Қашықтан оқыту барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған іс-шаралар

18 Мамыр 2020, 8:16 pm
36 рет оқылды

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының бастамасымен 2020 жылдың 18 мамыр күні сағат 12.00-де Шымкент қалалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жанимен кездесу ұйымдастырылды. Аталған шара онлайн режимде ZOOM бағдарламасында өткізілді.

1532 1

Академияның өзін-өзі басқару ұйымының студенттері мен топ басшылары, ӘМжЖСБ, медицина колледжінің қызметкерлері қатысты.

1532 2

Іс-шараны ЖСБ меңгерушісі Н.Ахметов жүргізіп, Шымкент қалалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар кеңсенің жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы баяндап берді. ӘМжЖСБ басшысы Е.Сәлім оқу орнымызда сыбайлас жемқорлық мәселелерінің алдын алу бойынша жасалып жатқан жұмыстарды айтып өтіп, студенттерді сыбайлас жемқорлықпен бірлесе күресуге шақырды.

1532 3

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар қазіргі кездегі қашықтан оқыту жүйесі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін айта отырып, «Саналы ұрпақ» (ЖОО) пен «Адал ұрпақ» (балабақша, мектеп) бағыттарындағы жұмыстарына тоқталып өтті.

1532 4

Іс-шара соңы студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріліп қорытындыланды.

1532 5

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар