Фармация факультетінде аралық аттестацияны және кәсіби тәжірибелерді өткізу бойынша білім алушылармен онлайн кездесулер

3 Мамыр 2020, 6:22 pm
100 рет оқылды

Төтенше жағдайларға байланысты фармация факультетінде оқу үдерісі қашықтан білім беру технологиясына көшуіне байланысты осы мерзімге дейін студенттермен онлайн режимінде бірнеше рет веб конференциялар ұйымдастырылды. Кездесулер барысында білім алушыларға оқу үдерісіне қашықтан оқыту технологиясының әдістерін қолдану туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген және туындаған өзекті мәселері көтерілген болатын.

1527 1

2020 жылдың 28-30 сәуір аралығында «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламаларында білім алатын студенттермен онлайн режимінде факультет деканы Дауренбеков Қ.Н. кездесулер ұйымдастырды. Кездесулер барысында декан басшысы екінші академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша аралық аттестацияға дайындығы және оны өткізудің ережелерімен таныстырды.

1527 2

Студенттер тарапынан алдағы осы іс шараға қатысты көкейінде жүрген сұрақтар берілді және тұщымды жауаптарын алды. Соның ішінде студенттер компьютерлік тестілеуді алғашқы рет прокторинг бағдарламасы негізінде тапсыруына байланысты өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, кездесуге шығарушы кафедралардың меңгерушілері фарм.ғ.д., профессор Сагиндыкова Б.А., фарм.ғ.д., профессор Шертаева К.Ж., фарм.ғ.д., профессор Ордабаева С.К., доцент Өмірәлі М.А., доцент Арыстанбаев Е.К. және кафедралардағы тәжірибеге жауапты оқытушылар қатысып, студенттерге кәсіби тәжірибелерді (оқу, өндірістік) қашықтан өткізудің ережесімен таныстырды және қажетті мәліметтермен бөлісті. Студенттер кәсіби тәжірибеге қатысты өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, құзыретті жауаптарын алды.

1527 3

Жалпы студенттердің пікірлері бойынша ұйымдастырылған онлайн конференциялар олар үшін өте пайдалы және дер кезінде болғанын атап өтті.

1527 4

Материалға баға беріңіз
(7 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар