Халықаралық ынтымақтастықтың тағы бір мүмкіндігі

19 Мамыр 2020, 11:55 pm
24 рет оқылды

И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы (Бішкек, ҚырР) базасында жоспарлаған академиялық ұтқырлықтың болмауына байланысты фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, профессор С.К. Ордабаева қашықтықтан оқыту режимінде онлайн-сабақтарын бастады.

1533 1

Онлайн-сабақтардың бағдарламасына 3-4 курс студенттеріне фармацевтикалық химиядан дәрістер, ординаторларға және профессор-оқытушылар құрамына дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауға халықаралық стандарттарын қолдану аясында вебинарлар өткізіліп жатыр.

1533 2

Серіктес ЖОО студенттері ароматты және гетероциклді қосылыстар туындыларының дәрілік препараттарын талдау бойынша дәрістерді, дәрілік заттарды стандарттау сұрақтарын, фармацияда қолданылатын заманауи физика-химиялық әдістер және т.б. ақпараттарды жоғары ынтамен тыңдап, белсенділік танытуда.

1533 3

Профессор-оқытушылар құрамы вебинардың арнайы сұрақтарымен бірге, қашықтықтан оқыту режимінде студенттерге зертханалық сабақтарды, кәсіби тәжірибені, аралық және қорытынды аттестациялауды ұйымдастыру және жүргізу, білім беру үдерісіндегі белсенді оқыту әдістері жайлы сұрақтарға қызығушылық білдірді.

1533 4

Қазіргі таңда кафедралар арасында ынтымақтастықты жалғастыру, қашықтықтан оқыту мүмкіндігі жайлы сұрақтар талқылануда.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар