«Дәрілік заттар сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесін қашықтықтан білім беру технологиясын қолданып ұйымдастыру

12 Маусым 2020, 2:59 pm
100 рет оқылды

5 курс фармация факультеті студенттеріне қашықтықтан оқытудың жаңа форматында жүргізілген «Дәрілік заттар сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесі аяқталды.

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында өндірістік тәжірибені жүргізу үшін көптеген ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді: оқытушы мен білім алушының арасында қашықтықтан байланысу алгоритмі жасалды, коммуникация құралдары анықталды, лабораториялық тапсырмаларды орындауға арналған видео-роликтер (38) түсірілді, тапсырма контенті, мониторинг формалары және т.б. жұмыстар жүргізілді. Өндірістік тәжірибенің тапсырма контенті Platonus АИС «Тапсырма» модуліне енгізілді.

1539 1

Алдын-ала Webex платформасында тәжірибе міндеттерімен таныстыру конференциясы ұйымдастырылды, онда оқытушылар студенттерді тәжірибе бағдарламасымен, тапсырмалармен, оларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулармен, тәжірибеге дайындалуға қажетті әдебиеттермен таныстырды, сонымен бірге, студенттерге күнделіктің толтырылуы мен тәжірибе соңында болатын сынақтың жүргізілуі бойынша нұсқаулар берілді.

Өндірістік тәжірибені қашықтықтан оқыту режимінде өткізудің негізгі нысаны ретінде ыңғайлы интерфейс пен функциональды мүмкіндігі жоғары Google Classroom платформасының ресурстары мен құралдары қолданылды.

1539 2

Әрбір оқу топтары үшін Google Classroom виртуальды сыныптар ашылып, онда тәжірибе жетекшілері күнделікті тапсырмаларды «Нұсқаулар», «Тапсырма», «Мониторинг-баға», «Пайдаланушы» және т.б. қосымшалар арқылы жариялап отырды. «Нұсқаулар» бөлімінде студенттер дәрілік субстанциялар, таблеткалар, шаншуға арналған ерітінділерге фармакопеялық талдауды орындау үшін нақты нұсқаулар алып отырды. Ал «Тапсырма» бөлімінде видео-роликтер, нормативті құжаттар, ҚР ДСМ бұйрықтары, қондырғылар мен құрал-жабдықтарға арналған СОП, әдістемелік материалдар студенттер үшін қолжетімді болды.

Тәжірибе өтушілер тапсырманы орындауда материалдармен, белгілі бір бөлімге фармакопеялық талдау жүргізу бойынша берілген видео-роликтермен танысады. Тәжірибе жетекшісі кері байланыс және тапсырмалардың орындалу мониторингін жасау мақсатында күнделікті Zoom немесе Webex платформаларында сабақ жүргізіп, онда студенттер нормативті құжат талаптарына сай дәрілік препараттар сапасын бақылаудағы фармацевт-аналитиктің жұмысын видео-роликтер негізінде сипаттап, сонымен бірге, СОП-ға сәйкес қондырғылар және құрал-жабдықтармен жұмыс жасау тәртібін баяндап отырды.

1539 3

Студенттер теориялық талқылау мен дәрілік препараттар талдауын виртуальды орындап болған соң, күнделіктерін электронды түрде толтырып, күн сайын Google Classroom платформасына оқытушыға тексеруге жіберіп отырды. Тәжірибе жетекшісінің «Комментарий» қосымшасына электронды түрде өзінің ескертулерін, толықтырылуларын, нұсқауларын жазуға мүмкіндіктері болды.

1539 4

Қорыта айтқанда, Google Classroom әр тәжірибешіге нұсқаулар, тапсырмалар, күнделік, күнтізбе, тапсырманың орындалу мерзімі, комментарий, тәжірибе жетекшісінің ескертулері, қатемен жұмыс сияқты бөлімдерден тұратын жеке портфолио қалыптастырды.

1539 5

Өндірістік тәжірибе дифференцирленген сынақпен аякталды. Сынақ комиссия мүшелері қатысуымен Zoom және Webex платформаларында қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып, жүргізілді.

1539 6

Тәжірибе аяқталған соң студенттермен қорытынды конференция және электронды түрде сауалнама өткізілді. Студенттер ой-пікірлері мен сауалнама мәліметтерінде тәжірибенің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткендігін, қашықтықтан оқыту форматында толық тәжірибелік дағдылар қалыптастыруға мүмкіндік болғанын атап өтті.

1539 7

1539 8

Қорыта айтқанда, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында «Дәрілік заттар сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесін қашықтықтан оқыту форматында ұйымдастырып, өткізуде студенттер әдістемелік, анықтамалық және басқа да материалдармен жабдықталған ақпараттық-әдістемелік жинақтармен толық қамтылды, сонымен бірге, білім алушыларға кеңес берілді.





Материалға баға беріңіз
(2 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар