«Абай - адамзаттың рухани тірегі» тақырыбындағы вебинар

12 Мамыр 2020, 10:34 am
43 рет оқылды

10.05.2020 жылы қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай - адамзаттың рухани тірегі» тақырыбында вебинар өткізілді.

1529 1

Вебинарды әлеуметтік мәселелер және жастар саясат басқармасының басшысы Е.Қ. Сәлім ашып, алғы сөзін айтты. Кафедраның аға оқытушылары Ү.Ш.Ахбанбетова, А.С.Бегімбет және 1 курс студенттері Ж.Қ.Мадениетов, Ж.Б.Эливбаева өздерінің баяндамаларын тыңдармандармен бөлісіп, пікірлер алмасты.

1529 2

Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз десек, Абайдың шығармаларын мұқият оқуымыз керек. Оның қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытқан Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы.

Қазақ елі барда Абай есімі асқақтай береді. Оның асыл сөздерін рухани байлығымыз ретінде жоғары ұстасақ, туған еліміздің әлем алдындағы абыройы арта берері сөзсіз.

1529 3

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар