«Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне көшудегі әдістемелік аспектілер» тақырыбындағы вебинар

4 Маусым 2020, 3:24 pm
114 рет оқылды

29.05.2020 жылы қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне көшудегі әдістемелік аспектілер» тақырыбында вебинар өткізілді.

1536 1

Вебинарды әлеуметтік мәселелер және жастар саясат басқармасының басшысы, қазақ әліпбиіне көшуге қатысты мемлекеттік комиссияның мүшесі Е.Қ. Сәлім ашып берді. Кафедраның аға оқытушылары А.Н. Қасымбекова, А.Т.Абдуллабекова, Д.Ж. Кемелхан, А.С.Бегімбет, Ө.С.Түкібаев өздерінің баяндамаларын тыңдаушылармен бөлісті. Е.Қ. Сәлім латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жетілдірілген нұсқасы бойынша пікірін білдіріп, вебинарға қатысушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап беріп отырды.

1536 2

Жазуды жаңа әліпбиге көшірудің мәдени-әлеуметтік, лингвистикалық, экономикалық, саяси, ақпараттық, педагогикалық аспектілері бар. Қазақ жазуын латын графикасына көшіруі мезгілі жеткен мәселе екенін қазіргі Қазақстан қоғамында болып жатқан талқылаулар көрсетіп отыр.

1536 3

Барлық озық техно¬ло¬гияның тіліне айнал¬ған латын әліп¬биіне көшу — еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құ¬бы¬лыс. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бұл мәселені таяу жылдардағы негізгі міндеттердің бірі деп бекітті. Әлемдік өркениет көшінен қалмай, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуін қаласақ, латын қарпін қолданысқа енгізудің барлық амалдарын жүзеге асыруға тиіспіз.

1536 4

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар