициналық, фармацевтикалық, биологиялық ғылыми зерттеулер спекртін ұлғайту және нәтижелерін білім беруге, тәжірибеге енгізу (ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерциализациялау)

1.3. Мақсат. Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерін үздіксіз кәсіби дамыту білім беру бағдарламаларын жетілдіру

Міндет:

1.  Қазақстанның оңтүстігінің және Орталық Азия аймағының денсаулық сақтау қажеттіліктерін ескере отырып, үздіксіз кәсіби даму бағдарламаларын әзірлеу

 

2. Стратегиялық бағыт. Адам ресурстарын басқарудың тиімді технологияларын дамыту

2.1. Мақсат. Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің біліктілігі деңгейін арттыру және корпоративтік басқаруды дамыту

Міндет:

1.  Профессор-оқытушылар құрамының әлеуетін арттыру

 

3.  Стратегиялық бағыт. ЖОО басқарудың тиімді жүйесін құру және инновациялық құрылымды дамыту

3.1. Мақсат. Академияның қаржылық тұрақтылығы мен қаржы тәуелсіздігін қамтамасыз ету

3.2. Мақсат. Білім беру және ғылыми қызметкерлер үшін заманауи инфрақұрылымды дамыту

Міндет:

1.  Білім алуға жағдай жасау үшін ЖОО-ның заманауи медициналық технологиялық инфрақұрылымын құру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар